Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

Бөлімдегі мемлекеттік қызмет көрсету түрлері

1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» бойынша 2019 жылы барлығы 318 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2. «Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» бойынша 2019 жылы қызмет алушылардан өтініш түскен жоқ.

3. 2019 жылы «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» бойынша 65 нысанға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

4. «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» және «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтері бойынша 2019 жылға ешқандай өтініш түскен жоқ.

5. 2019 жылы заңды және жеке тұлғалардан 12 арыздар мен өтініштер түсіп, уақытылы жауап берілді.

Жергілікті басылымға бөлімнің қызметіне қатысты мақалалар үнемі жарияланып тұрады.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі жерге орнатылған.

Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге арнайы стендтер жасақталып, ХҚКО және ғимарат дәліздеріне ілінді. Ғимаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін жадынамалар мен сенім телефондары ілінді.

Баннер, бильбордтар орнатылды. Есептік кезеңде Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

«Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Н.Меңдіғалиев көшесі №30/8, тел: 8 (71234) 2-17-68;


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 18:39

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 18:39

Қаралым саны: 264