Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.07.2017

Қызметтер

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Атырау облысында мұрағат жүйесі 1928 жылы Батыс Қазақстан облысы құрамында Гурьев округінің құрылуынан басталып, мекемелердің құжаттық материалдарын жинақтап және олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған, облыстық білім беру бөлімі жанындағы мұрағаттық бюродан бастау алады.

1938 жылы Гурьев облысы құрылуына байланысты округтік мұрағат бөлімшесі облыстық мұрағаттар басқармасы болып өзгерген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 29 қазан 1996 жылғы №3168 «Орталық органдардың құрылымдарын жетілдіру және мемлекеттік органдардың санын қысқарту туралы» Жарлығын және Облыс әкімінің шешімін жүзеге асыру мақсатында Мұрағаттық бөлім таратылып, статусы мен орны басқару органдарының құрылымында анықталмай, міндеттері Облыстық мемлекеттік мұрағатқа тапсырылды.

Қазақстан Республикасының 22 желтоқсан 1998 жылғы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Заңының 42 бабына сәйкес, Атырау облысы әкімінің 26 қыркүйек 2000 жылғы №592 шешімі бойынша «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар тізбесіне» сәйкес Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы құрылды.

2013 жылдың 01.01-на облыстың мемлекеттік мұрағат мекемелерінің желісі:

1. Атырау облысының мемлекеттік мұрағаты;
2. Атырау қаласының мемлекеттік мұрағаты;
3. Жылыой аудандық мемлекеттік мұрағаты;
4. Индер аудандық мемлекеттік мұрағаты;
5. Исатай аудандық мемлекеттік мұрағаты;
6. Қызылқоға аудандық мемлекеттік мұрағаты;
7. Құрманғазы аудандық мемлекеттік мұрағаты;
8. Мақат аудандық мемлекеттік мұрағаты;
9. Махамбет аудандық мемлекеттік мұрағаты

1. Государственный архив Атырауской области;
2. Государственный архив города Атырау;
3. Жылыойский районный государственный архив;
4. Индерский районный государственный архив;
5. Исатайский районный государственный архив;
6. Кзылкогинский районный государственный архив;
7. Курмангазинский районный государственный архив;
8. Макатский районный государственный архив;
9. Махамбетский районный государственный архив.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 09:51
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 09:51