Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

Атырау қаласында мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқыту семинары өтуде

Атырау қаласында мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқыту семинары өтудеАтырау қаласында 2018 жылдың 24-26 қазан аралығында ISO 9001:2015, ISO 14001:2015 және ISO 45001:2018 талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесінің ішкі аудит бойынша мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқыту семинары өтуде.

Оқыту семинарын Атырау облысы кәсіпорындарының өтінімі бойынша «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК ұйымдастырды. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салтанат Камешева оқыту семинарын ашып, облыс кәсіпорындарында менеджменттің интеграцияланған жүйесін енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Дәрісте сапа менеджментінің 7 принциптері, ISO 9001:2015, ISO 14001:2015 стандартының құрылымы мен талаптары, сондай – ақ ISO 45001:2018 «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа қойылатын талаптар» қарастырылады.

 

Атырау қаласында мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқыту семинары өтуде

Мақаланың шыққан күні: 25.10.2018 05:49

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.12.2018 18:12

Қаралым саны: 914