Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2018

Қызметтер

Мақат ауданы, Бəйге-төбе мектеп-балабақша кешенінде "Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Латын әліпбиі: Жаңғыру – жазудан басталады» тақырыбында облыстық филологтар съезі болып өтті.

Мақат ауданы, Бəйге-төбе мектеп-балабақша кешенінде Мақат ауданы, Бəйге-төбе мектеп-балабақша кешенінде "Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Латын әліпбиі: Жаңғыру – жазудан басталады» тақырыбында облыстық филологтар съезі болып өтті. Съезд жұмысының мақсаты - латын әліпбиіне көшу – еліміздің рухани өміріндегі елеулі қадам екенін халық арасына насихаттау. Съезге Аудан әкімінің орынбасары Гумаров Жандарбек Мерекеұлы, Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің менеджері Есениязова Мейрамгүл Тарғынқызы, Облыстық Әдістемелік орталық директорының орынбасары Сүйіншәлиева Гүлнар Махмудқызы, Мақат аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Қамидуллина Салтанат Жұлдызбайқызы, аудандық білім беру бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Таганиязова Болған Есенқызы, облыстық, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскерлері, мектеп басшылары, филологтар, ата-аналар және бұқаралық ақпарат құралдары қатынасты. Съезге қатысушылар ең алдымен Бәйге-төбе мектеп-балабақша кешенінің кітап көрмесі, қолөнер көрмесімен танысты. Ұйымдастырушылар - Мақат ауданы әкімдігі, Облыстық білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы және Мақат аудандық білім беру бөлімі. Съезд модераторы – аудан әкімінің орынбасары Гумаров Жандарбек Мерекеұлы облыстық филологтар съезін ашып, алғы сөзді Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің менеджері Мейрамгүл Тарғынқызы алды. «Рухани жаңғыру» жобасы аясында облыс көлемінде атқарылған шаралармен таныстырып, облыстық филологтар съезіне сәттілік тіледі. Махамбет ауданы, Ақтоғай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұхтарова Гаухар Қуандыққызы «Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам» тақырыбындағы баяндамасын көпшілік назарына ұсынды. Жылой ауданы, Құлсары қаласы, №9 жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Болатова айнұр Асхатқызы «Латын әліпбиіне көшу және оған дұрыс көшу» тақырыбындағы баяндама жасады. Баяндама жұмыстарынан соң жарыссөзге кезек берілді. Мақат ауданы, М.Баймуханов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сатимова Марияш Балтабайқызы «Ел тарихы – тіл тарихымен егіз» тақырыбында, Л.Шахатов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұратова Айдана Қуанышқызы «Латын қарпі – қазақтың төл жазба мұрасы», Б.Қанатбаев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әміров Ислам Серікұлы «Жастар қолдауы – Латын қарпі» тақырыбында ой бөлісті. Съезд соңында Облыстық Әдістемелік Орталық директорының орынбасары Гүлнар Махмудқызы сөз алды. Съезд жұмысы қорытындыланып, жалпы білім беретін мектептерге Латын әліпбиіне көшу жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары жасақталып, жүйелі жұмыс жүргізілу тапсырылды. Съезд соңы Бәйге-төбе мектеп-балабақша кешенінің өнерлі оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты.

Мақат ауданы, Бəйге-төбе мектеп-балабақша кешенінде Мақат ауданы, Бəйге-төбе мектеп-балабақша кешенінде Мақат ауданы, Бəйге-төбе мектеп-балабақша кешенінде Мақат ауданы, Бəйге-төбе мектеп-балабақша кешенінде

Мақаланың шыққан күні:: 10.11.2017 01:08
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.11.2017 01:08