Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.04.2020

Қызметтер

Мектеп оқушылары «Шеберлер қалашығында»

Учащиеся школ в «Городке мастеров»29 қараша – Облыстық блім беру басқармасының әдістемелік орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жас ұрпақты шығармашылыққа тәрбиелеу арқылы сәндік-қолданбалы ұлттық өнерге насихаттау, мәдени дәстүрлерді және рухани құндылықтарды сақтауға баулу мақсатында Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академия базасында «Шеберлер қалашығы» атты облыстық байқау өткізді.

Облыстық «Шеберлер қалашығы» атты облыстық байқауға қалалық, аудандық байқаудың қорытындысы бойынша 54 жеңімпаз оқушы қатысып, конкурстың шарттары бойынша оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.

Оқушылар жұмыстары бірнеше бағытты қамтыды: ұлттық ою-өрнек; алаша тоқу (ши тоқу); кесте тігу; ұршық иіру; қамшы өру; ағашты, сүйекті көркемдеп өңдеу.

Байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың шығармашылық ізденімпаздықтары мен шеберліктерін, жұмыс жасау техникасын, көркем-эстетикалық талғамдарын, табиғи қабілеттерін біліммен ұштастыру сапасын бағалады.

Байқаудың қорытындысында жоғарыда аталған талаптарға сәйкес жеңімпаз оқушылар анықталып, дипломдармен және заттай сыйлықтармен марапатталды.

«Этно ауылы» көрмесі бойынша бірінші орынды Махамбет ауданы Алмалы орта мектебі жеңіп алды. Екінші орынды Қ.Дүтбаева атындағы Гуманитарлық колледжі, үшінші орынды Құрманғазы ауданы Ақкөл орта мектебі иемденді.

Шығармашылық сипаттағы осындай байқаулар білім алушылардың ұлттық қолөнер саласы бойынша шығармашылық белсенділігін дамытуға, көркем эстетикалық талғамдарын, қабілеттерін және дағдыларын қалыптастыруға; ұлттық қолөнерді құрметтеуді баулуға ықпал етеді.

Учащиеся школ в «Городке мастеров» Учащиеся школ в «Городке мастеров» Учащиеся школ в «Городке мастеров» Учащиеся школ в «Городке мастеров»

Мақаланың шыққан күні: 14.12.2017 07:30

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.12.2017 17:37

Қаралым саны: 1459