Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Төребекова Гүлайым Оржанқызы

Туребекова Гульайым ОржановнаҚатысушының аты жөні: Төребекова Гүлайым Оржанқызы

Мекен-жайы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы

Қызмет орны: «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Жылыой ауданы филиалының төрайымы

Номинация: Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері

Қысқаша сипаттама: Төребекова Гүлайым Оржанқызы 1970 жылы 13 қазанда Гурьев облысы, Ембі ауданы, Ақкиізтоғай ауылында дүниеге келген. 1977-1987 жылдары Амангелді атындағы орта мектепте білім алған. Мектеп бітіргеннен кейін Құлсары қаласындағы Ленин атындағы мектепте кітапханашылық қызмет атқарған. 1988-1993 жылдары Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы институтты «қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдады.

1993-1995 жылдары - №9 орта мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, 1995-1997 жылдары - №16 орта мектепте қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі, 1997-2001 жылдары – осы мектепте директордың оқу ісі меңгерушісі, 2002 жылдан Жылыой аудандық білім беру бөлімінде әдіскер, 2016 жылдың қазан айынан Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы Жылыой аудандық комитеті филиалы төрағасы болып еңбек етіп келеді.

Гүлайым Оржанқызы Атырау облыстық білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі мен жастарды оқыту, тәрбиелеудегі табыстары үшін, Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары мен оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін 2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Астана қаласының «Нұр Отан» ХДП грамотасымен, 2014 жылы Астана қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығының алғыс хатымен, 2015 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды және тағы да көптеген марапаттаулар.


Мақаланың шыққан күні: 25.06.2019 15:15

Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.07.2019 15:25

Қаралым саны: 3844