Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы химия саласы бойынша ақпарат

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 5,5 млрд.теңгені, нақты көлем индексі 151,1% құрады.

Оның ішінде:

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру көлемі 3,9 млрд. теңге, нақты көлем индексі 204,6%

Пластмассалардан жасалған есіктер, терезелер, есік қораптары және терезе рамалары, есік босағалары, терезе қақпақтары, жалюзилер және ұқсас бұйымдар мен олардың бөліктерінің көлемі – 283,3тонна, НКИ-133,1%

Облыста осы салада 27 кәсіпорын қызмет атқарады. Оның 1-і орта және 26-сы шағын.

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 3 кәсіпорын іске қосылған:

- «Рауан Налко» ЖШС,

- «КасХим» ЖШС,

- «Полимер Продакшн» ЖШС.

Бүгінгі күнгі «Рауан Налко» ЖШС - мұнай өндіруші: «Тургай Петролеум», «ПетроКазахстан Құмкол Ресорсиз», «БК «Казгермунай», «CNPC-Ақтөбемұнайгаз», «Қазақойл Ақтобе», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражамбасмұнай», «Өзенмұнайгаз», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.», Компания «Бузачи Оперейтинг Лтд» кәсіпорындарын химиялық реагенттермен және «КасХим», «Полимер Продакшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері отандық цемент, құрғақ құрылыс қоспасы өндірушілерін қамтамасыз етуде.


Мақаланың шыққан күні: 03.11.2017 07:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.07.2018 16:05

Қаралым саны: 1413