Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

«Парасыз болашаққа. Бірге!»

«Парасыз болашаққа. Бірге!»Ағымдағы жылдың 06 ақпанында «Парасыз болашаққа. Бірге!» жобасы аясында Жылыой ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы Қара-Арна ауылдық округіндегі «Балдәурен» ясли бақшасы коммуналдық мемлекеттік қызыналық кәсіпорнының ұжымымен кездесу өткізді.

Аталған іс шараға мобильді топ мүшесі, мәдениет қызметкері, жеке кәсіпкер Г.Каналиева мен «Балдәурен» ясли бақшасы коммуналдық мемлекеттік қызыналық кәсіпорнының ұжымы қатысты.

Кездесудің мақсаты – «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының бағыттары талқылау және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңының негізгі қағидаттарын түсіндіру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ қызметінің мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру және құқықбұзушылықтардың барлық нысандарына "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар мобильді топпен сапарларда өтініштерді және азаматтар қабылдауын іске асырудың мүмкіндіктері де баршылық.

Осындай семинарлардың мекемелердің еңбек ұжымдары және бизнес-қауымдастық өкілдеріне өткізілуі жалғастырылатын болады.

«В будущее без взяток. Вместе!»


Мақаланың шыққан күні: 12.02.2018 07:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.02.2018 07:59

Қаралым саны: 1547