Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.07.2020

Қызметтер

Техникалық байқау - міндетті шара

Жаз мезгілі басталысымен шаруашылық құрылымдары, шаруа қожалықтары және жеке тұрғындар техникалары мен құрал-саймандарын сайлап, қысқы мал азығын дайындау және егіс егу қамына кіріседі. Осы орайда, биылғы жылдың сәуір айынан желтоқсан айына дейін аудан көлеміндегі ауыл шаруашылығы техникаларының барлық түріне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №269 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сай техникалық байқау жүргізіледі. Жылына бір рет өткізілетін техникалық байқау техникалардың жайкүйін тексеріп, олардың санын, кімнің меншігі екендігін біліп қана қоймай, қоршаған ортаның ластануы мен экологиялық жай-күйіне тигізетін әсерін есептеу, ауданымыздың техникалық жарақтану көрсеткішін анықтау болып табылады.

Құжаттарды қабылдау жергілікті атқарушы органдардың кеңсесі, сонымен қатар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Тағы ескерте кетер жайд техникалық байқаудан өткізу туралы өтініш электронды түрде қабылданады. Сондықтан техника иелері өздеріне электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) ашуға міндетті. Мемлекеттік техникалық байқаудан өту үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №421 бұйрығымен бекітілген «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының» 5 қосымшасына сәйкес, жеке тұлғалар (не оның оның сенімхат бойынша өкілі) осы стандартың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш және машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт) қажет. Ал, заңды тұлғаларда (не оның оның сенімхат бойынша өкілі) теңгерімде (баланста) тұрған техникалардың тізімі (маркасы, моделі, шыққан жылы, зауыттық, қозғалтқыш нөмірлері, мемлекеттік белгісі) техникалық паспорты және заңды тұлғаның мөрімен расталған техникаларды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу актісі (2 дана) болуы шарт. Техникалық байқау кезінде техниканың кiмге тиесiлi екенiн нақтыланып, машина, шасси, қозғалтқыш, рамасының, типінің, моделiнiң, шығарылған жылының, зауыттық нөмiрiнiң және нөмiрлік белгiсiнiң тiркеу құжатында жазылған деректерге сәйкестiгiн тексеріп қана қоймай, сонымен қатар техниканың тежеу жүйесінің қалыпты жұмысы, рулдік басқару, дөңгелектердің жарамдылығы, жарық және дыбыс жабдықтары, тіркеу құрылымы тексеріледі. Сондай-ақ, машинаның жол жүру ережесіне және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақауы болса, оларды пайдалануға белгіленген тәртіппен тыйым салынады. Ал, шығарылғанына үш жыл толмаған жаңа машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу, тіркеу пункттерінде тіркелгеннен кейін алғашқы үш жыл ішінде бір рет олардың техникалық жай-күйін тексермей жүргізіледі. Техникалық қарап-тексеруден өткен машиналардың тіркеу құжатына (техниқалық паспортына) «Ақаусыз» деген жазу жазылады, ал техникалық қарап-тексеруден өтпеген машиналарға «Ақаулы» деген жазу жазылады, ол ЖАО инженер-инспекторының қолымен және тіркеу пунктінің мөртаңбасымен расталады.

Өткен жылы аудан көлемінде техникалардың 50 пайыздан астамы жылдық техникалық байқаудан өтпей қалды. Оған техникалардың ескілігі, трактор жүргізушілерінің жетіспеуі, жөндеу жүргізетін мамандандырылған орталықтардың болмауы және техника иелерінің байқаудан өткізу жауапкершілігінің жоқтығы себеп болуда. Сонымен қатар, барлық техника иелері өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауы керек. Қауіпсіздікті сақтамауы салдарынан дала өрті орын алады. Биыл осындай жағдайлар туындамауы үшін әр адам жеке жауапкершілігін арттырып, осы бастан қауіпсіздік шараларын мұқият қолға алған абзал.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан 2019 жылы техникаларды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу орны, мерзімі және уақыты әр

ауылдық округтер бойынша белгіленді. Атап айтар болсақ: Миялы ауылдық округінде 10-12 сәуір, Жангелдин ауылдық округінде 16-17 сәуір, Ойыл ауылдық округінде 18-19 сәуір, Көздіғара ауылдық округінде 23-24 сәуір, Тасшағыл ауылдық округінде 25-26 сәуір, Жамбыл ауылдық округінде 14-15 мамыр, Қызылқоға ауылдық округінде 16-17 мамыр, Тайсойған ауылдық округінде 22-23 мамыр, Сағыз ауылдық округінде 28-29 мамыр, Мұқыр ауылдық округінде 30-31 мамыр күндері өткізіледі деп жоспарлануда. Сондықтан, округ әкімдері мен кәсіпорын, мекеме басшылары және жеке тұрғындар барлық ауыл шаруашылығы техникаларының уақытымен байқауға қатысуына көңіл бөлулері қажет.

 

Қазбек АЙЫПҚАЛИЕВ,

аудандық кәсіпкерлік және ауыл

шаруашылығы бөлімінің бас маманы


Мақаланың шыққан күні: 12.04.2019 17:57

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.04.2019 17:57

Қаралым саны: 777