Array Табиғатты сүйетін саяхатшылар, демалушылар! | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.06.2017

Қызметтер

Табиғатты сүйетін саяхатшылар, демалушылар!

Қаһарлы қыстың ызғарынан шығып, жадыраған, жайма шуақ жаз мезгілі де келді. Барлық адамзат күйбең тірліктен, жұмыстан бір босап, балалар асыға күткен жазғы демалыстарына шығып демалуды ойлайтын кез. Жаз мезгіліндегі ерекше демалыстың бірі – табиғат аясында демалу. Таза ауа, самал жел, айналаң жасыл желек, құстардың салған әні – барлығы бір тұтасып, адам жанына ерекше қуаныш, көңіліне жайлылық пен тыныштық ұялатады. Орман, тоғайларда жүріп, оның әдемілігіне сүйсініп, оның таза ауасымен тыныстап отыра табиғатты өрттен қорғауды ұмытпаңыз.

Бірнеше жылдар бойғы табиғат жаратылысы санаулы минуттар мен сағаттар ішінде отқа орануы мүмкін. Орманда шыққан өрт көрнекі демалыс орнын оқпанпен ойылған ошақ орнына, шұңқырға, жайқалған теректерді үйіндіге айналдырады. Салдарынан адамдарға жүріп өтуге жол, құстарға ұяларын салатын жер қалмайды.

Құрметті, табиғатты сүйетін саяхатшылар, демалушылар, орман ішінде өрт қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаңыздар:

- алауды аптап ыстық, құрғақ және желді күндері жақпаңыздар, жаққан алауды өшірусіз қалдырмаңыздар, орман ішінде жүріп темекі шекпеңіздер, жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын жерге тастамаңыздар, себебі, аяқ астының бәрі құрғақ, қураған шөптер, лезде от тұтанады;

- демалыс орнын қағаздармен, тамақтан босаған қаңылтыр, әйнек ыдыстармен, басқа да заттармен ластамаңыздар. Әйнек сынығының өзі күн сәулесін тартып, орман өртін туғызатындығын ұмытпаңыз.

От тұтанғанын байқасаңыз, отты өшіру шараларын алыңыз, сол жерден теректің басынан жасыл шыбық кесіп алып, өрттің шетінен бастап от жалынының таралуына жол бермеңіз. Өрт туралы орман шаруашылығына, полиция бөлімшесіне немесе жергілікті атқарушы органға, 101, 112 нөмірлері арқылы өрт сөндіру қызметіне хабарлаңыз.

Құрметті, Атырау қаласының тұрғындары, біздің қаламыз Республикамыздың басқа қалаларымен салыстырғанда ұшы-қиыры көз жеткізбейтін орманды алқаппен көмкерілмеген, тек кішкене тоғайларымыз бен жазық далаларымыз бар. Қолда бар «алтынның» қадірін бағалап, барымызды қорғайық. Табиғат Сіздің қамқорлығыңызға зәру. Оның досына айналыңыз.

Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы


Мақаланың шыққан күні:: 24.08.2016 16:54
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.08.2016 17:00