Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.10.2017

Қызметтер

Транспорт және жолдар

Облыс көлеміндегі облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 2061,6 шақырым, соның ішінде жақсы және қанағаттанарлық күйдегі 970 шақырым (47%), қанағаттанарлықсыз күйдегі 1091,6 шақырымды (53%) құрайды.

Облыстағы көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында соңғы алты жылда республикалық және жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатқа жалпы ұзындығы 970,7 шақырым облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар автомобиль жолдары жаңартылып, күрделі жөндеуден өткізілді.

Ағымдағы жылы жалпы пайдаланымдағы 112,1 шақырым автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланып отыр, соның ішінде 15,2 шақырым облыстық маңызы бар, 37,9 шақырым аудандық және 59 шақырым қалаішілік және қала маңы жолдары.

Атқарылатын жұмыстар нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық күйдегі облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 49% жақсарту жоспарланған.

 


 

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛIГI ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2013 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙҒА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ МЕН ЖОСПАРЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2013 жылдың 6 айында бiрқатар облыстың автомобиль жолдарын күрделi жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама жасақтау жұмыстары жүргiзiлдi.

Соның iшiнде, облыстық маңызы бар ұзындығы 150 шақырым «Атырау-Индер» автомобиль жолын күрделi жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттiк сараптама қорытынды бекiтiлiп алынды. Жөндеу жұмыстары осы жылдың 3 тоқсанға жоспарланып отыр.

Махамбет селосындағы Жайық өзенi арқылы өтетiн көпiр өткелiнiң құрылысын салуға жобалау-сметалық құжаттаманы жасақтау жұмыстары басталды. Жобалаушы «Тека-проект» ЖШС мекемесi.

Көпiр құрылысы да үстiмiздегi жылдың 2 жартыжылдығында басталмақ.

Сонымен қатар, Махамбет ауданының Алға, Ортақшыл, Есбол, Ақжайық және Сарайшық селолардың кiрме жолдарына, сонымен қатар Махамбет селосының 1 шақырым iшкi жолын күрделi жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда.

Жылыой ауданының Ақкиiзтоғай мен Қосшағыл селоларының кiрме жолдарымен Исатай ауданының Тұщықұдық пен Ерғалиев селосының iшкi жолдарына жобалау-сметалық құжаттамаларын жасақтау жұмыстары да басталды.


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 15:15
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.09.2016 11:28