Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.06.2020

Қызметтер

Атырауда өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өтті

Атырауда өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өтті25.07.2018 ж. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті мемлекеттік реттеу саласындағы өлшемдер тізбесін қалыптастыру шеңберінде «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Атырау филиалы аккредиттеу субъектісімен кездесу өткізді.

Департамент басшысы Салтанат Камешева «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасына мемлекеттік реттеудің жаңа үлгісін енгізеді деп хабарлады. Осыған байланысты, Атырау облысының мемлекеттік мекемелерімен өз саласында мемлекеттік органдарымен бекітілетін Өлшем тізімдерін қалыптастыру бойынша жұмыстар басталды. Осы тізімдерде көрсетілген өлшемдерге қолданылатын өлшеу құралдары салыстырып тексеруден өтеді, ал қалғандары калибрленеді.

Атырау облысының аумағында «ҚазМетрИн» РМК филиалы жоқ.

Алайда, Департамент «ҚазМетрИн» РМК өкілдерінің қатысуымен кездесуді бастауға дайын.

Өлшемдер тізімінің жобаларын уақтылы және дұрыс қалыптастыру мақсатында мемлекеттік мекемелер осы мәселелерді метрология саласындағы мамандармен, соның ішінде «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Атырау филиалының метрологтарымен аталған мәселелерді бірге әзірлеуге көмектесуін сұрады.

Кездесу соңында «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Атырау филиалының директоры Нұрлан Орынбаев, оларға жүгінетін мемлекеттік мекемелер үшін өлшеу тізімдерін қалыптастыруға көмектесуге дайын екенін айтты.

Атырауда өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өтті

Мақаланың шыққан күні: 25.07.2018 08:48

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 08:02

Қаралым саны: 1143