Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.09.2017

Қызметтер

Урымбасаров Кусаин Мауисович

Урымбасаров Кусаин Мауисович

  1. Урымбасаров Кусаин Мауисович – әулеттің үлкені, МӨАКӨ бастығының алғашқы процестер бойынша орынбасары, жалпы еңбек өтілі 37 жыл;

 

  1. Урымбасаров Серик Мауисович - технологиялық үрлегіштердің машинисі, жалпы еңбек өтілі - 35 жыл;

 

  1. Урымбасаров Бериккалий Мауисович -технологиялық қондырғысының операторы, жалпы еңбек өтілі - 31 жыл;

 

  1. Урымбасаров Тлек Кусаинович -технологиялық қондырғысының операторы, жалпы еңбек өтілі -10 жыл;

 

  1. Урымбасаров Нурболат Кусаинович- технологиялық қондырғысының операторы, жалпы еңбек өтілі - 9 жыл;

 

  1. Урымбасаров Нуржан Серикович- эстакада операторы, жалпы еңбек өтілі -7 жыл.

Кәсіпорын: Атырау облысы, «Атырау мұнай өңдеу зауыты»

Номинациясы: Үздік еңбек әулеті

Жалпы отбасы мүшелері мен олардың туыстарының саны: 6 адам..

Әулет өкілдерінің жалпы еңбек өтілі: 129 жыл

Қысқаша сипаттамасы: Урымбасаров Кусаин Мауисович, 1959 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-химик-технолог. 1981 жылы Гурьев мұнай өңдеу зауытына № 1 цехтың АТ операторы болып жұмысқа орналасқан. Жұмыс барысында өзін тәртіпті, тәжірибелі қызметкер ретінде көрсете білді. Еңбек жолыда технологиялық қондырғылар операторынан №8 цех бастығына дейін көтерілді.

1995 жылы Урымбасаров К.М. №1 цехтың ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысының басшысы болып тағайындалды.

36 жылда зауыт өтілінде Кусаин Мауисович өзін білікті басшы, ұжымды бірлестіре білетін, еңбек тәртібін қалыптастыра алатын, өзіне сеніп тапсырылған жұмыс учаскесін үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ететін маман ретінде көрсетті.

Еңбекқорлығы арқасында, алдына қойылған міндеттерді адал орындауы арқылы, оның мансаптық өсуі табысты қалыптасты.

2001 жылы №1 цехтың басшысының орынбасары болып тағайындалды;

2003 жылы №8 цехтың басшысы;

2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап МӨАКӨ бастығының алғашқы процестер бойынша орынбасары.

Урымбасаров Кусаин Мауисович АМӨЗ-да лайықты беделге иа, зауыт аралық проблемалы мәселелерді шешуде белсенді қатысады. Зауыт басшылығы оның кәсібилігін, алға қойған күрделі міндеттерді орындай білетінін, нақты жағдайды талдауға және бірден-бір дұрыс шешім қабылдайтын қабілеттілігін жоғары бағалайды. Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.

Урымбасаров Кусайын Мауисовичтің кандидатурасы талқыланған және "Үздік еңбек әулеті" номинациясы бойынша "Трудовой путь" конкурсына қатысу үшін ұсынылған.

Байланыс деректері: Атырау қаласы, З.Кабдолов көшесі, 1, тел. 8-7122-259-359

 


Мақаланың шыққан күні:: 04.08.2017 09:08
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 04.08.2017 09:08