Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.06.2017

Қызметтер

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Құрманғазы ауданы бойынша іс-шара жоспарының Орлы округі бойынша орындалысы жөніндегі хабарлама

ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шар жоспарына сәйкес Орлы округі бойынша тиісті іс-шара жоспары жасақталып басшылыққа алынды. Округ бойынша сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу шаралары жоспарлы жүзеге асырылып, нақты жұмыстар жүзеге асуда.
Округ әкімі аппараты мен округ аймағындағы бюджеттік мекемелер қызметкерлері арасында құқық бұзылушылық пен сыбайлас жемқолыққа қарсы күрес туралы түсінік жұмыстары және олардың заң талаптарының қатаң орындалуын, сондай-ақ ҚР «Ар намыс» Кодексінің қатаң сақталуын қамтамасыз етулерін, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың фактілерінің жасырғандығы және жалған ақпарат бергендігі үшін жауапты болатындықтары жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу басты назарда ұстауда. Округ аппаратының мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалардың және олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері жөніндегі жылдық декларациялары уақтылы тапсырылды. Заң талаптары мен іс-шара жоспарының орындалуын қадағалау мақсатында округте құрамында 5 адамы бар коммисия жұмыс жасауда. Сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлау мақсатында округте сенім телефоны жұмыс жасайды. Сенім жәшігі округ әкімдігі ғимаратында орналасқан, апта сайын коммисия мүшелерімен тексеріліп отырады. Түскен материалдар болған жағдайда журналға тіркеліп, басшылықтың қарауына жіберіледі. Күні бүгін түскен арыз-шағымдар жоқ. Азаматтардан және жеке тұлғалардан түскен өтініштер уақытында қаралып жауап беріліп отыр.
Округ бойынша 2015 жылы азаматтардан және заңды тұлғалардан 29 өтініш түсті. Оның барлығы жеке тұлғалардан түскен. Заңды тұлғалардан- жоқ. Одан қаралғаны 29, 19-і қанағаттандырылды, 1-і қаралуда, 9-ы қанағаттандырылмады. Қаралу мерзімі асқан өтініштер жоқ. Барлық өтініштерден жер пайдалану мәселесімен 23 өтініш, 2-і біржолғы көмек, 2-і жұмысқа орналастыру, 2-і басқа мәселелер бойынша. Округте жер учаскесіне кезекте тұрған азаматтар жоқ. 2015 жылы ХҚКО-ғы арқылы жер мәселесімен 47 өтініш түсті, барлығы да уақтылы аудандық бөлімдерге жіберіліп заңдылыққа сай мерзімінде қаралды. Заңды және жеке тұлғалардың жалға алған жер учаскелеріне округ мамандары үнемі мониторинг жүргізіп, жерлерді мерзімінде игермеген тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстарды уақтылы аудандық жер қатынастары бөліміне жолдап отырады. Жерге қатысты, жер кодексіне, сәулет заңнамаларына жаңадан қабылданған, өзгертілген және толықтырылған нормативтік құқықтық актілер округ мамандары өтініш берушілерге уақтылы түсіндірілуде. Тұрғын үй құрылысына жер беру мәселесі жергілікті «Нұр Отан» БПҰ мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатынасумен, жариялы түрде жүргіліп, тұрақты қоғамдық бақылау ұйымдастырылып отыр. Жерге қатысты мәселерде ашықтықты қамтамасыз ету үнемі назарда болып қатаң бақылауда болады.
Мемлекеттік сатып алу заң талаптарын қатаң сақтап өткізіліп отыр. 2015 жылы округ аппараты бойынша баға сұранысымен-3 конкурс 2606918 тенгеге, бір көзден сатып алу бойынша-10 конкурс 1109433 тенгеге, заңдылық нормаларын қолданбай- 6 конкурс 385000 тенгеге, барлығы -19 конкурс 4101351 тенгеге өткізіліп бөлінген қаржы мердігерлермен сатып алу келісім шартарға сәйкес толықтай мерзімінде игерілді. Сатып алу келісім шарттарын орындамаған мердігерлер жоқ. 2015 жылдың жұмыс қортындысында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.
Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың ұғымын, сыбайлас көріністері фактілірімен тап келген кезде азаматтардың іс-әрекет тәртібін, сонымен қатар мұндай фактілерге дем бергені үшін жауапкершілігін түсіндіретін жадынама компьютірге басылып халыққа, мекемелерге таратылып, көрнекі жерге ілінді. Округтегі әрбір ұжымда бұл жұмыстар тұрақты насихатталып отыр, жалпы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, іс-қимылдар күннен-күнге қалыптасып келеді. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді мәдениетті толықтай қалыптастыруға насихаттау материалдарының жоқтығы қол байлау болып отырғанын айтқымыз келеді. Атап айтқанда брошюлардың, буклеттердің, банерлердің, билбортардың басқада насихаттау материалдарының қаржы болмау себепті бір орталықтан жасалмауы. Осы мәселелер алдағы уақытта ескерілсе екен деп ұсыныс етеміз.
Мемлекттік қызметкерлер арасында құқықтық оқыту жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі «Қазақстан Республикасының 2015-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған аудан бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №354 қаулысына сәйкес жекелеген тармақтары бойынша нақты істеген шараларды аудан әкімдігінің веб-порталына қаңтар айында орналастыруға жұмыстанудамыз.
Алдағы уақытта да округ бойынша сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алуда барлық күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз.


Мақаланың шыққан күні:: 27.06.2016 15:08
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.06.2016 15:08