Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

«Заң жобаларын қалыптастыруға қатысып, өз пікіріңді білдір!»

««Заң жобаларын қалыптастыруға қатысып, өз пікіріңді білдір!»2014 жылы «Ашық НҚА» порталы іске қосылды, мұнда «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тек мемлекеттік қызметтер стандарттарын жариялы талқылау жүргізіліп ғана қоймай, сонымен бірге «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңын қабылдаумен барлық нормативтік құқықтық актілер мен заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын талқылау да қолжетімді болды. «Ашық НҚА» порталында – Жылыой ауданы әкімі және әкімдігі әзірлейтін нормативтік құқықтық аткілердің жобаларын талқылауға болады. Әрбір азамат өз пікірін айта алады және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатыса алады. Ашық НҚА порталы әрбір азаматтың нормативтік құқықтық актілермен ол мемлекеттік тіркеуге және жоғары тұрған мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін танысуына мүмкіндік береді.

«Ашық НҚА» порталы мемлекеттік органдармен әзірленетін заң жобаларын, мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын және рұқсат беру құжаттарын талқылауға арналған бірыңғай алаң. Әрбір азамат өз пікірін айта алады және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатыса алады. Бүгінгі күні аудан әкімдігінің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінің жобалары «Ашық НҚА» порталына жариялы талқылау үшін орналастырылып отыр.

«Ашық НҚА» порталы - азаматтарға қоғамдық бастамаларды, нормативтік құқықтық актілерді және мемлекеттік органдар шешімдерін қарастыру үрдісіне қатысуын қамтамасыз етеді. Дәлірек айтқанда, мүдделі орган бекітпес бұрын әзірлеуші органдар жобаларды қоғамдық талқылауға порталға орналастырады. Талқылау нәтижелері де сол порталда жарияланады.

Бұған дейін, мемлекеттік қызметтер талқылауы электрондық үкімет аясында «Ашық НҚА» порталында өткен болса, қазіргі таңда, «Ақпаратқа қолжетімділік» заңының қабылдануы арқасында барлық заң жобаларының тұжырымдамалары, нормативтік құқықтық актілердің жобалары мен мемлекеттік қызметтің стандарттары міндетті түрде «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылаудан өтеді.


Мақаланың шыққан күні: 18.04.2018 00:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.04.2018 00:38

Қаралым саны: 1484