Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.07.2017

Қызметтер

Атырау облысының әкімі Н.А. Ноғаевтың 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы баяндамасынан тезистер

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2016 жылы 4 433,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексi – 102,2%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде 3 907,5 млрд. теңге сомада өнім өндiрiлді, өндірілген өнімнің нақты көлем индексi 102,0%-ды құрады.

33,7 млн. тонна мұнай және 15,8 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді, бұл 2015 жылдың деңгейіне, тиісінше 104,0% және 104,6%.

«Теңiзшевройл» ЖШС 27,5 млн. тонна мұнай өңдірді немесе өткен жылдың деңгейіне 101,5%, ілеспе мұнай газы – 15,1 млрд. текше метр (101,3%).

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамында мұнай өндіру 2,8 млн. тоннаны құрады (100,3%), ілеспе мұнай газы – 191,1 млн. текше метр (100,1%).

«НКОК» компаниясы 1 млн. тонна мұнай және 487,1 млн. текше метр ілеспе мұнай газын өндірді.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 468,7 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың деңгейіне 104,4%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің өсімі химия (214,3%), жеңіл өнеркәсібі (176,2%) және машина жасау (116,4%) салаларының өсуімен байланысты.

2016 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасы (Индустрияландыру картасы) шеңберінде жалпы құны 2,8 млрд. теңгеге 245 жұмыс орнын құрайтын 7 жоба жүзеге асырылды:

- «Дәулет Нан» бөлке нан өнімдерінің зауыты «Транстехинтернэшнл» ЖШС (1,5 млрд. теңге, 90 жұмыс орны);

- Құс фабрикасының қуаттылығын кеңейту «Алмалы Құс» ЖШС (457,3 млн. теңге, 37 жұмыс орны);

- Бұрандалы (болт) қосылыстардың өндірісі «Studbolt Manufacturing» ЖШС (390 млн. теңге, 10 жұмыс орны);

- Оптикалық кабель шығаратын зауыттың қуаттылығын кеңейту «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС (122 млн. теңге, 3 жұмыс орны);

- Электртехникалық жабдықтардың өндірісін ұйымдастыру «KAZELEKTRYM (КАЗЭЛЕКТРУМ) Өндірістік кешен» ЖШС (119 млн. теңге, 70 жұмыс орны);

- Кабельдік науа және электр қалқан шығаратын зауыт «Centech» ЖШС (119 млн. теңге, 20 жұмыс орны);

- Тығыздағыш төсемдер өндірісі «Казахстан Интегрейтед Сервисез» ЖШС (145 млн. теңге, 15 жұмыс орны).

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 61,6 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2015 жылға – 104,0%, соның ішінде: мал шаруашылығында – 36,2 млрд. теңге (102,5%), егін шаруашылығында – 25,0 млрд. теңге (106,4%).

Тамшылатып суару тәсілі 1 927 гектарда қолданылады.

Облыс бойынша 7,6 мың гектар жер көкөніс-бақша, мал азықтық және дәнді дақылдар өсіруге пайдаланылуда (картоп – 1 978 га, көкөніс – 2 513 га, бақша – 1 024 га, мал азықтық дақылдар – 2 089 га).

Соңғы үш жылда жалпы құны 18,3 млрд. теңгеге 643 жаңа жұмыс орнын құрайтын 17 ауыл шаруашылығы жобасы жүзеге асырылуда.

Осылардың арасында 12 түрлі өнім өндіретін «Первомайский» біріккен кәсіпорны», 15 түрлі өнім өндіретін «Сарайшық» біріккен кәсіпорны», жылына 400 тонна шұбат, қымыз, айран шығаратын «Алға-1» шаруа қожалығы, 92 млн. дана жұмыртқа өндіретін «Алмалы құс» және «Атырау Сауда» құс фабрикалары, 12,6 млн. дана консервіленген ет өнімін өндіретін «Карат» ЖШС, 370 тонна салат және 75 мың консервіленген өнім өндіретін «Атырау Агро Феликс» ЖШС.

Облыс тұрғындарын маусымдық уақыттарда көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 32 жылыжай жұмыс жасайды, бұл 12,5 гектар алқабын құрайды, сондай-ақ 2017 жылы Индер ауданында «NAVA GRA» ЖШС-ның 40 гектар жылыжай кешенінің құрылысы басталады.

2016 жылы жергілікті өнімдерді сату үшін 316 жәрмеңке өткізілді.

 

Кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнімнің көлемі 2016 жылғы қаңтар - қыркүйекте 653,5 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 7,4% -ға жоғары.

2017 жылдың 1 қаңтарына қызмет істеп тұрған субъектілердің саны 44 217 бірлікті құрады.

2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, оның ішінде (субсидиялауға – 1 473,7 млн. теңге, кепілдендіруге – 164,8 млн. теңге, грант беруге – 22 млн. теңге, шағын несиелеуге – 197,4 млн. теңге, инфрақұрылым құрылысына - 692,8 млн. теңге).

2016 жылы 266 жоба қолдау алды (оның ішінде: 123 жоба субсидияланды, 78 жоба кепілдендірілді, 56 жобаға шағын несие ұсынылды және 8 жобаға грант бөлінді, 1 жоба – ИКИ) немесе 2015 жылмен салыстырғанда 67%-ға жоғары (2015 ж – 159 жоба).

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ұлттық қор есебінен үш транш бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы 8,4 млрд. теңгеге 53 жоба қаржыландырылып, 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Ауыл кәсіпкерлерінің арзан несиеге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жылдық мөлшерлемесі 7% жеңілдетілген несие беру үшін жергілікті бюджеттен жыл сайын қаражат бөлініп тұрады.

Соңғы 4 жылда ауыл кәсіпкерлерін шағын несиелеуге 807 млн. теңге бөлінді, бұл ауылдарда 202 бизнес жобасын құруға және 468 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Соның ішінде, 2016 жылы 150 млн. теңге жергілікті бюджеттен және 100 млн. теңге түпкі қарыз алушылардан түскен қаражат есебінен бөлінді. Барлығы 55 жоба мақұлданып, 107 жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар, 2016 жылы 500 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 250 млн. теңге жергілікті бюджеттен және 250 млн. теңге «Даму» қорының қаражаты есебінен кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыру жүргізілуде. Бұл қаражатқа 18 жоба мақұлданды және 71 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

 

Инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 036,9 млрд теңгені құрады немесе 2015 жылға 132,4%. Республиканың жалпы көлеміндегі облыстың үлесі – 26,4%.

Инвесторларды тарту мақсатында жыл сайын өңірде «Атырау Инвест» халықаралық инвестициялық форумы өткізіледі. 2016 жылы «Atyrau Invest – 2016 – Petrochemical Day» кезекті III-ші халықаралық инвестициялық форумы өткізілді.

Форумға елдің орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, ҚР және РФ бизнес омбудсмендері, ұлттық компаниялар, даму институттары, Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктер (Ислам Республикасы Иран және Монғолия), сонымен қатар, отандық және Ресей, Франция, Португалия, АҚШ, Хорватия, Малайзия, Финляндия, Германия, Израил және басқа да шетел инвесторлары қатынасты.

Форумның қорытындысы бойынша ынтымақтастық және жобаларды іске асыруға арналған 9 меморандумға қол қойылды.

Бұдан басқа, «Атырау Ойл & Газ» және «Атырау Билд» Солтүстік Каспий Аймақтық көрмелерін өткізу дәстүрге айналды, көрме жұмысына 100-ден астам қазақстандық және шетел мұнай және құрылыс компаниялары қатысады.

Ынтымақтастықты нығайту және өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін орнату мақсатында, 2016 жылы Канада, Беларусь Республикасы, АҚШ, Ұлыбритания (Абердин қаласы), Италия, Турция, Нидерланды Корольдігі, Жапония және басқа делегаттар облысқа іс-сапармен келді.

 

Тұрғын үй құрылысы

2016 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 573,6 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдан 41,8% жоғары.

2016 жылы 558,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1,6%-ға жоғары (бюджет қаражаты есебінен – 72,6 мың шаршы метр, ведомстволық – 13,7 мың шаршы метр, жеке тұрғын үй – 472,3 мың шаршы метр).

 

Газдандыру

Қазіргі таңда облыс ауылдық елді мекендерінің 79,2%-ы немесе халықтың 96,6% газдандыру жүйесімен қамтылған.

2016 жылы ұзындығы 110 шақырым «Индер-Махамбет» апатты магистралды газ құбырын ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталды.

Газдандыру саласында ірі жобалардың бірі - Құрманғазы ауданы Азғыр өңірінің елді мекендері үшін жоғары қысымды магистралдық және кентаралық газ құбырының, Азғыр өңірінің 10 елді мекеніндегі ауылішілік ұзындығы 365 шақырым газ құбыры желісінің құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді.

Сондай-ақ, Қызылқоға және Исатай аудандарының шағын елді мекендерін газдандыру жоспарланып отыр.

 

Ауыз сумен қамту

«Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде 2011-2016 жылдары 99 сумен жабдықтау нысаны пайдалануға берілді, соның ішінде 2014 жылы - 66 нысан, 2015 жылы - 4 нысан, 2016 жылы -11 нысан.

Соңғы 5 жылда елді мекендердің ауыз сумен қамтылу деңгейі 52%-дан 77,4%-ға ұлғайды.

2016 жылы су тазалау имаратының және ауылішілік су құбыры желілерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді (Махамбет ауданының Алмалы, Таңдай, Ортақшыл, Алға ауылдарында; Индер ауданының Аққала, Құрылыс, Ынтымақ ауылдарында; Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында және Қызылқоға ауданының Тайсойған ауылында жер асты суының 5 ұңғымасын іске қосу, Сағыз ауылында, Мақат ауданының Доссор кентінде).

Биылғы жылы бағдарлама шеңберінде 9 нысанның: ауыспалы 7 және жаңа 2 нысанның құрылысы жүргізіледі (Махамбет ауданы Махамбет ауылында, Жылыой ауданының Тұрғызба, Қосшағыл ауылдарында, Құрманғазы ауданының Азғыр маңы елді мекендерінде және Жыланды, Дәшін ауылдарында, Исатай ауданының Қызылүй және Жасқайрат ауылдарында, Қызылқоға ауданының Қарасу жер асты суының 2 ұңғымасын іске қосу).

2017 жылдың соңына дейін ауылдық елді мекендерді 78% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

 

Электрлендіру

2016 жылы «АтырауЖылуЭлектрОрталығы» қуаты 414 МВт-ға артып, өңірді электр энергиясымен толықтай қамтамасыз етуде.

Ағымдағы жылға Құрманғазы ауданы Азғыр аймағының елді мекендерін электрмен қамту үшін "Ганюшкин-Асан" ӘЖ-110 кВ жоғары кернеулі желісінің құрылысы бойынша жобалау сметалық құжаттама жасақтауға қаржы бөлінді.

 

Көлік инфрақұрылымы

Облыс бойынша облыстық және аудандық маңыздағы автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 2 061,6 шақырымды құрайды. 2016 жылы 167,5 шақырым жол жөнделді.

Облыстық маңыздағы «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автокөлік жолының Қарабау-Миялы аралығын (123 шақырым) жаңғырту жалғасуда.

Махамбет ауданының Махамбет селосындағы Жайық өзені арқылы өтетін ұзындығы 660 метр көпір құрылысы жалғасуда, көпірді 2017 жылы тапсыру жоспарланып отыр.

Махамбет ауданының Махамбет ауылында ауылішілік жолды, Индер ауданының 4 ауылында (Индербор, Құрылыс, Жарсуат, Бөдене) кірме және ауылішілік жолдарды және Мақат ауданының Доссор кентінде кентішілік жолды, Құрманғазы ауданының Жұмекен ауылында, Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылында кірме жолдарды күрделі жөндеу аяқталды.

Жылыой ауданының Ақкиізтоғай ауылына кірме жолды, Махамбет ауданының 3 ауылында (Сарайшық, Бейбарыс, Алмалы) ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу, Құрманғазы ауданының «Кудряшова-Жаңа аул-Арна» автокөлік жолын орталық көшелерімен қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Құрманғазы ауданының Ягодная, Тухлое, Көнеу өзендеріне құрылысы 2016 жылы басталған металл конструкциядан жаяу жүргіншілер көпірлерінің құрылысы биыл аяқталады.

Ағымдағы жылы Мақат ауданы Доссор кентіндегі ұзындығы 5 шақырым ауылішілік және айналма жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары басталады.

 

Халықты әлеуметтік қорғау

2016 жылы облыста 18 102 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11 500-і - тұрақты.

2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 2,9 млрд. теңге бөлініп, бағдарламамен 3 433 адам қамтылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды

қамтамасыз ету» бойынша 812 адамды жұмыспен қамти отырып, облыстың 72 әлеуметтік нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бағдарламаның екінші бағыты «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» бойынша 216 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды және 379 адам өз ісін дамытуға 1 035,6 млн. теңге сомасында несие алды (331 адам республикалық бюджеттен 915,6 млн. теңге және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қорының қайтарылған қаражаты есебінен - 48 адам 120 млн. теңге сомасында).

Бағдарламаның үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша кәсіби оқуды аяқтаған және мамандарды қайта даярлау курстарынан өткен 100 адамның 41-і тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 32 адам кәсіби колледждерде оқуларын аяқтады.

2016 жылы орташа айлық еңбекақы 267 340 теңге немесе 2015 жылға 117%.

Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады (2016 жылдың 3 тоқсаны).

2016 жылдың 3 тоқсанына экономикалық белсенді халық саны – 313,2 мың адам, жұмыспен қамтылғандар - 297,9 мың адам.

 

Денсаулық сақтау

2016 жылы Атырау қаласының Геолог ауылында 100 келушіге арналған емхана, Нұрсая ықшам ауданынан 180 орындық қалалық аурухана іске қосылды. Құрманғазы ауданының РТС ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт және Исатай ауданының Жанбай ауылынан бір дәрігерлік амбулатория тапсырылды.

Сондай-ақ, 2016 жылы «НКОК» демеушілік компаниясы қаражаты есебінен Индер ауданы Көктоғай ауылында жанұялық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды, нысанды іске қосу - биыл шілде айында.

Облыс тұрғындарының өмірінің ұзақтығы 2015 жылы 72,5-ке дейін көтерілді.

Вирустық гепатит 333 есе, жіті ішек инфекциясы 7,6 есе, жұқпалы және паразитарлық аурулармен аурушаңдық көрсеткіші 6,3 есе төмендеді.

 

Білім беру

1-6 жастағы балалардың балабақшамен қамтылу деңгейі 56,9%, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы – 85,1% құрайды.

Облыста 29 жекеменшік балабақша, 7 шағын орталық, 1 «мектеп-балабақша» кешені ашылды.

 

Мәдениет

Жыл сайын мәдениет саласының материалдық-техникалық базасы жақсаруда. 2016 жылы Индер ауданында 400 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді, Исатай ауданының Жанбай ауылында 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталуда.

«ТШО», «НКОК» демеушілік қаражаты есебінен мәдениет үйлерінің құрылыстары басталды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Қызылқоға ауданының Мұқыр (400 орындық) және Қарабау (300 орындық) ауылдарында, Құрманғазы ауданының Дәшін (400 орындық) ауылында мәдениет үйлерінің құрылысы жоспарлануда.

Атырау қаласында халыққа танымал ақын Фариза Оңғарсыноваға ескерткіш орнатылды.

Халық батыры Исатай Тайманұлының 225 жылдығы және халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің 100 жылдығына арналған мәдени іс-шаралар кешені өткізілді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты мега – жобасының эстафетасы барлық аудандардың елді мекендерін аралап, Атырау қаласында үлкен мәдени акциямен аяқталды.

«Асқақ рухты Атырау» атты Республикалық ақындар айтысы өтті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың ІІ-ші Халықаралық театр фестивалі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, сазгер Қаршыға Ахмедияровтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Артында күмбірлеген күйі қалған» атты еске алу кеші, жеке домбырашылардың аймақтық байқауы, «Күй аспанының Қаршығасы» атты көрме өткізілді, сонымен қатар Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, профессор, сазгер Ілия Жақановтың шығармашылық кеші өтті.

«История и культура Атырау в русских источниках (XVIII-XXвв)» атты 5 томдық кітаптар жинағы жарық көрді.

 

Спорт

Атырау қаласының Нұрсая ықшам ауданында спорт кешені пайдалануға берілді, жеке кәсіпкерлер қаражаты есебінен теннис корты, Атырау қаласының Құлманов көшесінде фитнес-орталығы салынды.

Атырау қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына теннис кортының салтанатты ашылуы өтті.

Атырау қаласының Ақжар және Қызылбалық елді мекендерінде жедел конструкциялы спорт кешендерінің құрылысы аяқталуда.

Сондай-ақ қаланың Томарлы, Атырау елді мекендерінде спорт кешендерінің құрылысы жоспарлануда.

2017 жылдың сәуір айында Жаңа таң (Ақкиізтоғай), Шоқпартоғай ауылдарында, шілде айында Жаңа Қаратон ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Облыс бойынша спорттық нысандар саны 984-ті құрап отыр.

Облыста 8 спорт клубы, 11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасауда.

Облыстық олимпиадалық резервті даярлау орталығында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген 74 спортшы тәрбиеленуде.

21 олимпиадалық, 27 олимпиадалық емес, 11 ұлттық спорт түрін, сондай-ақ мүгедектер арасындағы спортты дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл санаттағы жандар арасында 9 спортшы - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 12 спортшы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиялық құрама командасына енген, 6 спортшы – Қазақстан Республикасының спорт шебері.

2016 жылы «Спорт – денсаулық кепілі» девизімен 178 мың адамды қамтыған 860 спорт жарысы, соның ішінде денсаулық фестивалі, облыстық мектептер лигасы, салалық спартакиадалар, сондай- ақ, кәсіби мерекелерге орай спорттық-бұқаралық шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

2016 жылдың ең жоғары жетістігі - ауыр атлетикадан облыс құрама командасының мүшесі Нижат Рахимовтің Рио де-Жанейрода (Бразилия) өткен Олимпиада Ойындарында алтын медальді иеленуі.

«Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын 2 спортшы, «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағын 34, «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер» атағын 25 спортшы иеленді.

 

Қоршаған ортаны қорғау

Экологиялық мәртебесін анықтау үшін «Азғыр» және «Капустин Яр» полигондары аймағына іргелес елді мекендердің және аймақтардың қоршаған ортаның жағдайына, радиоэкологиялық жағдайына, тұрғындар денсаулығына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына кешенді бағалау жұмыстары жүргізілді.

«Жайық өзенінің сулылығын арттыру және гидрологиялық режимін жақсарту» жобасы бойынша Индер ауданында Жайық өзеннің тайызданған арнасының өзен түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигоны және қайта өңдеу кешені үшін Махамбет ауданының Алмалы ауылдық округі аумағында 50 га жер учаскесі бөлінді.

Облыстағы кең таралған пайдалы қазбалардың (КТПҚ) 22 кен орны бойынша (20 өндіру және 2 барлау-іздестіру) жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде конкурс өткізу жоспарлануда.

Құм басудың кері әсерін азайтудың кешенді сызбасы аясында Исатай ауданының Зинеден, Исатай ауылдарында, сондай-ақ, Жылыой ауданының Майкөмген ауылында құм көшкінін тоқтату жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы осындай жұмыстар Исатай ауданының Исатай ауылында және Қызылқоға ауданының Жасқайрат және Миялы ауылдарында жоспарланып отыр.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта жаңғырту

Облыста «Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Облыстағы 1 514 көппәтерлі тұрғын үйдің – 448-і жөндеуді қажет етеді. Бағдарлама шеңберінде 2011-2016 жылдар аралығында 2 млрд. 125 млн. теңге сомасына Атырау қаласында 83 көппәтерлі тұрғын үй жөнделді, оның ішінде тұрғындардың қайтарымды (347,7 млн. теңге) қаражатына 9 үй жөндеуден өтті.

 

Жастар саясаты

Мемлекеттік бағдарламалар аясында 5 443 жасқа қолдау көрсетілді.

2016 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 126 маман жолданды.

«Жас Отау» бағдарламасы бойынша жас отбасыларға арналған 90 пәтерлік тұрғын үй тапсырылды, сондай-ақ 120 пәтерлік 1 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, кезекті 100 пәтерлік үйдің құрылысы жүргізілуде.

Жастар ұйымдары жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге белсенді қатысып отырады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 22 жоба ұйымдастырылды.

Облыста 90 мыңнан аса жастың қатысуымен 1 200-ге жуық шаралар ұйымдастырылды.

 

Діни ахуал

Облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде арнайы ақпараттық-насихат топтары жұмыс жасайды. 2016 жылдың қорытындысымен бұл бағытта 187 мыңнан астам адамды қамти отырып, облыстық маңыздағы 1 344 шара өткізілді.

Облыста дінтанушылар, психологтар, педагогтар, дін қызметшілері, журналистер, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен «Жастар арасындағы терроризм мен экстремизм идеологиясының таралуын болдырмаудағы біліктілікті

арттыру жүйесінің рөлі» және «Ұлттық құндылықтар: жаһандану жағдайындағы дәстүрлі отбасы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.

2016 жылы дін мәселесі, дәстүрлі емес діни ағымдағы мәселелердің таралып кетуін алдын алу бойынша 800 қызметкерлер мен түрлі саладағы мамандарға 27 шара өткізілді (журналисттер, оқытушылар, мектеп психологтары, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ұлттық компаниялар және кәсіпорындар қызметкерлері, имамдар).

 

Құқық қорғау саласы

Облыс орталығындағы бейнебақылау камераларының көмегімен 26 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 52 қылмыс ашылды.

2016 жылы 134 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 994 млн. теңгеден астам айыппұл салынып, 543 млн. теңгеден астамы өндірілді (54,6%).

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 797 млн. теңгеден астам айыппұл өндірілді. Жүргізілген алдын алу шаралары нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының санын 18,8%-ға төмендетуге қол жеткізілді (410-нан 333-ке дейін).


Мақаланың шыққан күні:: 02.03.2017 16:31
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.03.2017 16:31