Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.07.2020

Қызметтер

«Ұлан-ғайыр елімді мен танығым келеді» туристік-өлкетану жобасы

Жыл сайын барлық білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесінде белгілі тақырыпта жоба жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы «Ұлан-ғайыр елімді мен танығым келеді» тақырыбындағы жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Жоба Елбасының Жолдаулары мен Бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде жаппай мектеп туризмін жандандыру мақсатында жүзеге асырылады.

Жоба жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату; ата-бабалардың және замандастарының істеріне қатысты мақтанышты, сондай-ақ қоғамда және мемлекетте болып жатқан тарихи жауапкершілікті ұғыну, т.б мақсаттар мен міндеттерді көздейді.

Жоба үш бағытта жүзеге асырылады:

1. «Ұлы Даланың жеті қыры»;

2. «Тарихым – терең тағылым»;

3. «Туған жер – тұнған шежіре»

«Ұлы Даланың жеті қыры» бағыты. Тәрбие-танымдық айдары Ұсынылатын үлгі тақырыптары:

- «Ұлы Дала Елі» калейдоскоп сабағы,

- «Әнім сенсің, туған жер!» шығармашылық байқау,

- «Туған өлкем - жұмақ мекен»,

- «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін…»,

- «Тұнық жырдың тұмары» атты жас ақындар мүшайрасы,

- «Алау» онкүндігіне байланысты «Менің Отаным - Қазақстан» атты патриоттық әндер байқауы.

«Тарихым – терең тағылым» бағыты. Зерде айдары.

Ұсынылатын үлгі тақырыптар:

- «Өлке тарихы өскелең ұрпаққа аманат» (мұражайлар мен тарихи орындарға саяхат),

- «Ұлы Дала тұлғалары» оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауда бағдар беру,

- «Ерлікке тағзым - елдікке тағзым» өлкенің тарихи-мәдени ескерткіштері туралы деректер жинау,

- «Туған жер ғажаптары»,

- «Қазақстанның 100 жаңа адамы» жобасы (жетістіктерге қол жеткізген түрлі аймақтардағы әртүрлі жастағы 100 нақты адам өмірі тарихынан).

«Туған жер – тұнған шежіре» бағыты. Экскурсия, жорықтар айдары.

Ұсынылатын үлгі тақырыптар:

- «Туған өлкенің көрікті жерлерінен – Қазақстанның киелі жерлеріне»,

- «Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлері»,

- «Табиғат әлемі балалар көзімен» балалар байқауы,

- «Ғұмыры жарқын тұлғалар» қазіргі таңда еңбектерімен еленіп жүрген түлектер жайында материалдар жинау.

Жобаға балалар туризмін дамыту мәселесіне қатысты барлық мүдделі органдар, білім беру ұйымдарының мектеп оқушылары, колледж студенттері, педагогтар, ата-аналар қатыса алады.

Жобаның толыққанды іске асуы үшін жауапты комиссия құрамы тағайындалуы шарт: жоба жетекшісі, әскери-патриоттық клубтар жетекшісі, «Жас Ұлан» ББмЖҰ-ның жетекшісі, ата-аналар қоғамдық кеңесі, Әкелер, Аналар мектептерінің төрағалары, ұлдар, қыздар ұйымдарының, үйірме жетекшілері, т.б. мүдделі ұйымдар мен тұлғалар.

Тәрбие шараларын өткізу формалары: форумдар, акциялар, зияткерлік ойындар, флешмобтар, семинарлар, фестивальдер, конкурстар, экскурсиялар, жорықтар, кездесулер, патриоттық байқаулар, дөңгелек үстелдер, танымдық кештер, т.б.


Мақаланың шыққан күні: 31.01.2019 15:23

Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.01.2019 15:23

Қаралым саны: 1873