Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
17.08.2017

Қызметтер

Атырау облысында ірі Инвестициялық Форумы өткізіледі

30 қыркүйекте Атырау қаласында өңірлік инвестициялық форум шеңберінде Атырау облысы әкімдігінің «Біріккен химиялық компания» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастыруымен бірінші салалық AtyrauInvest - Petro|ChemicalDay 2016 іс-шарасы өтеді.

Шара бағдарламасында әлемдік трендтер мен Қазақстан Республикасы мұнай-химия саласының даму әлеуеті жөнінде сарапшылар сөз етеді, нарықтың ағымдағы ахуалы талқыланады, жобаларды мемлекеттік қолдаудың және қаржыландырудың қолданыстағы шаралары туралы баяндамалар жасалады.

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының жер аумағындағы одан арғы бөлісулер өндірісін ұйымдастыру үшін инвесторлар мен кәсіпкерлер тарту мақсатында Біріккен химиялық компанияның жұмысы, ШОБ үшін мүмкіндіктер мен артықшылықтар туралы презентациякөрсетіледі.

Шағын және орта бизнес субъектілері үшін «БХК» ЖШС «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын» ұйымдастырады.Онда БХК, KAZNEX INVEST, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры», Мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы, Қазақстандық индустрияны дамыту институты және т.б. өкілдері барлық кәсіпкерлерге арнайы кеңестер беретін болады.

AtyrauPetro|Chemical Day Invest 2016 спикерлері:

- Ноғаев Нұрлан, Атырау облысының әкімі;

- Дүйсембаев Гумар, Атырау облысының әкімінің орынбасары;

- Раушан Сәрсембаева, Қазақстанның іскер әйелдері ассоциациясының президенті;

- Хаиров Ерлан, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі;

- Өсербай Жеңіс, «Біріккен химиялық компания» ЖШС Басқармасының төрағасы;

AtyrauPetro|ChemicalDayInvest 2016 шеңберінде БАҚ-қа арналған «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА жер аумағында жобаларды іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Өткізілетін күні: 2016 ж. 30 қыркүйек, басталуы 09-30 сағат.

Орны: Атырау қ., Әйтекеби көшесі, 77, «Атырау» мәдениет орталығы.

Қатысушылар іс-шараның WWW.UCCFORUM.KZ ресми сайтында 29.09.2016ж. дейін тіркеледі.

 

Анықтама үшін:

«Біріккен химиялық компания» ЖШС 2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің тапсырмасы бойынша «СамрұқҚазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының құрамында құрылған.

«Біріккен химиялық компания» ЖШС–инвестицияларды тарту және шағын және орта бизнесті қолдау арқылы еліміздің мұнай-химия және химия секторын диверсификациялауды, модернизациялауды, тұрақты дамытуды қамтамасыз етуге арналған Қазақстанның мұнай-химия саласын дамыту операторы.

 

БАҚ аккредитациясы -шараның WWW.ATYRAUINVEST.KZ , WWW.UCCFORUM.KZ ресми сайтында 2016 жылғы 29 қыркүйек, сағат 17-00 дейін.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға немесе электрондық поштағахабарласыңыздар: +7 7172 769856, +7 701 5263050, e-mail: media@askredpoint.com


Мақаланың шыққан күні:: 28.09.2016 19:18
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.09.2016 19:18