Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.12.2017

Қызметтер

Теңіз ауылдық округ әкім аппараты

Аппарат акима Тенизского сельского округаТеңіз ауылдық округінің әкімі

Баймуханов Анарбек Теміртасұлы

 

Өмірбаян

Мен, Баймуханов Анарбек Теміртасұлы 16 мамыр 1980 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Приморье ауылында дүниеге келдім. 1997 жылы Ю.А.Гагарин орта мектебін біт жылдары бітірдім.

Осы жылы Атырау Мемлекеттік Университетін «экономист- қаржыгер» мамандығына түсіп, бітірдім.

Алғашқы еңбек жолын 2000 жылы Аудандық қаржы бөліміне жетекші маман болып бастадым.

2000-2002 жылдары Құрманғазы аудандық мәдениет бөлімінде есепші, 2002-2008 жылдары Құрманғазы ауданы бойынша салық комитетінде бас маман, 2009-2012 жылдары «АтырауГазВолСтройМонтаж» ЖШС-нің директоры, 2014-2015 жылдары Ганюшкин ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-есепшісі, 2015-2016 жылдары Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы қызметтерін атқардым.

2016 жылдан бастап, күні бүгінге дейін Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы қызметінде.

«НұрОтан» партиясының мүшесімін. Жанұялымын, 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеудемін.

 


 

 


 

Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты

Тегі, аты-жөні

Қызметі

Телефон

жұмыс

Баймуханов Анарбек Теміртасұлы

Округ әкімі

3-75-07

Кумаргалиева Куляра Зинеденовна

Бас маман

3-75-10

Акмуханова Жанар Нурымовна

Бас маман

3-75-10

Достыбаева Гулимжан Бисембаевна

Бас маман

3-75-08

Кадыргалиева Анар Еркуатовна

Бас маман есепші

 

3-75-08

Дюсенбаева Айгул Сагаденовна

Жетекші маман

3-75-08

 


 

Теңіз ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға байланысты өткен шарадан хабарлама.

13 ақпан күні округте “Сыбайлас жемқорлық - әлеуметтік бәле!” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған мекеме басшылары, мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Дөңгелек үстел өткізу барысында округ әкімі Қ.Ихсанов қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның тәртібін сақтау туралы сонымен бірге мекеме басшылары, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жағдайларына жол бермеу жөнінде сөз сөйледі. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты аудан аумағында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының әлі де болса толастамай жатуының себебін анықтау және оның жолын кесу.

Азаматтық қоғамның белсенді мүшелері дөңгелек үстөл тақырыбы мен мақсатының тереңдігін және маңыздылығын атап өтіп, мұндай келеңсіздікке жалпы қоғам болып жол бермеу, індеттің жолын кесу әрбір азаматтың парызы екендігін баса айтты.

Дөңгелек үстел соңында іс шараға қатысушылар өз тараптарынан мұндай келеңсіздіктерге көз жұма қарамайтындығын жеткізді.

 


Мақаланың шыққан күні:: 12.07.2016 18:21
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.10.2017 10:16