Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

Атырау облысында техникалық реттеу және метрология сұрақтары бойынша өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті

В Атырауской области состоялось очередное заседание Регионального штаба по вопросам технического регулирования и метрологии14.06.2018 жылы Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі өңірлік штабтың төрағасы Сағындық Лұқпановтың төрағалығымен өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті. Осы іс шараға өңірлік штаб мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, құрылыс компаниялардың өкілдері және полиэтилен құбырларын шығаратын Атырау «Шеврон Мунайгаз Инк» зауыты өкілдері қатысты.

Өңірлік штабта Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салтанат Камешевамен ГОСТ 18599-2001 «Полиэтиленнен жасалған қысым құбырлары.Техникалық шарттар» және ҚР СТ ГОСТ Р 50838-2011 «Газ құбырларына арналған полиэтилен құбырлары. Техникалық шарттар» стандарттарының талаптарына сәйкес құбыр өнімдерін өткізу кезінде туындайтын мәселелерді шешу мақсатында 16.05.2018 жылғы «ШевронМунайГазИнк» компаниясының Атырау полиэтилен құбырлар зауытының мәселелері бойынша кездесу қорытындысы тыңдалды.

Салтанат Камешова полиэтилен құбырларын өндіру ГОСТ 18599-2001 және ҚР СТ ГОСТ Р 50838-2011 стандарт талаптарына сай болуы қажеттігін және құбырларды қабылдау кезінде қабылдау ережесін сақтау керектігін, яғни ілеспе құжаттарда өнімнің сапасы туралы ақпарат көрсетілуі тиіс, шикізат маркасы, шикізатты сынау нәтижелері немесе құбырлардың сапасын стандарт талаптарына сәйкестігін растау, құбырлардың шартты белгілері және т.б. қажеттігін атап айтты. Полиэтиленді құбырларды өндіру кезінде сапасыз шикізатты қолдану стандарт талаптарын сақтамауына алып келеді.

Күн тәртібі бойынша «ШевронМунайГазИнк» компаниясының Атырау полиэтилен құбырлар зауытының өкілі Евгений Легин құбырлық өнімге мемлекеттік сатып алуды жүргізу бойынша ұсыныс беріп, қысымды құбырларға арналған қазіргі заманғы полиэтилен маркаларын және құбырларды өндіру кезінде өзіндік құнының құрылымын слайд жүзінде көрсетті.

Евгений Легин сапасыз құбырларды сатып алудың алдын алу мақсатында аккредиттеу орталықтарында сынау жүргізу арқылы өнімнің сапасына бақылау жүргізу қажеттігі туралы мүдделі мемлекеттік орган өкілдеріне ұсынысын білдірді.

Аталған мәселе бойынша Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Мерей Жантуреев пен Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Алмагүл Бимағанбетовамен толық жауаптар берілді.

Қорытындылай келе, өңірлік штабтың төрағасы Сағындық Лұқпанов барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директорына облыс кәсіпкерлеріне мемлекеттік сатып алу сұрақтары бойынша көмек көрсетуін ұсынды.

 

В Атырауской области состоялось очередное заседание Регионального штаба по вопросам технического регулирования и метрологии

Мақаланың шыққан күні: 19.06.2018 03:03

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 09:44

Қаралым саны: 1209