Array Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.06.2017

Қызметтер

Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

 

 

 

 

«Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №5
«Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мәселелері туралы» қаулысы негізінде облыстық бюджеттен «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылды (бұрыңғы атауы – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы).
«Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Атырау облысының аумағында жердің пайдаланылуы мен қорғалуына бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың ведомстволары жоқ.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 060005, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 96 «Б».
Басқарма:
1) жердің пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау бөлімінен;
2) құқықтық қамтамасыз ету бөлімінен;
3) ұйымдастыру - қаржы бөлімінен тұрады.
Басқарманың миссиясы: Атырау облысының аумағында қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесiн қамтиды.
Басқарма функциялары:
1) мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауы;
2) жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеу;
3) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуы;
4) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуi;
5) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруi;
6) жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуы;
7) жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуы;
8) азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуы;
9) межелiк белгiлердiң сақталуы;
10) жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуы;
11) бүлiнген жердiң қалпына келтірілуі;
12) жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуы, сақталуы және пайдаланылуы;
13) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi.

 


Мақаланың шыққан күні:: 27.01.2016 11:22
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.07.2016 12:19