Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.03.2020

Қызметтер

Туризм

Келушілерді орналастырумен айналысатын орындар саны 93 бірлікті құрады, онда 2781 нөмір бар, бұл ретте бір жолғы сыйымдылық 4881 төсек-орынды құрайды. Олар 150 787 адамға (оның ішінде резиденттер – 101 373, резидент емес – 49 414) және 5778,4 млн.теңге сомасына қызмет көрсетті. Орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтердің көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстарғанда 11,3% өсті.

Өңірдің ең перспективті туристік нысандарының бірі Ұлы Жібек жолының солтүстік бөлігіндегі туристер мен саяхатшыларға асы қызығушылық турдыратын – ежелгі «Сарайшық» қалашығы. Сарайшық мемориалды кешеніне келушілердің саны 12 ден 15 мыңға дейін адамды құрайды. Нысанның тарихи маңыздылығын ескере отырып, Визит орталығының сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті бюджеттен осы мақсатқа 43,6 млн.теңге бөлінді. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың наурыз айында аяқталады.

Сондай-ақ, Бесікті ауылдық округінде 300 орындық балалар-сауықтыру кешенін және Каспий теңізінің жағалауында 500 орындық балалар-сауықтыру кешенін салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда конкурстық рәсімінің жеңімпазы жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізуде және оның аяқталуы ағымдағы жылдың 2 тоқсанында жоспарлануда.

Сондай ақ, Атырау облысы әкімдігі ішкі туризм саласында өңір тұрғындарының сұраныстарын сапалы және толық қамтамасыз ету мақсатында atyrautourism.kz туристік сайты жасақталғанын хабарлайды. Аталған сайтта облыстың туристік әлеуеті, тарихи орындары мен ескерткіштер туралы мәліметтер орнатылған.

Атырау облысының туристік әлеуетін насихаттау, жаңа туристік маршруттарды анықтау мақсатында туристік операторлар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін жыл сайын туристік объектілерге ақпараттық турлар ұйымдастырылып келеді.

Сонымен қатар, туризм саласында қызмет көрсету үшін қажеттілік туындаған жағдайда гид–экскурсоводтар жән гид-аудармашыларды әзірлеу курстары ұйымдастырылады.

Өңірдің туристік қауымдастығы туристік имиджді қалыптастыру мақсатында халықаралық және қазақстандық туристік іс-шараларға белсенді қатысады (көрмелер, жәрменкелер , форумдар және т.б). Аталған іс-шараларға қатысу мақсатында жарнамалық–ақпараттық материалдар мен кәдесый өнімдері әзірленеді.

Өңірде өткізілетін барлық туристік шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік жүйелерде жарияланып тұрады.

Сондай ақ, жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында жыл сайын қала және аудан мектеп оқушыларын Астана және Алматы қалаларына экскурсияға апару іске асырылуда.


Мақаланың шыққан күні: 18.01.2019 15:48

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.01.2019 15:48

Қаралым саны: 880