Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Атырау облысында Техникалық реттеу сұрақтары бойынша өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті

В Атырауской области состоялось очередное заседание  Регионального штаба по вопросам технического регулирования2018 жылдың 27 маусым күні Атырау облысы әкімдігінде Техникалық реттеу жөніндегі өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті.

Бұл шараға өңірлік штаб мүшелері, Атырау облысының мүделлі мемлекеттік мекемелерінің басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

Өңірлік штаб отырысында «Жоғары кернеулі жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» ЕЭО техникалық регламент жобасы мен «ЕЭО химиялық заттар мен қоспалардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі мен жаңа химиялық заттардың нотификациялау тәртібі туралы», сондай-ақ «Аттракциондар қауіпсіздігі туралы» ЕЭО техникалық регламенттері қаралды.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму минстрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, өңірлік штаб төрағасының орынбасары - Салтанат Камешева «Жоғары кернеулі жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» ЕЭО техникалық регламент жобасының негізгі талаптарына толығырақ тоқталып, 2018 жылы 9 шілдесінде талқылаудың аяқталу мерзімін атап өтті.

Сондай-ақ Салтанат Камешева аттракционның өмірлік циклінің барлық сатылары үшін құрылымдық, қолданылу және де өзге де қауіпсіздік талаптарын біріктіре отырып, «Аттракциондар қауіпсіздігі туралы» ЕЭО техникалық регламентінің негізгі талаптарын түсіндірді. Техникалық регламент талаптары осы техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін жұмыс істей бастаған аттракциондарға қолданылмайды.

Барлық ықтимал қауіпті жерлерде аттракциондар қоршаулармен қоршалған болуы керек. Оның дизайны балаларға тұруға немесе оның үстіне отыруға мүмкіндігі болмауы қажет. Егер де, жабдықтар зақымдалған болса, жабдықтың жұмысын дереу тоқтату керек.

«Аттракциондар қауіпсіздігі туралы» ЕЭО техникалық регламенті аттракцион иесінің күнделікті аттракциондардың техникалық жағдайын тексеру, жұмыс журналында көрсету, тек қана майлап, түзеп қою ғана емес, бұған қоса арнайы дефектоскопиялық зерттеулерді жүргізу, сонымен қатар ұдайы алдын-алу шараларын жүргізуді қамтиды.

Нарыққа қатысушылардың жаңа талаптарды қанағаттандыратын аттракциондарды дайындау бойынша ЕЭО комиссиясы 2019 жылдың 18 қазанына дейін өтпелі кезеңді қалыптастырды.

Содан кейін «ЕЭО химиялық заттар мен қоспалардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі мен жаңа химиялық заттардың нотификациялау тәртібі туралы» «ҚазСтИн» РМК Атырау филиалының директоры Надежда Дю баяндады.

Өңірлік штабтың отырысында нормативтік құқықтық актілердің жобалары мүдделі тұлғаларға жіберілгені және қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша жобаларға ескертулер мен ұсынымдардың болмағандығы аталып өтті.

Отырыстың соңында Салтанат Камешева өңірлік штабқа қатысушыларға Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми интернет-ресурсында орналасқан

ЕЭО техникалық регламенттерінің жобаларын талқылауға белсенді қатысуға кеңес берді.

В Атырауской области состоялось очередное заседание  Регионального штаба по вопросам технического регулирования

Мақаланың шыққан күні: 02.07.2018 09:33

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 08:16

Қаралым саны: 1064