Array Атырау облысының әкімі Б.С. Ізмұхамбетовтың 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндамасынан тезистер | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.03.2017

Қызметтер

Атырау облысының әкімі Б.С. Ізмұхамбетовтың 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндамасынан тезистер

Атырау облысының 2014 жылғы
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

 

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнiмiнің көлемi 4 896 млрд. теңгені, нақты көлем индексi - 99,7%-ды құрады.

Тау-кен өнеркәсiбiнде 4 501,6 млрд. теңгенің өнімі өндiрiлді. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексi 99,4%.

31,9 млн. тонна мұнай немесе 2013 жыл деңгейіне 99,0%, 14,4 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді (97,1%).

«Теңiзшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 26,7 млн. тонна мұнай немесе 2013 жылмен салыстырғанда 98,4%, ілеспе мұнай газы –
14,1 млрд. текше метр (97,2%) өндірді. Өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің төмендеуі «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жоспарланған жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты.

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы бойынша - 2 822,8 мың тонна мұнай (99,4%), 188,1 млн. текше метр ілеспе мұнай газы (97,4%) өндірілді. Көлемнің төмендеуі кен орындарына су толу және ескі кен орындарын (Мақат, Доссор, Ескене, Комсомол) тоқтатып қоюға байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 347,5 млрд. теңгені немесе 2013 жылмен салыстырғанда 104,2% құрады.

«АМӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2014 жылы 4 920 мың тонна мұнай өндірді немесе 2013 жылдың деңгейіне 111,1%. Пеш отын майы - 163,4 мың тонна (133,2%), автобензин - 612,5 мың тонна (121,6%), ТС-1 отыны – 22 мың тонна(53,4%), дизель отыны - 1 340,5 мың тонна (109,8%), отындық мазут - 1 520,9 мың тонна (101,0%).

2014 жылы жалпы құны 10,8 млрд. теңгеге 13 инвестициялық жоба іске қосылды, оның ішінде үдемелі индустриялық-инновациалық даму мемлекеттік Бағдарламасы бойынша 9 млрд.теңгеге 8 жоба, агроөнеркәсіп кешенінде 1,8 млрд.теңгеге 5 жоба:

- «ЖігерМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қашау және бұрғылау мұнарасының бөлігін құрастыру элементтерінің бөлшектері өндірісін ұйымдастыру;

- «БатысАльянсСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үй құрылысы комбинатын ұйымдастыру;

- «СП Первомайский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің гидропоника жүйесін пайдаланумен балауса жемшөптің өндірісі кешені және биогумус өндірісі;

- «Alan building systems» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің модулдік үй-тұрғызу фабрикасының құрылысы;

- «АтырауНефтемаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ірі габаритті және аса ауыр бұйымдарды жинақтау өндірісін ұйымдастыру;

- «ЖігерМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ірі габаритті бұрғылау кешенінің өндірісі;

- «Сағат Энерджи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің газпоршеньді электрстанциялардың құрылысы;

- «CaspianRoyalFish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тауар-бекіре фермасы;

- «Алмалы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс бағытындағы фермасы;

- «Алға-1» мал шаруа қожалығының сүт өнімдері (шұбат, қымыз, айран) өндірісі;

- «Жұмағалиев» жеке кәсіпкерлігінің жылыжай кешені;

- «Ганюшкин егін өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт өңдеу цехы;

- «Карат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет консервісін шығару цехы.

 

Ауыл шаруашылығы

Егін шаруашылығында жаңа технологиялар пайдаланылған алаңды ұлғайту, сүт-тауарлы фермалардың, ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы кешендерінің, құс фабрикаларының құрылысы есебінен 2014 жылы ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 45,6 млрд. теңгені құрады, 2013 жылға жалпы өнім индексі – 102,8%.

Мал шаруашылығы өндірісінің көлемі - 31,5 млрд. теңге, жалпы өнім индексі - 101,2%, егістік көлемі - 13,7 млрд. теңгені құрады, 2013 жылға жалпы өнім индексі - 106,7%.

Облыс тұрғындарын жергілікті өнімдермен қамтамасыз ету және ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында «Атырау» ӘКК
16 жергілікті ауылшаруашылығы тауарөндірушілерімен 201,6 млн. теңге сомасына екіжақты фьючерлік келісім шарттар жасақтады.

Тұрақтандыру қорына барлығы 5 900 тонна азық-түлік тауарларын сатып алуға келісім шарттар жасақталды, оның ішінде жергілікті бюджеттен қосымша 379,2 млн. теңге бөлініп, әлеуметтік маңызы бар 3 570 тонна азық-түлік тауарлары (картоп – 2 870 тонна, қарақұмық жармасы – 30 тонна, өсімдік майы –
100 тонна, қант – 240 тонна, макарон өнімдері – 60 тонна, құс еті – 15 тонна, тауық еті – 15 тонна, күріш – 180 тонна, жұмыртқа – 60 тонна)
 сатылып алынды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сату үшін 417 жәрмеңке өткізілді.

2014 жылы 12,9 мың тонна балық ауланды немесе 2013 жылмен салыстырғанда 143,3%.

 

Кәсіпкерлік

2015 жылдың 1 қаңтарына шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 34 304 бірлікті немесе 2013 жылдың деңгейіне
103,1% құрады.

2014 жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерлік саласында сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің көлемі 411,7 млрд. теңгені құрады.

2014 жылы «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға
692,6 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Облыста бағдарлама жүзеге асырылғаннан бері 32,1 млрд. теңге несие сомасына 239 жоба мақұлданып, 2 462 жаңа жұмыс орны құрылды.

Олардың ішінде, 2014 жылы «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 11,8 млрд. теңге сомасына 56 жоба субсидияланып, 856 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 1,7% жоғары. Субсидияланған жобалар саны 2013 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артты.

30 жоба бойынша 278,2 млн. теңге сомасына ішінара кепілдендіру берілді, 3 жобаға 10 млн. теңге сомасына қайтарымыз негізде гранттар ұсынылды, 493 шағын және орта бизнес субъектілеріне сервистік қолдау бойынша 1 303 қызмет көрсетілді.

Облыстың ауыл кәсіпкерлерін несиелеу үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп келеді. Соңғы 2 жылда 457 млн. теңге бөлініп, шағын және орта бизнес субъектілерінің 98 жобасы іске асырылды және
220 жаңа жұмыс орны құрылды.

Бағдарламаның «Бизнес-Кеңесші» жобасы шеңберінде 388 кәсіпкерді оқыту жоспарланып, қазір 523 кәсіпкер оқытылды, топ-менеджментке 16 кәсіпкер оқытылды.

«Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша Қазақстандағы бизнес-тренингтерден 20 кәсіпкер өтті және 3 кәсіпкер АҚШ-та оқыды.

«2012-2020 жылдарға арналған Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында 47 млн. теңгеге 8 жоба субсидияланды, 112,8 млн. теңге сомасында шағын несие берілді.

Жаңа бизнес-идеяларды енгізу үшін 10 млн. теңге бөлініп, игерілді, шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілерінің 6 жобасы қаржыландырылды.

Ұлттық қор есебінен іске асырылып жатқан «Даму-Өндіріс-2» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2014 жылы жалпы сомасы 5,2 млрд. теңгеге 18 жоба қаржыландырылып, шағын және орта бизнес субъектілерінің 5,6 млрд. теңгеге 20 жобасын қаржыландыру мақұлданды.

Атырау қаласында «бір терезе» қағидаты бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету (КҚК) орталығы жұмыс жасайды, облыстың барлық аудандарында Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ашылып, онда кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті қызметтер тізімінің барлығы көрсетілуде.

 

Бөлшек сауда

Бөлшек сауда айналымының көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 0,3%-ға артып, 181,8 млрд. теңгені құрады.

Сауда-саттық кәсіпорындарымен бөлшек сауда тауарларының сатылымы
2013 жылдан 16%-ға жоғары. Көтерме сауда айналымы – 357,6 млрд. теңге, бұл 2013 жылдан 32,6%-ға жоғары.

 

Сыртқа сауда айналымы

Сыртқы сауда айналымы (кедендік статистика мәліметтеріне сәйкес)
2014 жылғы қаңтар – қарашада 28 660,1 млн. АҚШ долларын құрап,
2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,9%, соның ішінде экспорт – 26 981,6 млн. АҚШ долларын (104,2%),импорт– 1 678,5 млн. АҚШ долларын құрады (118,8%).

 

Инвестициялар

2014 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі 1119,4 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылға 103,5%.

2014 жылы өткізілген «ATYRAU INVEST-2014» кезекті ІІ халықаралық бизнес форумы шеңберінде 19 млрд. теңгеден астам сомаға 15 меморандумға қол қойылды.

2014 жылдың 29-30 қыркүйегі аралығында Қазақстан және Ресей мемлекеті басшыларының қатысуымен «Мұнай-газ саласындағы инновациялар» атты ХІ өңіраралық форумы өткізілді.

Үкіметаралық және өңіраралық маңызды құжаттарға, соның ішінде, Атырау облысының Татарстан және Башқұрт Республикаларымен экономикалық сауда, ғылыми техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнінде келісім шартына қол қойылды.

2014 жылы инвестициялық ахуалды жақсарту және шетел инвесторларына қолайлы жағдайды қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігі жанынан өңірлік инвестициялық орталық «Атырау Innovations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды. Бұл орталық «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларға ақпараттық-аналитикалық және сервистік қолдау көрсетеді.

 

Газбен жабдықтау

Өткен жылы тұрғындарды табиғи газбен қамту бойынша жұмыстар жалғастырылды. Исатай ауданы Томан селосының 27 шақырымына газдандыру жұмыстары жүргізілді.

Мақат, Индер, Махамбет аудандары бойынша газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Облыстың елді мекендерінің табиғи газбен қамтылуы 77% жетті және тұрғындар- 97,7%.

 

Тұрғын үй құрылысы

522,3 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2013 жылға 101,2%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 241,1 млрд. теңгені немесе 2013 жылға 88,8%. Құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуі Солтүстік-Каспий жобасында жұмыстардың аяқталуына байланысты болып отыр.

 

Ауыз сумен қамту

«Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде облыстың елді мекендерінде сумен жабдықтайтын жаңа нысандарды салу және қолданыстағыларды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы 66 нысанның құрылысы аяқталып, елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту 61%-дан 75%-ға дейін өсті және тұрғындар - 97,2%.

 

Көлік инфрақұрылымы

2014 жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға 21,7 млрд. теңге бөлінді.

2014 жылы облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолының ұзындығы 123 шақырым «Қарабау-Миялы» учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жалғастырылды.

Ұзындықтары 7, 2 және 9 шақырым болатын Тұрғызба және Бейбарыс селоларының кірме жолдары күрделі жөнделіп, толықтай аяқталды, ұзындығы облыстық маңызы бар «Ганюшкино-Приморье-Утери-Котяевка» 18 шақырым автомобиль жолының 29-47 учаскесі аралығына күрделі жөндеу жұмыстары жалғастырылды.

2014 жылы облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» автомобиль жолының 20-100 шақырым учаскесінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, ал 100-170 шақырым учаскесінде жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Махамбет ауданы Махамбет селосында Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы басталып, 2016 жылға пайдалануға беру жоспарлануда.

 

Халықты әлеуметтік қорғау

2014 жылы кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған
2 805 азаматқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді,
аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі 16 467 балаға мемлекеттік жәрдемақы және аз қамтылған 731 отбасына тұрғын үй көмегі көрсетілді.

Үйден оқытылатын 560 мүгедек балаға материалдық көмек көрсетілді.

Барлығы 26 885 мұқтаж азаматқа ай сайынғы және біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

2014 жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 16 743 жұмыс орыны құрылды, 2013 жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 0,1%-ға төмендеп, 4,9% құрады.

2014 жылы жұмыспен қамту органдарында 15 348 жұмыссыз тіркеліп,
12 968 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды (84,5%).

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 4,1 млрд. теңге бөлініп, бағдарламаның барлық бағыты бойынша 3 729 адам қамтылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 37 жобада жөндеу жұмыстары аяқталды, 920 жаңа жұмыс орны ашылып, оның 480-і – бағдарлама қатысушылары үшін.

Бағдарламаның екінші бағыты «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тіректі ауылды дамыту» бойынша 440 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 492 адам 1 248,5 млн. теңге сомасында несие алды. Шағын несие алушылармен 517 жұмыс орны құрылып, жобаны жүзеге асыру үшін 71 несие алушы 139,7 млн. теңгеге инженерлік коммуникациялармен және құрал-жабдықтармен қамтылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша 1 099 адам кәсіби оқумен қамтылды, оқуын аяқтаған
591 адамның 81,7% (483 адам) тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

485 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды және 1 415 жас түлек Жастар тәжірибесіне жіберілді, 4 080 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

2014 жылы 81 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, оған
4 671 адам қатысып, 1 443 адам жұмысқа орналасты.

2014 жылғы қаңтар-қарашада орташа айлық еңбек ақы 220 298 теңгені құрап, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңінен 17,3%-ға жоғары.

 

Денсаулық сақтау

Облыс бойынша «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емханалар салу» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шаралар орындалды. 19 алғашқы медико санитарлық көмек көрсету нысаны салынды
(1 аудандық емхана, 14 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлі-акушерлік пункт).

Облыстық балалар ауруханасы жаңғыртудан өткізіліп, жаңа хирургиялық корпусы бой көтерді. Облыс орталығында типтік жобаға сай ЖИТС (жұқтырылған иммундық тапшылық синдромына қарсы күрес) орталығы пайдалануға берілді.

Өңірдің демографиялық көрсеткіштері тұрақты деңгейде қалуда, жалпы өлім көрсеткіші жыл сайын төмендеп келеді. Сәби мен ана өлімі көрсеткіштері тұрақтанды. Сәби өлімінің көрсеткіші (1000 тірі туылғандарға) былтырғы жылмен салыстырғанда 8%-ға пайызға, 2013 жылғы 10,3-тен 2014 жылы 9,5-ке, ана өлімі көрсеткіші (100 мың тірі туылғандарға)76%-ға, 2013 жылғы 25,3-тен
2014 жылы 6,0-ға төмендеді.

Қан айналымы ауруларынан, қатерлі ісіктерден, туберкулезден, жарақаттанудан өлім көрсеткіштері төмендеді.

 

Білім беру

2014 жылы 4 балабақша, 24 мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп, жиһаздар сатып алынды (парта, тақта, жиһаз).

3 мектеп және 4 балабақша пайдалануға берілді.

Облыста 11 апаттық мектептер тіркелген. Оның 3 пайдалануға берілді, ағымдағы жылы 2 мектепті пайдалануға беру және 6 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда.

2014 жылы Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің қорытындысы бойынша облыстық орташа көрсеткіш 62,1 балл деңгейінде болды. «Алтын белгіге» және «Үздік аттестатқа» 53 үміткер өз білімдерін дәлелдеді.

Аз қамтылған отбасынан шыққан балалар мен бастауыш сыныптардың оқушылары ыстық тамақпен толық қамтылды.

Облыста 1-6 жас аралығындағы балалардың балабақшалармен қамтылуы 56,1%, 3-6 жас аралығында - 79,2% құрады.

 

Мәдениет

Мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.

Махамбет ауданының Ақжайық ауылында 200 орындық жаңа клуб іске қосылды. Облыстық балалар кітапханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Махамбет атындағы қазақ драма театрының, облыстық халық шығармашылығы орталығының ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аққыстау селосында 400 орындық Мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде.

3 тарихи-мәдени ескерткішті қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Ұлттық музыканы танымдылығын қамтамасыз ету мақсатында Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрі Түркия, Германия, Австрия, Франция елдерінде концерттер қойды.

Н. Жантөрин атындағы филармонияның өнер ұжымы Индия, Катар, Ресей Федерациясы елдерінде концерттік бағдарламаларымен болды.

Махамбет атындағы қазақ драма театры ұжымы гастролдік сапармен Қарағанды облысында болды.

Атырау облысының Батыс Қазақстандағы Мәдениет күндері және Батыс Қазақстан облысының Атырау облысындағы Мәдениет күндері ұйымдастырылды. Республикалық конкурстар, Ф. Оңғарсынова, І. Жақанов,
А. Есқалиев сияқты Қазақстан Республикасының танымал әртістерінің, ақындарының мерейтойларына арналған фестивальдар, сондай-ақ Ә. Сарайдың, М. Шахановтың, А. Бахтыгерееваның творчестволық кештері өткізілді, Сәтімжан Санбаевтың творчествосына арналған киноапталық ұйымдастырылды.

 

Спорт

2013 жылмен салыстырғанда спорттық нысандар саны 970-ті құрап,
24 бірлікке артты.

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 145 мың адамға жетті. Облыстың 12 спорт мектебінде спорттың 22 түрі бойынша ақысыз секциялар жұмыс істейді. Спорт мектептерінде шұғылданатындар саны 10 мың адамды құрады.

Мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей және шорт-трек бойынша қысқы спорт түрлерінің Академиясы ашылды. Елдің ұлттық құрама командасының негізгі құрамына спортшыларды дайындау үшін «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

Атырау ауыр атлетика федерациясы заманауи спорт залымен жарақтандырылған, сондай-ақ, еркін күрес жекпе-жегі, греко-римдік және әйел күресі жекпе-жегі облыс спортының дамуына оң үлесін қосуда.

Атырау қаласының Нұрсая мөлтек ауданында спорттық кешеннің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

 

Қоршаған ортаны қорғау

2015 жылы «АМӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Тухлая балка» булану алаңында зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.

Облыстың экологиялық жағдайын және әлеуметтік экономикалық дамуының табиғи-ресурстық әлеуетін геоақпараттық жүйе технологиялары негізінде бағалау бойынша 3 томдық Атлас картасы шығарылды.

Махамбет ауданының Алмалы селолық округінде Атырау қаласының қатты тұрмыстық қалдықтарын өңдеу және сақтау полигонына алаңы 50 гектар жер участкесі бөлінді.

Облыстың елді мекендерінде және аудан орталықтарында қатты тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау үшін 10 полигон құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

 

Өңірлерді дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта жаңғырту

2014 жылы «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-шаруашылығын қайта жаңғырту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 648,9 млн. теңге бөлініп, Атырау қаласының көппәтерлі 20 тұрғын үй, сондай-ақ қайтарылған қаражатқа 2 тұрғын жөндеуден өткізілді.

 

Қоғамдық саяси ахуал

Азаматтық қоғам 8 облыстық саяси партия филиалы, 9 конфессияға кіретін 40 діни ұйым, 17 этномәдени және 557 түрлі бағытта қызмет ететін ұйымдардан тұрады.

Облыста ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша 53 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген.

2014 жылы «Салтанат сарайы» және «Достық үйі» пайдалануға берілді.

 

Жастар саясаты

Атырау облысында 14-29 жас аралығындағы жастардың саны
157 638 адамды құрайды. Олардың ішінде 21 555 мектепте, 11 428 адам -
3 жоғары және 15 248 адам орта арнаулы оқу орындарында білім алуда.

Барлық студенттердің қоғамдық көлікте 50 пайыздық жеңілдікпен жүруіне жағдай жасалған.

2014 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 136 жас маманға ауылдық елді мекендерге жолдама алды.

Облыстың барлық аудандарында бағдарламалардың мүмкіндіктерін, бизнес, кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін түсіндіру бойынша Жастар ресурстық орталықтары жұмыс істейді.

 

Құқық қорғау саласы

Қазіргі уақытта жүзеге асырылған көлемді есепке алғанда, облыс орталығындағы бейнебақылау камераларының саны 266 бірлікті құрады. Тағы 191 бейнекамераны қондыру жоспарлануда. Бейнебақылау камераларының көмегімен 20 мыңнан астам (23 571) әкімшілік құқықбұзушылық, 37 қылмыс анықталды.

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін барлығы 717 млн. теңгеден астам айыппұл салынды.

Жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде жалпы жол-көлік оқиғаларының 13,5%-ға төмендегені байқалады (504-тен 436-ға).

2014 жылы қалада 18 бағдаршам қондырылды.

Алдын алу шаралары Жүргізілген нәтижесінде көше қылмыстарының саны тұрақтанды, кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар азайды.

Облыс әкімі Б.С.Ізмұхамбетовтің «Атырау облысының 2014 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2015  жылға міндеттері туралы» есебін талқылау қорытындылары бойынша және қала, аудандар әкімдерінің есеп беру кездесулеріне қатысуы кезінде түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (xlsx 59.8 КБ)


Мақаланың шыққан күні:: 27.06.2016 11:25
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.06.2016 11:25