Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

«Еңбек жолы» республикалық конкурсына қатысайық

Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

«Еңбек жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту, үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындайды.

«Еңбек жолы» конкурсын өткізудің мақсаты- ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау, қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп ең көп санды әулет таңдалады.

Еңбек әулеті – бір ұйымның бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

2) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Әр номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттау үшін келесі сомалар ақшалай сертификаттар беріледі:

- 1 орын – 1 000 000 (бір миллион) теңге;

- 2 орын – 500 000 (бесжүз мың) теңге;

- 3 орын – 200 000 (екіжүз мың) теңге.

Конкурс 2 кезеңде өтеді:

I. Облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын іріктеу:

ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯ конкурсқа қатысушылардың арасынан «Еңбек жолы» Конкурсының ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАЙДЫ;

II. Республикалық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын іріктеу:

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯ конкурстың өңірлік деңгейінің жеңімпаздарының арасынан «Еңбек жолы» Конкурсының ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАЙДЫ;

Республикалық комиссия «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңінің әр номинациясы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) жеңімпаздарды анықтайды.

6. Салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына» республикалық форумы өтетін күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

 

Конкурсты өткізу мерзімдері:

- 2020 жылғы 15 наурыздан бастап 20 сәуірге дейін мерзімде - қалалық, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері үміткерлерден өтінімдерді қабылдау;

- 2020 жылғы 5 мамырға дейін облыстық комиссияның шешімімен конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын айқындау;

- 2020 жылғы 15 мамырға дейін одан әрі республикалық деңгейге қатысу үшін Еңбекминіне конкурстың өңірлік кезеңі жеңімпаздарының материалдарын жіберу;

- 2020 жылғы 15 мамырға дейін облыс әкімдігінің сайтында және әлеуметтік желілерде конкурстың қатысушылары туралы ақпаратты фотосуреттерімен, қысқаша өмірбаяндарымен және видеороликтермен бірге жариялау.

Салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына» республикалық форумы өтетін күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

 

Өңірлік және республикалық конкурсқа ұсынылатын құжаттар

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минут компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);

6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.

Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):

мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;

біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Барлық ниет білдірген тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Толық мәлімет пен кеңес Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, мекен-жайы:Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 31А, тел.8(7122)322774, басқарма веб-сайтында www.atyrau.gov.kz  немесе қалалық, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдеріне хабарласып алуыңызға болады.


Мақаланың шыққан күні: 13.03.2020 11:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.03.2020 11:20

Қаралым саны: 69