Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.07.2020

Қызметтер

2019 жылдың 29 сәуірінде Атырау облысында Қазақстан-Ұлыбритания арасындағы Мұнай және Газ ынтымақтастық форумы өз жумысын бастады

29 апреля 2019 года в Атырауской области начал свою работу казахстанско-британский форум по нефти и газу2019 жылдың 29 сәуірінде Атырау облысында Қазақстан-Ұлыбритания арасындағы Мұнай және Газ ынтымақтастық форумы Оз жумысын бастады. Форумға, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов, Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілі Баронесса Николсон және ірі мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысуда. Жалпы, Атырау облысы мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты іскерлік байланыстың орнағанына 15 жылдан асты. Сол уақыт аралығында бірқатар біріккен компаниялар құрылып, жұмыс жасап келеді. Форумда сөз сөйлеген Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов, 2015 жылы Мемлекет басшысының Ұлыбританияға сапары кезінде жасалған меморандум негізінде құрылған жұмыс тобына мұнай компаниялармен қатар, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің өкілдерін қосуға ұсыныс білдірді. Өйткені, инвесторға қажет инфракұрылым, жер телімін бөлу секілді мәселелер жергілікті атқарушы органдардың құзіретинде. Серік Жамбылұлы өз сөзінде қаржы құюға ынталы инвесторларға мұнайлы өңірде барлық жағдай жасалғанын да тілге тиек етті.

29 апреля 2019 года в Атырауской области начал свою работу казахстанско-британский форум по нефти и газу


Мақаланың шыққан күні: 25.10.2019 10:27

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.10.2019 10:27

Қаралым саны: 525