Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

«Дарынды ұрпақ – ұлт болашағы» атты жалпы орта білім беретін мектептердің дарынды оқушыларының ІV облыстық форумы өтті

«Дарынды ұрпақ – ұлт болашағы» атты жалпы орта білім беретін мектептердің дарынды оқушыларының ІV облыстық форумы өтті14 маусым күні Атырау қаласындағы «Салтанат сарайында» облыс әкімі Н.Ноғаевтың қатысуымен «Дарынды ұрпақ – ұлт болашағы» атты жалпы орта білім беретін мектептердің дарынды оқушыларының ІV облыстық форумы өтті.

Аймақ басшысы «Алтын белгі» иегерлеріне – Алтын белгілері мен орта білім беру туралы аттестаты табысталды. «Үздік аттестат» иегерлеріне құжаттары тапсырылды.

Сонымен қатар Халықаралық, республикалық олимпиадалар, ғылыми жобалар сайыстарының, әр түрлі білім, өнер додаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне облыс әкімі атынан сыйлықтар табыс етілді.

Форумға облыс әкімінің аппараты, қала әкімі, «НұрОтан» Партиясы облыстық филиалының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, білім беру саласының ардагерлері, қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, облыстық мектеп директорлары, мектеп бітірушілер, оқушылар, ата-аналар қатысты.

Мерекелік шара Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы тәрбиеленушілерінің, биылғы «Айгөлек» балалар шығармашылығының облыстық фестивалінің жүлдегерлері - Исатай ауданы «Қарлығаш» және «Нұршуақ» балабақшаларының бишілер тобының шағын концерттік бағдарламасымен жалғасты.

«Дарынды ұрпақ – ұлт болашағы» атты жалпы орта білім беретін мектептердің дарынды оқушыларының ІV облыстық форумы өтті «Дарынды ұрпақ – ұлт болашағы» атты жалпы орта білім беретін мектептердің дарынды оқушыларының ІV облыстық форумы өтті «Дарынды ұрпақ – ұлт болашағы» атты жалпы орта білім беретін мектептердің дарынды оқушыларының ІV облыстық форумы өтті «Дарынды ұрпақ – ұлт болашағы» атты жалпы орта білім беретін мектептердің дарынды оқушыларының ІV облыстық форумы өтті

Мақаланың шыққан күні:: 21.09.2017 02:27
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.09.2017 12:04