Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Енді пара берген де жазаланады!

Қызылқоға ауылдық округінде Сыбайлас жемқорлықты тудыратын жағдайларды анықтау мен оларды жоюдың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары жасақталып, округ әкімдігінің ғимаратына заң бұзушылықтарды хабарлау үшін сенім телефоны, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері, арыз-шағымдарына арналған жәшік орнатылды.

Округ бойынша бюджеттен бөлінген қаражат мақсатты жұмсалып, мемлекеттік сатып алу процедуралары заң аясында өткерілуде. Сондай-ақ, салық органдарына табыс салығы туралы декларациялар уақытында тапсырылып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау заң аясында жүзеге асырылады. Мәселен, өткен жылы жеке тұлғалардан түскен 12 өтініштің барлығы да қанағаттандырылса, жеке қабылдауда болған 56 азаматқа заң шеңберінде түсінік берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында, округ әкімі аппараты қызметкерлері, мекеме басшылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатынла жиындар, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер ұйымдастырылып, округтегі мәдениет үйі, балабақша қызметкерлерімен кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, Қарабау орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін көздейтін және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ашық сабақтар ұйымдастырылды. Ауыл көшелеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы бильбордтар орналастырылып, ауыл тұрғындарына «Пара берсең, жазаланасың», «Пара берсең, бас бостандығыңнан айырыласың» атты парақшалар таратылды.

Жалпы, мемлекеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайларды болдырмау – баршамыздың міндетіміз.

 

 

К.Кайруллин

«Еспай» бастауыш партия

ұйымының төрағасы,

Қызылқоға ауылдық округі әкімі


Мақаланың шыққан күні: 26.11.2018 17:58

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.11.2018 17:58

Қаралым саны: 1012