Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
27.06.2017

Қызметтер

Атырау облысының әкімі Б.С. Ізмұхамбетовтың 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндамасынан тезистер

Атырау облысының әкімі Б.С.Ізмұхамбетовтың

2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының

қорытындылары туралы баяндамасынан тезистер

 

        Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты. Инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа өндірістерді іске қосу, мұнай-газ өндіру көлемін арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Құрылыс индустриясы мен өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, инфрақұрылым және әлеуметтік саланы дамытуға назар бөлінуде.

 

Өнеркәсіп

        Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2015 жылы 3 414 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексi - 101%.

        Тау-кен өнеркәсiбiнде 3 030,6 млрд. теңге сомада өнім өндiрiлді, өндірілген өнімнің нақты көлем индексi 100,9%-ды құрады.

        Есепті кезеңде 32,4 млн. тонна мұнай және 15,2 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді, яғни, 2014 жылдың деңгейіне, тиісінше, 101,3% және 102,7%.

       «Теңiзшевройл» ЖШС 27,2 млн. тонна мұнай өңдірді немесе өткен жылдың деңгейіне 101,8%, ілеспе мұнай газы - 15 млрд. текше метр (105,7%).

       «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамында мұнай өндіру 2 823,1 мың тоннаны құрады (100,0%), ілеспе мұнай газы - 191 млн. текше метр (101,5%).

       Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 331,1 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың деңгейіне 98,5%-ды құрады.

      «АМӨЗ» ЖШС-де 2015 жылы 4 867,7 мың тонна мұнай өңделді немесе 2014 жылдың деңгейіне 98,9%. Пеш отын майы – 163,3 мың тонна (99,9%), автобензин – 605,1 мың тонна (98,8%), ТС-1 отыны – 21,1 мың тонна (95,9%), дизель отыны – 1 210,8 мың тонна (90,3%), отындық мазут – 1 632,9 мың тонна (107,4%) өндірілді.

       2015 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 751 жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 24,7 млрд. теңгеге 10 жоба жүзеге асырылды:

       - «Алмалы Құс» ЖШС-ның құс фабрикасының құрылысы;

       - «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС-ның оптикалық кабель шығаратын зауыт құрылысы;

       - «Атырау Сауда» ЖШС-ның құс фабрикасын кеңейту;

       - «СП Первомайский» ЖШС-ның сүт өңдеу және қышқыл-сүт өнімдерінің өндірісі кешенінің қуатын арттыру;

       - «Кемикал Солюшнс» ЖШС-ның химиялық реагенттер өндіретін зауыты;

       - «Полимер Продакшн» ЖШС-нің полимерлік өнім өндірісі;

       - «Kaspi Lana Atyrau» (Каспий Лана Атырау) ЖШС-нің жүн өнімдерінің өндірісі;

       - «Атырау Агро Феликс» ЖШС-нің консервіленген көкөніс өнімдерін шығару жөніндегі өндірістік кешені;

       - «Асыл Агро» ШҚ-ның ет өңдеу, колбаса өнімдерін шығару және ет консервілері цехы;

       - «Атырау Бөдене» ЖШС-нің бөдене жұмыртқасы мен етін шығаратын фабрикасы.

 

Ауыл шаруашылығы

      Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 52,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2014 жылға қарағанда – 104,0%. Соның ішінде: мал шаруашылығында - 33,0 млрд. теңге (101,5%), егін шаруашылығында - 18,9 млрд. теңге (109,1%).

     Тәулігіне 10 тонна көк балауса дайындайтын гидропоника кешені іске қосылды (жылына – 3 650 тонна).

     Тамшылатып суару тәсілі 1 500 гектарда қолданылады.

     Облыс бойынша 6,8 мың гектар жер көкөніс-бақша, мал азықтық және дәнді дақылдар өсіруге пайдаланылуда (картоп – 1 540 га, көкөніс – 2 456 га, бақша – 917 га, мал азықтық дақылдар – 1 564 га, дәнді дақылдар – 322 га).

     2015 жылы жылыжайлардың аумағы 12,5 гектарға жетті.

     2015 жылы жалпы сиымдылығы 29,8 мың тонна 35 көкөніс сақтау қоймасы болды. Оның ішінде, өткен жылы 10,8 мың тонналық 2 көкөніс сақтау қоймасы салынды.

     1 000 бас мүйізді ірі қара малы үшін («СП«Первомайский» ЖШС)  150 гектар суармалы алқапқа тұңғыш рет күзгі қара бидай егіліп, 250 тонна сүрлем дайындалды.

     Бүгінгі күні тұрақтандыру қорында 3 427,7 тонна азық-түлік тауарлары және көкөністер сақталуда (қызылша – 8,1 тонна, сәбіз – 798,2 тонна, картоп – 1 656,3 тонна, пияз – 1 205,1 тонна, қырыққабат – 152,7 тонна, өсімдік сары майы (спред) – 7,4 тонна, күріш – 112 тонна, макарон өнімдері – 51,8 тонна, сиыр еті – 6,5 тонна, тауық еті – 14,6 тонна, тауықтың сирағы – 15 тонна).

     2015 жылы жергілікті өнімдерді сату үшін 484 жәрмеңке өткізілді.

     Атырау қаласында 288 орынды «Сарайшық» қоммуналдық базары іске қосылып, бұнда сүт және ет өнімдері, жұмыртқа, балық, көкөніс, жеміс-жидектер сатылуда.

 

Кәсіпкерлік

    Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнімнің көлемі 2015 жылғы қаңтар - қыркүйекте 523,3 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңінен 21,2% -ға жоғары.

    2016 жылғы 1 қаңтарға қызмет істеп жатқан субъектілердің саны 46 688 бірлікті құрады.

    2015 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 1 401,9 млн. теңге бөлінді (субсидиялауға – 958,9 млн. теңге, кепілдендіруге – 86 млн. теңге, гранттар ұсыну бойынша – 10 млн. теңге, айналымдағы қаражатты толықтыруды субсидиялауға – 347 млн.теңге).

    2015 жылдың қорытындысымен 70 жоба субсидияланып, 48 жоба кепілдендірілді, 5 кәсіпкер мемлекеттік грант алды.

   «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ұлттық қор есебінен үш транш бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы 7,6 млрд. теңгеге 38 жоба қаржыландырылып, 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.

    Ауыл кәсіпкерлерінің арзан несиеге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жылдық мөлшерлемесі 7% қайтарымды несие беру үшін жергілікті бюджеттен жыл сайын қаражат бөлініп тұрады.

 

Инвестициялар

      Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1 455,9 млрд теңгені құрады немесе 2014 жылға қарағанда 125,5%. Республиканың жалпы көлеміндегі облыстың үлесі - 20,7%.

      Инвесторларды тарту мақсатында жыл сайын «ATYRAU INVEST» халықаралық инвестициялық бизнес форумы, «Атырау Ойл & Газ» және «Атырау Билд» Солтүстік-Каспий Өңірлік көрмелері өткізіледі.

      Көрме жұмысына 100-ден астам қазақстандық және шетелдік мұнай және құрылыс компаниялары қатысады.

      Ынтымақтастық орнату және өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін айқындау мақсатында 2015 жылы Жапония, Ұлыбритания, Франция, Ресей Федерациясының Ұдмұрт Республикасы, Норвегия, Нидерланды Корольдігі, Корея және басқа да елдердің делегациялары облысқа ресми іс-сапармен келді.

      2015 жылғы мамыр айында өткен VIII Астана экономикалық форумында өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері отандық және шетел инвесторларына таныстырылды, сондай-ақ, өңірдің делегациясы «Агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында өткен Қазақстан мен Ресейдің
XII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты (Сочи қаласы).

 

Газдандыру

      Қазіргі таңда облыс елді мекендерінің 79,5%-ы немесе халықтың 98% газдандыру жүйесімен қамтылған.

      2015 жылы Мақат ауданы Мақат кентінің №402 (ПМС) бекетінде 10,3 шақырым газ құбыры тапсырылды.

      «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Құрманғазы ауданының 13 елді мекені газдандырылды.

      2016 жылы ұзындығы 110 шақырым Индер-Махамбет апатты магистралды газ құбырын ауыстыру жұмыстары аяқталады.

      Құрманғазы ауданының Азғыр өңірінің елді мекендері үшін ұзындығы 365 шақырым жоғары қысымды магистралдық және кентаралық газ құбырының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталды. Нысанның құрылысы ағымдағы жылы NCOC B.V. демеушілік қаражаты есебінен іске асырылатын болады.

      Азғыр өңірінің 10 елді мекеніндегі селоішілік газ құбыры желісінің құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

 

Тұрғын үй құрылысы

     2015 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 384 млрд.теңгені құрады немесе 2014 жылдан 53,1% жоғары.

     «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына сәйкес 2015 жылы 1 447,5 млн. теңге бөлініп, 1 420,9 немесе 98,1% игерілді.

     2015 жылы 550 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға жоғары (бюджет қаражаты есебінен – 101,5 мың шаршы метр, коммерциялық және ведомстволық – 24,3 мың шаршы метр, жеке тұрғын үй – 424,2 мың шаршы метр).

     Тұрғынүйжинақ жүйесі арқылы жалпы аумағы 28,9 мың шаршы метр 405 пәтерлік 8 үйдің құрылысы жалғастырылды. Оның ішінде, жалпы аумағы 25,5 мың шаршы метр 360 пәтерлік 7 үй пайдалануға берілді, қалған 1 үй 2016 жылға қалдырылды.

     2015 жылы жалпы аумағы 15 381,4 шаршы метр 225 пәтерлік 5 жалдамалы үйдің құрылысы жалғастырылды. Оның ішінде, аумағы 9 803,8 шаршы метр 135 пәтерлік 3 үй жас отбасыларға пайдалануға берілді, қалған 2 үй 2016 жылға қалдырылды.

     Оның ішінде, кезекте тұрған азаматтар үшін жалпы аумағы 3 761 шаршы метр 60 пәтерлік бір жалдамалы үй 2016 жылға қалдырылды. Жас отбасыларға арналған жалпы аумағы 11 620,4 шаршы метр 165 пәтерлік 4 үйдің аумағы 9 803,8 шаршы метр 135 пәтерлік 3 үйі пайдалануға берілді, қалған бір үй 2016 жылға қалдырылды.

     Жергілікті бюджет есебінен 1 566 пәтерлік 53 үйдің (90 420,5 шаршы метр) құрылысы жалғасуда, оның ішінде 710 пәтерлік 31 үй (41 912,0 шаршы метр) пайдалануға берілді.

     Республикалық және жергілікті бюджет есебінен барлығы 1 205 пәтерлік 41 тұрғын үй пайдалануға берілді (77 241,5 шаршы метр).

     NCOC B.V. қаражаты есебінен 2016 жылы Мақат ауданының Мақат және Доссор кентінде, Индер ауданының Индербор кентінде, Исатай ауданының Аққыстау селосында, Құрманғазы ауданының Кадырка селосында және Махамбет ауданының Махамбет селосында 6 тұрғын үйдің (жалпы аумағы 24,1 мың шаршы метр, 60 пәтерлік 3 қабатты) құрылысы жоспарлануда.

     «Құлсары моноқаласын дамыту кешенді бағдарламасы» шеңберінде 2015 жылы республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 638,5 млн. теңге игерілді, соның ішінде:

     - инженерлік инфрақұрылымды дамытуға (ықшам аудандарда автокөлік жолдарын және электрмен қамту нысандарын жаңғырту) – 300,7 млн. теңге;

     - ағымдағы абаттандыруға (спорт, балалар ойын алаңдары, аялдамалар сатып алу және орнату, қаланы көгалдандыру, жайластыру, кәріздік-тазалау имаратын күрделі жөндеу) – 139,2 млн. теңге;

     - кәсіпкерлерді қолдауға (несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, жаңа өндірістерді ашу үшін шағын несие және гранттар ұсыну) – 198,6 млн. теңге.

 

Ауыз сумен қамту

      «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде 2011-2015 жылдары 88 сумен жабдықтау нысаны пайдалануға берілді, соның ішінде 2014 жылы - 66 нысан, 2015 жылы - 4 нысан.

      Соңғы 5 жылда ауыз сумен қамту деңгейі 52%-дан 75,6 %-ға ұлғайды.

      2016 жылдың соңына дейін ауылдық елді мекендерді 78% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

      Ағымдағы жылы су тазалау имаратының және селоішілік суқұбыры желілерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары (Махамбет ауданының Алмалы, Таңдай, Ортақшыл, Алға селоларында; Индер ауданының Аққала, Құрылыс, Ынтымақ селоларында; Жылыой ауданының Тұрғызба селосында, Исатай ауданының Тұщықұдық селосында) және Қызылқоға ауданының Тайсойған селосында жер асты суының 5 ұңғымасын іске қосу қаралған.

 

Электрлендіру

       2015 жылы Атырау ЖЭО-ның қуатын 314-тен 414 МВт-ға арттыру өңірді электр энергиясымен толықтай қамтамасыз етті.

       Құрманғазы ауданының елді мекендерін электрлендіру жұмыстары жүргізілді (Дәшін, Орлы, Д.Нұрпейісова, Афанасьев селолары және Ганюшкино селосының Безымянный ықшам ауданы).

 

Көлік инфрақұрылымы

       Облыс бойынша облыстық және аудандық маңыздағы втокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 2 061,6 шақырымды құрайды. 2015 жылы
139 шақырым жол жөнделді.

       Ұзындығы 170 шақырым облыстық маңыздағы «Атырау-Индер» автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

       Облыстық маңыздағы «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автокөлік жолының Қарабау-Миялы аралығын (123 шақырым) жаңғырту жалғасуда.

       Қызылқоға ауданының Сағыз селосында темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі салынды.

       Махамбет ауданының Махамбет селосындағы Жайық өзені арқылы өтетін ұзындығы 660 метр көпір құрылысы жалғасуда, көпірді 2016 жылдың аяғына дейін тапсыру жоспарланып отыр.

       Махамбет ауданының 7 селосында (Махамбет, Алға, Еңбекшіл, Ортақшыл, Есбол, Ақжайық, Сарайшық), Индер ауданының 4 селосында (Индербор, Құрылыс, Жарсуат, Бөдене), Мақат ауданының 3 селосында (Мақат, Бәйгетөбе, ПМС), Жылыой ауданының Қосшағыл селосында, Қызылқоға ауданының 3 селосы (Жангелдин, Жасқайрат, Қоныстану), Исатай ауданының Аққыстау және Жанбай селоларында кірме жолы және село ішілік жолдарына, Құрманғазы ауданының «Даулеткерей-Алға және облыстық маңызы бар «Ганюшкино-Приморье-Утери-Котяевка» автокөлік жолының 20 шақырымына (29-49 шақырым аралығы) күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

       Жылыой ауданының Шоқпартоғай және Аққызтоғай селоларына кірме жолдардың, Индер ауданының Индербор кентіне кірме және кентішілік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

       Ағымдағы жылы Құрманғазы ауданының «Кудряшова-Жаңа аул-Арна» жолына орталық көшелерімен қайта жаңғырту жұмыстары және Құрманғазы ауданының Жұмекен селосының селоішілік жолдарына, Мақат ауданының Доссор кентінің кентішілік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары басталады.

      Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде Құлсары қаласының жалпы ұзындығы 25 шақырым қалаішілік автокөлік жолдарына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылы 5 шақырымы жаңғыртылды, ағымдағы жылы бұл жұмыстар жалғасады.

      2015 жылы Атырау қаласының және қала маңындағы кент округтерінде (Геолог, Еркінқала, Балықшы, Қайыршахты ауылдық округі) 20,2 шақырым автокөлік жолы жөнделді. Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бұқаралық спортты дамыту үшін Атырау қаласында әуежайға қарай жалпы ұзындығы 4,6 шақырым велосипед және тротуар жолы пайдалануға берілді.

      Ұзындығы 138 шақырым «Мақат-Сағыз» учаскесін, ұзындығы 277 шақырым «Атырау-Астрахань» учаскесін және 17 шақырымдық «Мақат-Доссор» учаскесін қайта жаңғырту бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

      10 шақырымдық 468-458 шақырым учаскесін жаңғырту  бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталды, мердігер мекеме анықталды, жұмыстар ағымдағы жылдың сәуір айында басталады.

      «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы (Астрахань)» автокөлік жолының 892-893 шақырым аралығында күрделі жөндеу және «Құрманғазы» шекаралық қосындағы қозғалыстың қосымша жолақтарын салу жұмыстары жүргізілді.

      Ағымдағы жылы Атырау қаласында автокөлік жолдарының құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қаралған.

 

Халықты әлеуметтік қорғау

        2015 жылы облыста 17 059 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 9 695 - тұрақты жұмыс орны.

        2015 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлініп, бағдарламамен 2 343 адам қамтылды.

        Бағдарламаның бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 200 адамды жұмыспен қамти отыра, облыстың 20 әлеуметтік нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

        Бағдарламаның екінші бағыты «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» бойынша 328 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды және 337 адам өз ісін дамытуға 837,8 млн. теңге сомасында несие алды (196 адам республикалық бюджеттен 487,7 млн. теңге мөлшерінде және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қорының қайтарылған қаражаты есебінен - 141 адам 350,1 млн. теңге сомасында).

        Бағдарламаның үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша кәсіби оқуды аяқтаған және мамандарды қайта даярлау курстарынан өткен 483 адамның 363-і тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды (75%), 33 адам кәсіби колледждерде оқуларын жалғастыруда. Әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжірибесі бағдарламасына 619 адам орналастырылды.

 

Денсаулық сақтау

        «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана құрылысы» бағдарламасы бойынша облыста 19 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді (ауысымына 250 келушіге арналған - 1 аудандық емхана, ауысымына 25 келушіге арналған – 14 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт – 4).

        Облыстық перзентханаға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, облыстық перинатальдық орталық болып қайта ашылды. Индер ауданында ауысымына 100 келушіге арналған емхана пайдалануға берілді, сондай-ақ, Атырау қаласының Геолог кентінде 100 келушіге арналған емхана құрылысы жалғасуда.

        Демеушілік көмек қаражаты есебінен Атырау қаласының Нұрсая мөлтек ауданында 180 кереуеттік облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталуда.

        Құрманғазы ауданының Ганюшкино селосы РТС ықшам ауданында фельдшерлік-акушерлік пунттің құрылысы жалғасады, нысанды іске қосу мерзімі - ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы.

        Ганюшкино селосында 75 төсектік аудандық орталық аурухананың, «NCOC» компаниясының демеушілік қаражаты есебінен Индер ауданының Көктоғай селосында жанұялық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы қаралған.

 

Білім беру

        2012-2014 жылдар аралығында облыс бойынша 11 апаттық мектеп болды. Оларды ауыстыру бойынша 5 мектептің құрылысы аяқталды (Махамбет ауданының Ақтоғай ауылында 120 орындық мектеп; Атырау қаласының Н.Крупская атындағы 300 орындық мектеп; Атырау қаласының Құрсай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы 300 орындық мектеп; Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы №19 300 орындық мектеп; Махамбет ауданының Жалғансай ауылында 300 орындық мектеп).

        Бүгінгі күні 4 мектеп бойынша мердігер анықталды және жұмыстар жүргізілуде (Атырау қаласының Ақжайық ауылында Отаралиев атындағы 120 орындық мектеп; Индер ауданының М.Мөңкеұлы атындағы 100 орындық мектеп; Индер ауданының Аққала ауылында 120 орындық мектеп; Махамбет ауданының Береке ауылында 250 орындық мектеп) және 2 мектеп бойынша (Индер ауданының Ынтымақ ауылында 120 орындық және Құрманғазы ауданының Жалғызапан ауылында 80 орындық мектептер) тендер жұмыстары жүргізілуде.

        28 білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

        1-6 жастағы балалардың балабақшамен қамтылу деңгейі 54,5%, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы – 82,6% құрайды.

        2015 жылы 1250 орындық 5 балабақша1 жапсаржай (Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданында 280 орындық балабақша, Құрманғазы ауданының Ганюшкино селосында 280 орындық балабақша; Жылыой ауданы Жаңа-Қаратон кентінде 280 орындық және Құлсары қаласында 200 орындық балабақша; Атырау қаласының Бірлік кентінде 160 орындық балабақша; Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында Құлыншақ балабақшасына 50 орындық жапсаржай), сондай-ақ, 970 орындық 4 мектеп іске қосылды (Индер ауданының Есбол ауылында 70 орындық мектеп-интернат; Махамбет ауданының Жалғансай ауылында 300 орындық мектеп; Жылыой ауданының Құлсары қаласында 300 орындық 2 мектеп).

        2 765 орындық 14 балабақша және 2 458 орындық 8 мектеп құрылысы жүргізілуде (Исатай ауданының Аққыстау ауылында 160 орындық балабақша және Х.Ерғалиев ауылында 100 орындық балабақша; Махамбет ауданының Махамбет ауылында 280 орындық балабақша; Жылыой ауданының Шоқпартоғай, Ақкиізтоғай, Тұрғызба, Қосшағыл ауылдарында 160 орындық балабақша; Жылыой ауданының Жаңа-Қаратон ауылында 280 орындық балабақша және Құлсары қаласында 165 орындық балабақша; Мақат ауданының Доссор кентіндегі 100 орындық шипажай-балабақша; Атырау қаласының Бірлік ауылында 280 орындық балабақша; Атырау қаласының Атырау ауылында 160 орындық балабақша, Вокзал маңы ықшам ауданында 280 орындық балабақша, Нұрсая ықшам ауданында 320 орындық балабақша; Индер ауданының Құрылыс селосында 100 орындық мектеп және Аққала ауылында 120 орындық мектеп; Махамбет ауданының Береке ауылында 250 орындық мектеп; Мақат ауданының Доссор кентінде 300 орындық мектеп; Нұрсая ықшам ауданында 624 орындық мектеп, 624 орындық техникалық гимназия; 320 орындық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия; Ақжайық ауылында 120 орындық мектеп).

        Ағымдағы жылы 970 орындық 4 балабақша және 1 928 орындық 7 мектеп құрылысы жоспарлануда (Исатай ауданының Зинеден ауылында 100 орындық балабақша; Жылыой ауданының Құлсары қаласында 290 орындық
2 балабақша; Атырау қаласының Еркінқала ауылында 290 орындық балабақша; Исатай ауданының Қызылүй ауылында 80 орындық мектеп; Индер ауданының Ынтымақ ауылында 120 орындық мектеп; Құрманғазы ауданының Приморье ауылында 300 орындық мектеп және Жалғызапан ауылында 80 орындық мектеп; Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында 424 орындық мектеп; Атырау қаласының Ракуша ауылында 300 орындық мектеп және Жұлдыз ауылында 624 орындық мектеп).

 

Мәдениет

         Ұлы Отан соғысынан қайтпай қалған 13 мыңнан астам жерлестеріміздің есімдері жазылған ескерткіш қабырға, сондай-ақ, Ауған соғысына қатысушыларға арналған ескерткіш орнатылды.

         2015 жылы Исатай ауданының Аққыстау ауылында 400 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді.

         Исатай ауданының Тұщықұдық ауылындағы апатты жағдайдағы Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

         Исатай ауданының Жанбай ауылында 200 орындық, сондай-ақ, Индер ауданының Индербор кентінде 400 орындық мәдениет үйлерінің құрылыстары жүргізілуде.

         Махамбет атындағы қазақ драма театры ғимаратына және облыстық халық шығармашылық орталығына күрделі жөндеу жүргізілді.

         Көне заманнан бүгінге дейінгі 700-ден астам ақынның өлеңдері жинақталған он томдық «Жыр маржаны» қазақ поэзиясының антологиясы жарық көрді.

         Өнер ұжымдары концерттік бағдарламалармен Түркияның, Түркіменстанның және Ресей федерациясының қалаларында гастрольдерде болды.

         Облыстың шығармашылық ұжымдары Оңтүстік Қазақстан облысымен мәдениет күндерімен алмасты.

         «Ынтымақ пен бірлік - Мәңгілік ел тұғыры» тақырыбында мәдениет күндері өткізілді.

         Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Ұрпаққа ұран болған Ұлы жеңіс» атты Республикалық ақындар айтысы өтті.

         Жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевтың Халықаралық театр фестивалі өткізіліп, оған еліміздің түрлі өңірлерінен драма театрлары, Қырғызстан мен Монғолияның театр ұжымдары қатысты.

         Ағымдағы жылы облыстың 10 елді мекенінде демеушілік қаражат есебінен (ТШО, NCOC) мәдениет үйлерінің құрылыстары жоспарлануда (Индер ауданының Есбол селосында 300 орындық, Индер ауданының Бөдене селосында 200 орындық, Қызылқоға ауданының Мұқыр селосында 400 орындық, Қызылқоға ауданының Қарабау селосында 300 орындық, Құрманғазы ауданының Дәшін селосында 400 орындық, Махамбет ауданының Береке селосында және Атырау қаласының Ақсай, Жұмыскер, Жаңаталап, Еркінқала селоларында әрқайсысы 200орындық).

 

Спорт

         Атырау қаласының Нұрсая ықшам ауданында спорт кешені пайдалануға берілді, жеке кәсіпкерлер қаражаты есебінен Геолог ауылында теннис корты, Атырау қаласының Құлманов көшесінде фитнес-орталығы салынды.

         Атырау қаласында ағымдағы жылдың мамыр айында іске қосылатын теннис кортының, сондай-ақ Нұрсая ықшам ауданында спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.

        «ҚазМұнайГаз» АҚ қаражаты есебінен қалада және Ақсай ауылдық округінде спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.

        Облыста 8 спорт клубы, 11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасауда.

        Облыстық олимпиадалық резервті даярлау орталығында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген 121 спортшы тәрбиеленуде.

        «Облыстық «Атырау» волейбол командасы» коммуналдық қазыналық мемлекеттік мекемесі жанынан Академия құрылды.

        8 спорт клубынында 4 Академия құрылып, мұнда 1 808 бала спорттың әр түрімен айналысады.

        20 олимпиадалық, 26 олимпиадалық емес, 12 ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша, сондай-ақ мүгедектер арасындағы спорт, мүмкіндігі шектеулі жандарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл санаттағы жандар арасында 9 спортшы - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 12 спортшы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиялық құрама командасына енген, 6 спортшы – Қазақстан Республикасының спорт шебері.

        Спорттағы жоғары жетістіктері үшін облыстың 98 өкілі түрлі спорт түрлері бойынша ҚР құрама командасының қатарына енгізілді, оның ішінде: жасөспірімдер құрамасында - 33, жастар құрамасында - 38, негізгі құрама командасында – 27 спортшы.

        2015 жылы «Спорт – денсаулық кепілі» девизімен 143 мың адамды қамтып 855 спорт жарыстары, соның ішінде денсаулық фестивалі, облыстық мектептер лигасы, мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада, салалық спартакиадалар, сондай- ақ, кәсіби мерекелерге орай спорттық-бұқаралық шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

        2015 жылдың ең жоғары жетістігі - ауыр атлетикадан облыс құрама командасының мүшесі Нижат Рахимовтың 2016 жылы Рио де-Жанейрода өтетін (Бразилия) Олимпиада Ойындарына қатысу үшін лицензияны ұтып алуы.

        «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын 7 спортшы, «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағын 22 спортшы иеленді.

        2016 жылы Құрманғазы ауданының Шортанбай, Байда ауылдарында жедел конструкциялы спорт кешендерін пайдалануға беру жоспарлануда.

 

Қоршаған ортаны қорғау

       Экологиялық мәртебесін анықтау үшін «Азғыр» және «Капустин Яр» полигондары аймағына іргелес елді мекендердің және аймақтардың  қоршаған ортаның жағдайына, радиоэкологиялық жағдайына, тұрғындар денсаулығына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына кешенді бағалау жұмыстары жүргізілді.

      «Жайық өзенінің сулылығын арттыру және гидрологиялық режимін жақсарту» жобасы бойынша Индер ауданында Жайық өзеннің тайызданған тұстарында өзен түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде.

      2015 жылы Жайық өзені сағасында «Сарынский рыбак» теңіз кемесін көтеру және жою жұмыстары жүргізілді.

      Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигоны және қайта өңдеу кешені үшін Махамбет ауданының Алмалы ауылдық округі аумағында 50 га жер учаскесі бөлінді.

      Облыстағы кең таралған пайдалы қазбалардың (КТПҚ) 32 кен орны бойынша (31 өндіру және 1 барлау-іздестіру) жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде конкурс өткізу жоспарлануда.

      Құм басудың кері әсерін азайтудың кешенді сызбасы аясында Исатай ауданының Зинеден, Исатай ауылдарында, сондай-ақ, Жылыой ауданының Майкөмген ауылында құм көшкінін тоқтату жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы осындай жұмыстар Қызылқоға ауданының Жасқайрат және Миялы ауылдарында жоспарланып отыр.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта жаңғырту

        2015 жылы «Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында 200 млн. теңге көлеміндегі республикалық бюджет қаражаты есебінен Атырау қаласында көппәтерлі 6 тұрғын үй жөндеуден өткізілді.

        Қайтарымды қаражатқа бір үй жөнделіп, сондай-ақ, Авангард ықшам ауданының №23-б үйінің лифтісін ауыстыру бойынша монтаждық жұмыстар жүргізілуде.

 

Жастар саясаты

        Атырау облысында 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 154 мыңнан астам, бұл облыс халқының жалпы санының 26% құрайды.

        2015 жылы жастар саясатын жүзеге асыруға 591,8 млн. теңге, соның ішінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 70 млн. теңге бөлінді.

        2015 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 126 маман жолдама алады.

        «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы шеңберінде 180 жас маманға қосымша 21 млн.теңге бөлінді. Бағдарлама бойынша 522 маман жұмысқа орналасты.

        Ағымдағы жылы Нұрсая ықшам ауданында «Жастар орталығы» ашылады.

 

Діни ахуал

        Облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде арнайы ақпараттық-насихат топтары қызмет етеді жұмыс жасайды. 2015 жылдың қорытындысымен бұл бағытта 196 мыңнан астам адамды қамти отырып, облыстық маңыздағы 1 522 іс-шара өткізілді.

        Араб Республикасы, Ливан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей елдерінің теолог, ғалымдарының қатысуымен «Ислам мәдениеті: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларға қарсы тұрудың жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

       «Өмірзая» атты дін тақырыбындағы бессериялы көркем фильмнің тұсаукесері өтті.

       2015 жылы дін мәселесі, дәстүрлі емес діни ағымдағы мәселелер бойынша 3 539 қызметкерлер мен түрлі саладағы мамандарға 74 іс-шара өткізілді (журналистер, мұғалімдер, мектеп психологтары, мемлекеттік қызметшілер, құзырлы органдар қызметкерлері, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар қызметкерлері, имамдар).

 

Құқық қорғау саласы

       2016 жылы «Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында қосымша 329 бейнебақылау камераларын сатып алу үшін қаражат бөлінді. Облыс орталығындағы бейнебақылау камераларының саны 423 бірлікті құрайды: олардың көмегімен 26 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 50 қылмыс ашылды.

       Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 640 млн. теңгеден астам айыппұл өндірілді. Жүргізілген алдын алу шаралары нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының санын 6%-ға төмендетуге қол жеткізілді (436-дан 410-ға дейін).

 

 

 

 

 Облыс әкімінің 2016 жылғы 

«__» наурыздағы №_ ө

өкімімен бекітілген 

 

Облыс әкімі Б.С.Ізмұхамбетовтің «Атырау облысының 2015 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2016  жылға міндеттері туралы» есебін талқылау қорытындылары бойынша және қала, аудандар әкімдерінің есеп беру кездесулеріне қатысуы кезінде түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Сұрақ қоюшы

Қысқаша мазмұны

Мерзімі

Жауапты орындаушы

Бақылауға жауапты

Атырау облысы

  1. 1

Карин Мақсот – Қызылқоға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Сағыз мекеніндегі қалып қойған 200 үйге су құбыры қашан жүргізіледі

 

2016 жыл

4 тоқсан

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Қызылқоға аудан әкімі 

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1. 2

Құбаев Ғаділ - Атырау қаласының тұрғыны, «Азамат Аман» КСК төрағасы

Ағымдағы жылы көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жалғасады ма

 

2016 жыл

4 тоқсан

Атырау қаласының әкімі,

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1. 3

Қабесов Болат – Қызылқоға ауданының тұрғыны, округ әкімі

Қарасу жер асты су ұңғымаларын қосу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталған екен, нысан құрылысы қашан іске асырылады

2016 жыл

3 тоқсан

Қызылқоға аудан әкімі,

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,  

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1. 4

Юсупов Талғат – Атырау қаласының тұрғыны

Нұрсая ықшам ауданындағы инфекциялық аурухана қашан пайдалануға беріледі

2016 жыл

2 тоқсан

Құрылыс басқармасы

  

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1. 5

Мусағалиев Есенжан – Атырау қаласынан, болашақ кәсіпкер

Жергілікті тауар өндірушілерге, кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндерге мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі

2016 жыл

1 тоқсан

Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы 

Облыс әкімінің орынбасары – С.Нақпаев

  1. 6

Ишаев Мақсот – Атырау қаласының тұрғыны, «Атыраунефтемаш» ЖШС-ның бас директорының орынбасары

Қашаған кен орнында мұнай мен газдың үлкен қоры бар, көмірсутекті шикізатты өндіруде проблемалар туындады. 2017 жылға дейін Қашаған жұмыстары қалпына келе ме

2016 жыл

4 тоқсан

Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы 

Облыс әкімінің орынбасары – Ғ.Дүйсембаев

  1. 7

Сабиров Еркін – Атырау қалалық №1 емхананың бас дәрігері

Облысымызда денсаулық саласының мамандарының жетіспеушілігі байқалады. Осы бағытта қандай шаралар алынуда

2016 жыл

3 тоқсан

Денсаулық сақтау басқармасы

Облыс әкімінің орынбасары – Ш.Мұқан

  1. 8

 Ткач Павел - Атырау қаласының тұрғыны

  

 

Тұрғын үй қалашығындағы  жәрмеңкені неге алып тастады? Көптеген тұрғындар сол жәрмеңкеге баратын еді   

 

2016 жыл

1 тоқсан

Атырау қаласының  әкімі

Облыс әкімінің орынбасары – С.Нақпаев

  1. 9

Ғұмаров Жолдас – Атырау қаласының тұрғыны, көзден мүгедек

Облыстағы зағиптардың ортақ мәселелері бойынша қабылдауыңызға кірейін деп едім, болады ма

2016 жыл

1 тоқсан

Облыс әкімі аппаратының  жалпы бөлімі

Облыс әкімінің орынбасары – Ш.Мұқан

Атырау қаласы

  1.  

Ө.Жұмағалиев  – жеке кәсіпкер

Ауылшаруашылығы саласында субсидияларды қысқартпауды сұрады

2016 жыл

1 тоқсан

Ауыл шаруашылығы басқармасы

Облыс әкімінің орынбасары – С.Нақпаев

  1.  

М.Нигметов – еңбек ардагері

Құрсай ауылына жол  салу жөнінде ұсыныс білдірді

2016 жыл

4 тоқсан

Атырау қаласының әкімі,

Жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары басқармасы

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

М.Төлешов  – қала тұрғыны

 

Самал ықшам ауданы көшелеріне жол салу

2016 жыл

4 тоқсан

Атырау қаласының әкімі,

Жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары басқармасы

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1. 1

Л.Монастырская – еңбек ардагері

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығы аясында қаладағы соғыс  ардагерлеріне қамқорлық көрсетуді  жалғастыруды ұсынды

2016 жыл

2 тоқсан

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Облыс әкімінің орынбасары – Ш.Мұқан

  1.  

Темірғалиев Құбайдолла –Мұнайшы ықшам ауданының тұрғыны

Мұнайшы ықшам ауданында жолы жоқ көшелерге жол салу

 

2016 жыл

3 тоқсан

Атырау қаласының әкімі,

Жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары басқармасы

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

Дәлдірбаев Жақсылық -Еркінқала ауылының тұрғыны,  ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағасы, кәсіпкер

Еркінқала-2 тұрғын үй алабында ауыз су жүйесін жүргізу

2016 жыл 2 тоқсан

Атырау қаласының әкімі

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

Фазылова Райхан –Ракуша ауылының тұрғыны, зейнеткер

Округ орталығында құжаттары дайын тұрған 290 орындық балабақша құрылысын бастау

2016 жыл 2 тоқсан

Атырау қаласының әкімі,

Құрылыс басқармасы

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

Нимат Әйгерім –Еркінқала ауылының тұрғыны, ұстаз, Ауылдық округ жастар кеңесінің мүшесі

Еркінқала ауылында 200 орындық мәдениет үйі құрылысын бастау

2016 жыл 2 тоқсан

Атырау қаласының әкімі

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

Нұғыманов Қабыл –Ракуша ауылының тұрғыны,

Нұғыманова Қамажай - Еркінқала ауылының тұрғыны

Округке қарасты елді мекендердегі көшелерге жол салу

2016 жыл 3 тоқсан

Атырау қаласының әкімі,

Жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары басқармасы

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

Измағамбетова Фариза – М.Өтемісов атындағы орта мектептің директоры

Ракуша ауылындағы М.Өтемісов атындағы мектепке 300 орындық жаңа ғимарат құрылысы салынады ма

2016 жыл 2 тоқсан

Құрылыс басқармасы

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

Суйнгараев Ғизат –зейнеткер, ауыл тұрғыны

М.Абылқайыров көшесіне жол және Қайыршахты көшесіне жаяу жүргінші жолын салу туралы

2016 жыл 3 тоқсан

Атырау қаласының әкімі,

Жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары басқармасы

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

Ақсериков Есжан –зейнеткер ауыл тұрғыны

 

Жұмыскер ауылына емхана салу туралы

2016 жыл 4 тоқсан

Денсаулық сақтау басқармасы  

Облыс әкімінің орынбасары – Ш.Мұқан

  1.  

Молдағалиев  Құлназар – зейнеткер,  ауыл тұрғыны

Жұмыскерде жаңа мәдениет үйін салу

2016 жыл 2 тоқсан

Құрылыс басқармасы

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

Жумагалиева Галина – Жұлдыз ықшам ауданы тұрғыны

 

1.«Жұлдыз-3» ықшам ауданына жүргізілген ауыз суды іске қосу

2.«Жұлдыз» ықшам ауданына мектеп салу

2016 жыл 2 тоқсан,

4 тоқсан

Атырау қаласының әкімі,

 Құрылыс басқармасы

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

Өтегенова Венера-Бесікті ауылының тұрғыны

Бесікті ауылы мен «Көктем» ықшам ауданына жол салу

2016 жыл 3 тоқсан

Атырау қаласының әкімі,

Жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары басқармасы

 

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

Жылыой ауданы

  1.  

Демесинов Жаумадин-ардагер

 

Аудан бойынша барлық ауылдарда балабақша құрылысы басталды. Майкөмген ауылына балабақша салына ма

2016 жыл 3 тоқсан

Жылыой ауданы әкімі

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

Өтеғалиев Сұлтанбек-кәсіпкер

 

Қалада 2007 жылдан бері тұрғын үй құрылысын салуға жер ала алмай отырмыз, себебі әкімшілік жаңа берілетін жерге инфрақұрылым жүргізілгеннен кейін беріледі дейді, бірақ жаңа ықшам аудандарға ешқандай инфрақұрылым жүргізілмей отыр, осы мәселе шешіледі ме

2016 жыл 3 тоқсан

Жылыой ауданы әкімі

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

Бахтыбаева Шаттық –мұғалім

 

С.Карабалин атындағы №15 орта  мектепте спорт зал құрылысы салына ма

2016 жыл 2 тоқсан

Жылыой ауданы әкімі,

Құрылыс басқармасы

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

Индер ауданы

  1.  

Ғабдуллина Ғайни –Индер ауданының «Құрметті азаматы», білім саласының ардагері

Индербор кентінде жаңа балабақша құрылысы салынады ма

2016 жыл 2 тоқсан

Индер ауданы әкімі, Құрылыс басқармасы

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

Қапашева Лаура – Жарсуат мәдениет үйінің қызметкері

Жарсуат ауылында жаңа саз мектебінің құрылысы қашан басталады

2016 жыл 2 токсан

Индер ауданы әкімі, Құрылыс басқармасы

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

Исатай ауданы

  1.  

Аяшев Мұстажап –Жанбай ауылының тұрғыны, зейнеткер

 

Жанбай ауылында дәрігерлер үшін қызметтік пәтер сатып алу

2016 жыл 2 тоқсан

Исатай ауданы әкімі

Облыс әкімінің орынбасары – Ш.Мұқан

  1.  

Қабделов Самат –Аққыстау ауылының тұрғыны, аудандық мәслихат депутаты

Аққыстау ауылдық округіне тазалық жұмыстарын жүргізуге трактор (тіркемесімен) сатып алынса

2016 жыл 2 тоқсан

Исатай ауданы әкімі

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1. 3

Ғұбашев Қабыл – Қызыл үй елді мекенінің тұрғыны, Қызыл үй негізгі мектебінің директоры

Қызыл үй елді мекеніне жаңадан мектеп салу

2016 жыл 2 тоқсан

Құрылыс басқармасы, Исатай ауданы әкімі

 

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1. 4

Есенғалиев Кеңесқали – Тұщықұдық ауылының тұрғыны, зейнеткер

Мемлекеттік бағдарлама арқылы жел генераторы сатып алынып берілсе

2016 жыл 3 тоқсан

Исатай ауданы әкімі

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

Құрманғазы ауданы

  1.  

Қуаншалиев Мансур –Балқұдық орта мектебінің мұғалімі

Алыс елді-мекендерден қатынап оқитын оқушыларды тасымалдайтын  автокөлікпен қамтамасыз ету 

 

2016 жыл 2 тоқсан

Құрманғазы ауданы әкімі

 

Облыс әкімінің орынбасары – Ш.Мұқан

  1.  

Хұсайнов Нұрлан –кәсіпкер

Өкпе ауруымен ауыратын 4 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету 

2016 жыл 2 тоқсан

Құрманғазы ауданы әкімі

Облыс әкімінің орынбасары – Ш.Мұқан

Қызылқоға ауданы

  1.  

Ерекенов Қайрғали-Қоныстану ауылының тұрғыны, ардагер

 

Ауыз су Қоныстану ауылына Тайсойған жерасты су қорынан жеткізіледі, алайда жазғы уақытта тұрғындардың суды көп мөлшерде қолдануына байланысты ауыл тұрғындарына ауыз су жетпей қалады. Осы мәселенің шешімін табуға ықпал жасауыңызды сұраймын

2016 жыл 3 тоқсан

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Қызылқоға ауданы әкімі

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

Қосымбаева Баян-Миялы ауылының тұрғыны, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп мұғалімі

Миялы ауылынан тұрғын үй салуға жер беру үшін инфрақұрылымдар қашан жүргізіледі

2016 жыл 2 тоқсан

Құрылыс басқармасы, Қызылқоға ауданы әкімі

 

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

Өрбісінов Дүзгенбай-Тайсойған ауылының тұрғыны, зейнеткер

Тайсойған ауылына балабақша ғимаратын салу

2016 жыл 3 тоқсан

Құрылыс басқармасы, Қызылқоға ауданы әкімі

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

Ізтұрғанов Иғали-Қаракөл ауылының тұрғыны, округ ардагерлері кеңесінің  зейнеткері

Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға ауылдық округтеріне жол салу

2016 жыл 3 тоқсан

Жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары басқармасы, Қызылқоға ауданы әкімі

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

Елеуова Арайлым-Тасшағыл орта мектебінің мұғалімі

Тасшағыл ауылында 100 орындық балабақша құрылысын салу мәселесі

2016 жыл 3 тоқсан

Құрылыс басқармасы, Қызылқоға ауданы әкімі

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

Мақат ауданы

  1. 1

Досалиев Бөлекбай –Мақат кентінің тұрғыны, зейнеткер

Биыл Мақат-Доссор кенттері аралық автокөлік жолын  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіле ме

2016 жыл 3 тоқсан

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Мақат ауданы әкімі

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1.  

Долдашев Айбол –С.Шарипов мектеп интернатының мұғалімі

Ауданымызда демалыс орындары салынса немесе ескі демалыс орындарына қайтадан жаңғырту жүргізілсе

 

2016 жыл 2 тоқсан

Мақат ауданы әкімі

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1. 4

Ерғалиева Гүлзия-Доссор кентінің тұрғыны

 

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Доссор кентіндегі Шапағат, Болашақ, Ынтымақ, Құрылысшылар, Бірлік, Шығыс ықшам аудандарында жаңадан салынған тұрғын үйлерге су құбыры жүргізілмей қалды, биылғы жылы осы аталған аудандарға су құбыры тартыла ма

2016 жыл 2 тоқсан

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

 Мақат ауданы әкімі

 

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

Махамбет ауданы

  1. 1

Альпиярова Светлана Елеуқызы – Береке негізгі мектебінің бастауыш пән мұғалімі

Береке ауылынан салынып жатқан мектеп құрылысы қашан аяқталады

2016 жыл 3 тоқсан

Құрылыс басқармасы, Махамбет ауданы әкімі

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1. 2

Ізғалиева Бейбітгүл –Қ.Қалыбеков орта мектебінің бастауыш пән мұғалімі

Махамбет ауылының жаңадан салынған «Шаттық» мөлтек ауылына табиғи газ желісін тарту жұмысы биыл аяқталар ма екен

2016 жыл 2 тоқсан

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

 Махамбет ауданы әкімі

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов

  1. 3

Қазымбекұлы Қадіржан– Таңдай мәдениет үйінің директоры

 

Таңдай ауылына жазғы су құбыры қашан тартылады және ол қай уақытта іске қосылады екен

2016 жыл 3 тоқсан

Махамбет ауданы әкімі,

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Облыс әкімінің орынбасары – Т.Шәкімов


Мақаланың шыққан күні:: 27.06.2016 11:24
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 23.08.2016 10:36