Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміндегі мемлекеттік қызмет көрсету түрлері

1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» бойынша 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында барлығы 83 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2. «Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» бойынша 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

3. 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» бойынша 84 нысанға қызмет көрсетілді.

4. «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» және «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтері бойынша 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында ешқандай өтініш түскен жоқ.

5. 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында заңды және жеке тұлғалардан 38 арыздар мен өтініштер түсіп, уақытылы жауап берілді.

Жергілікті басылымға бөлімнің қызметіне қатысты мақалалар үнемі жарияланып тұрады.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі жерге орнатылған.

Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге арнайы стендтер жасақталып, көрнекті жерге ілінді. Ғимаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Сіз жемқорлықты тоқтата аласыз!», «Параға емес, биікке ұмтыл» атты жадынамалар ілінді.

Баннер, бильбордтар орнатылды. Есептік кезеңде Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

«Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Н.Меңдіғалиев көшесі №30/8, тел: 8 (71234) 2-17-68;


Мақаланың шыққан күні: 04.02.2019 16:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.02.2019 16:59

Қаралым саны: 818