Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында

В рамках борьбы с коррупцией2020 жылғы 13 қаңтар күні Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы базасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінен Атырау облыстық Білім беру басқармасына қарасты мекемелердің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен тіркелген 192300131000116 санды қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсынысы бойынша жиналыс өтті.

Жиналысты кіріспе сөзбен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының орынбасары Б.Ұзынжас ашып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте облыс бойынша орын алған қылмыстық құқық бұзушылылықтар және де заң бұзушылықтардың себеп-салдарын анықтау бағытындағы жұмыстарға қысқаша шолу жасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті Тергеу басқармасының АМІЖ тергеушісі М.Сипуллаев Атырау облыстық Білім беру басқармасына қарасты мекемелердің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен тіркелген 192300131000116 санды қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсынысымен таныстырды.

Бауыржан Даулетиярұлы қылмыстық құқық бұзушылылықтар және де заң бұзушылықтарды болдырмау үшін білім беру ұйымы басшысының міндеттерін атқаруда аса жауапкершілікпен қарау екендігіне назар аударды.

Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ж.Туремуратова жиналысты қорытындылап, қаралған мәселе бойынша Ұсынысқа сәйкес шаралар қабылданатындығын айтты.

Аталған іс-шараға «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсе өкілдері, облыстық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

В рамках борьбы с коррупцией В рамках борьбы с коррупцией В рамках борьбы с коррупцией

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 11:18

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 11:18

Қаралым саны: 393