Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.09.2017

Қызметтер

Теңіз ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға байланысты өткен шарадан хабарлама

13 ақпан күні округте “Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік бәле!” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған мекеме басшылары, мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Дөңгелек үстел өткізу барысында округ әкімі Қ.Ихсанов қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның тәртібін сақтау туралы сонымен бірге мекеме басшылары, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жағдайларына жол бермеу жөнінде сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелдің мақсаты аудан аумағында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының әлі де болса толастамай жатуының себебін анықтау және оның жолын кесу.

Азаматтық қоғамның белсенді мүшелері дөңгелек үстөл тақырыбы мен мақсатының тереңдігін және маңыздылығын атап өтіп, мұндай келеңсіздікке жалпы қоғам болып жол бермеу, індеттің жолын кесу әрбір азаматтың парызы екендігін баса айтты.

Дөңгелек үстел соңында іс шараға қатысушылар өз тараптарынан мұндай келеңсіздіктерге көз жұма қарамайтындығын жеткізді.


Мақаланың шыққан күні:: 16.02.2017 13:29
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.02.2017 13:29