Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

«Парыз» конкурсына қатысайық!

Участвуйте в конкурсе «Парыз»!Жылма-жыл өткізілуі белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы биыл да өткізілмек.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;

2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі – үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.

Мемлекеттің акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі 50 проценттен асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі- Комиссия) шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай:

1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;

2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі.

Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс.

Конкурс жыл сайын номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі:

1. «Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын»

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтiк төлемдердi төлеудi, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) iске асыратын үмiткерлердiң қызметi қаралады.

2. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»

Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.

3. «Үздiк ұжымдық шарт»

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк құқықтарын едәуiр жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

4. «Экологияға қосқан үлесі үшін»

Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Конкурста "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" арнайы сыйлығы бекітіледі.

Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.

Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.

Гран-при "Ірі кәсіпкерлік субъектісі" және "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі" санаттарында беріледі.

Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады. Белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде осы атақты алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді.

Конкурсқа қатысуға:

1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;

5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;

6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ, құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.

Конкурсты өткiзу мерзiмдерi:

жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді қабылдауы;

жыл сайын 1 қазанға дейін - жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана комиссияларының алдын ала жасаған қорытындыларын, конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберуі;

желтоқсан — қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.

Конкурсқа қатысу үшін үмiткерлер материалдарды жергілікті атқарушы органға екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады, онда:

1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтiнiм;

2) үмiткердiң өз қызметiнiң деңгейiн өзiн-өзi бағалауын және корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша нақты нәтижелерiн бiлдiретiн есебi болады;

Үмiткердiң есебiнде:

- заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

- ұйымдық құрылымы;

- өзге де қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшiрмесi және өзге де құжаттар);

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi белгiлеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиiс.

Облыстың кәсіптік құрылымдарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсына белсенді қатысуыңызды және өзінің әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуды сұраймыз, сонымен қатар, қоғамның әл-ауқатын жақсарту мен жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауға өз үлесіңізді қосасыз.

Толық мәлімет пен кеңес жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 31А, №101 кабинет, тел.: 8 (7122)322774, басқарма веб-сайтында atyrau.gov.kz немесе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тел.: 8 (7172) 74-35-11 алуыңызға болады.

 

 

 

 

 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі

«Парыз» конкурсына қатысушының

өтінімі

 

Тіркеу нөмірі ____________

1. Заңды (жеке) тұлғаның атауы ______________________________________

БСН/ЖСН _________________________________________________________

Тіркеу орны бойынша мекенжайы _____________________________________

Орналасу орны бойынша мекенжайы __________________________________

2. Ұйымның басшысы _______________________________________________

(тегі, аты, бар болса, әкесінің аты)

ЖСН (шетелдік азамат үшін паспорт нөмірі) ___________________________

3. Байланыс телефондары (телефондары, электрондық пошта мекенжайы

және факс нөмірі) ________________________________________________

4. Құжаттар ұсынылған номинация (астын сызыңыз):

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;

«Үздік ұжымдық шарт»;

«Экологияға қосқан үлесі үшін».

5. Ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектісі (астын сызыңыз)

6. Сала ___________________________________________________________

7. Қызметкерлерінің саны ___________________________________________

8. Заңды (жеке) тұлғаның қызметі туралы қысқаша сипаттама (немен

айналысады) ____________________________________________________

9. Заңды (жеке) тұлғаның алған наградалары ___________________________

10. Өтінімге сауалнама тіркелген және қосымша _______ парақта

11. Ұсынған материалдар мен көрсеткіштер дұрыс

 

Қолы

Мөрі

Күні


Мақаланың шыққан күні: 19.05.2020 13:01

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.05.2020 13:01

Қаралым саны: 57