Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1.Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер, азаматтық хал актілерін тіркеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдар, аумақтық органдар және мекемелер жоқ.

3. Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері : 060200, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор поселкесі, Қонаев көшесі, 16 үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, жүзеге асырылады.

13. Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Аудан халқының өмірінің сапалы болуына қол жеткізу,әлеуметтік қолдау көрсету және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркелуін жүргізу .

15. Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) мемлекеттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы саясатын жүзеге асыру;

2) аудан әкімінің басқа да бөлімдерімен бірлесе отырып аудан халқын әлеуметтік жағынан қорғаудың бағдарламасын жасау, оны орындаудың шараларын алу;

3) бөлім жұмысына, мемлекеттік қызметке байланысты Қазақстан Республикасының Заңдары мен нормативтік құқықтық-актілерінің орындалуына бақылау жасау;

4) жұмыссыз азаматтардың еңбек ету, кәсіби білім алу құқығын нақты іске асыруға жәрдемдеседі, зейнеткерлердің, мүгедектердің, көп балалы отбасылар мен халықтың аз қамтылған топтарының конституциялық құқықтарын қолдау, оларды әлеуметтік жағынан қорғау;

5) аудандық деңгейде халықты жұмыспен қамту бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

6) халықты әлеуметтік қорғау мақсатында бюджеттен тыс қаржыларды тарту;

7) аудандық соғыс және еңбек ардагерлері алқасы, Әйелдер кеңесі және мүгедектер қоғамымен бірлескен іс-қимыл жасау.

8) зейнеткерлерді, мүгедектерді, көп балалы отбасылары мен халықтың әлеуметтік қолдауға мұқтаж басқа топтарын әлеуметтік қорғауға байланысты ұсыныстар әзірлейді;

9) аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек тағайындап, төлейді;

10) азаматтардың нашар қорғалған топтарына тұрғын үй көмегін тағайындап, төлейді;

11) жергілікті өкілетті органдар шешімдерімен азаматтардың кейбір санаттарына, соның ішінде көп балалы аналарға әлеуметтік көмектер тағайындап, төлейді;

12) аудан халқын жұмыспен қамту бағдарламасын жасақтайды және оны іске асыруға жұмыстанады;

13) жұмыссыздарды тіркейді және есепке алады. Тіркелген жұмыссыздармен мониторинг өткізеді. «Жұмыспен қамту» бағдарламасын енгізеді, электронды поштаның жұмысын қамтамасыз етеді, аудандық бөлімде мәліметттер жинау қызметін жандандырады;

14) еңбек рыногындағы жағдайға талдау жасайды. Бос жұмыс орындарының шағын жәрмеңкелерін ұйымдастырады, «ашық есік» күндерін өткізеді;

15) жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, еңбекке орналастыруға көмектесу, қоғамдық жұмысқа тарту, жұмыссыздар мен халықтың жұмысқа тартылмаған бөлігін оқыту және қайта оқыту;

16) жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ашылған жаңа жұмыс орындарын бақылауға алады, орта және шағын бизнесті, жеке кәсіпкерлікті дамытуға қатысады;

17) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасақтауға қатысады;

18) өз құзыры аясында бөлім қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұйымдастырады;

19) бөлімге кадр дайындау, олардың білімі мен кәсіби даярлығын жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асырады;

20) өз құзыры аясындағы мәселелер бойынша бөлімге түскен арыздар мен шағымдарды, ұсыныстарды белгіленген тәртіпке сай мезгілінде жауап береді, шаралар алады;

21) бөлімде қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық тәртібін заңдылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді ;

22) бөлімде гендерлік саясат бағытын іске асыру мақсатында шаралар атқарылады.

23) мемлекетік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

24) тиісті мемлекеттік органға қарасты тиісті саланың коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлкін есептен шығаруға келісуді жүзеге асырады;

25) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде қолданыстағы заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді;

26) АХАТ қызметі бойынша мұрағатқа жауап беру, туу, өлім , неке қию, некеден ажырасу, әкелікті анықтау, бала, қыз асырап алу, атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркелуін жүргізеді;

27) түзету, толықтыру, өзгерістер енгізу және хал актілерін қалпына келтіру, іс құжаттарын және қортындысын дайындайды;

28) тұрғындар арасында Неке және Отбасы заңының азаматтық хал актілерінің тіркеу ережесін түсіндіреді.

16. Функциялары :

Жұмыссыз азаматтардың еңбек ету, кәсіби білім алу құқығын нақты іске асыруға жәрдемдеседі, зейнеткерлердің, мүгедектердің, көп балалы отбасылар мен халықтың аз қамтылған топтарының конституциялық құқықтарын қолдау, оларды әлеуметтік жағынан қорғау, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз ету;

17. Құқықтары мен міндеттері :

1) заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау :

- жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою;

- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу және оларға куәлік беру;

- мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу;

- мүгедектерді сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттар ресімдеу;

- 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

- қозғалуы қиындық туғызатын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші беруге және есту бойынша мүгедектерге ымдау тіл маманын беру үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;

- мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін құжаттарды ресімдеу;

- мүгедектерге санаторлы-курорттық емдеумен қамтамсыз ету үшін құжаттарды ресімдеу;

- қызметті мемлекеттік бюджет құралдары есебінен көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу;

- жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу;

- жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азамааттардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

- үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу;

- отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау;

- жұмыссыз азаматтарға анықтама беру;

- тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттарды ресімдеу;

- тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

- қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

- некені қиюды (ерлі -зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

- некені (ерлі -зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу ;

- әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

- Т.А.Ә.А. өзгертуді тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

- азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;

- азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер немесе анықтамалар беру болып табылады.

2) бөлімнің құзыры аясындағы мәселелер бойынша меншік түріне қарамастан аудан көлеміндегі кәсіпорындар мен мекеме, ұйымдардан қажетті мәліметтерді, есептерді сұратуына, талап етуіне құқылы;

3) халықтың әлеуметтік жағдайына әсерін тигізетін қаржы –несие инвестиция тарту жайлы шешімдерді дайындауға ;

4) халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған бағдарламалар, қоғамдық акциялар өткізуге;

5) қолданылып жүрген заңдар негізінде қызметкерлерді жұмысқа алудың шарттарын жасақтауға;

6) белгіленген тәртіпке сай жұмыспен қамту және халқыты әлеуметтік қорғау проблемалары бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер,

кездесулер, мәжілістер, аудандық газет бетінде халықпен тікелей байланыс өткізуге;

7) мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге құқылы;

8) Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аудару бойынша ұсыныстар әзірлеу.

 

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18.Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесі басшылықты жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесі басшысын облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының келісімімен аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

20. Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

21. Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі.

1) бөлім жұмысына, оған жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауап береді;

2) бөлімдегі барлық қызметкерлердің жұмысына басшылық жасайды;

3) мемлекеттік қызметшілердің арасында жұмыс бөлісу және жауапкершілік аясын белгілейді, олардың жұмыста бірін-бірі алмастыру ретін анықтайды;

4) бюджетте беркілген еңбекақы қоры мен қызметшілердің жалпы саны лимит аумағында штат кестесін бекітеді;

5) қолданылып жүрген заңдар мен заң актілері негізінде басқа да құқықтарды пайдаланады;

6) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексіне сәйкес бөлімге қызметкерлерді қызметке алады және қызметтен босатады;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыруға және осы бағытта жіберілген кемшіліктер үшін тікелей жауапты болып табылады.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4.Мемлекеттік органның мүлкі

22. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23.Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

24.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату

25. Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні: 26.06.2018 02:43

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.06.2018 02:43

Қаралым саны: 1419