Array Театр және концерттік мекемелер | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.04.2017

Қызметтер

Театр және концерттік мекемелер

Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры

Театр 1938 жылдың 5 наурызында Халық Комиссариатының қаулысымен Мұнайшылар (Нефтянник) клубының негізінде құрылған. 1975 жылы театр жаңа ғимартқа көшті. Бұл жаңа ғимарат театр ұжымының творчествалық мүмкіндіктерін кеңейтуге үлкен себеп болды.

Ташкент театр институтының түлегі, театрдың бас режиссері Т.Дүйсебаев қойған С.Мұхановтың «Ботагөз» спектаклі 1956-57 жылы Алматыда өткен алғашқы Республикалық театр көктемінде Қазақ ССР-ның мәдениет Министрлігінің сыйлығын алды.

1994 жылы театр коллективінің бұрынғы өзінің творчестволық басымдылығымен бүкіл Республикалық Жезқазған қаласында өткен С.Сейфуллиннің 100 жылдық той мерекесінде театрлар сайысының жеңімпазы болды. Онда Қ.Мырзалиевтің “Жаралы Жолбарыс” қойылымы I орын және Баймағамбет бейнесін сомдаған артис Т.Қуанышев Қазақстан республикасының  Еңбегі сіңген артисі, қоюшы режиссеры Ш.Кәрібаев махамбет атындағы сыйлықтың иегері атанды және “Жаралы Жолбарыс” қойылымы Египеттің Мысыр қаласына жолдама алды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Қазақстан театрларының IX фестивалінде, Алматы, Петропавл қаласында өзіміздің облыс орталығында Мұндайдың 100 жылдығында бүкіл шет елдік қонақтарға сый ретінде қойылған Республика бойынша алғашқы рет Р.Отарбаевтың “Бейбарыс” қойылымы (режиссері Ч.Зұлқаш) театрлар арасында үлкен өнер табысы болды.

ЮНЕСКО шеңберінде тойланған Махамбет бабамыздың 200 жылдық тойына драматург С.Назарбекұлының “Махамбеттің бір күні” атты үлкен қойылым (режиссері Ч.Зұлқаш) табысты болды.

2006 жылдың қазан айында театр жаңа үлгіде ашылды. Күрделі жөндеуден кейін театрда 570 орындық. Қазіргі таңда 175 адам қызмет істейді, оның ішінде 53-ші актерлік қызметкерлер.

Театр репертуары Т.Нұрмағамбетовтың «Үш әйел алған еркек», М.Ғапаров және И.Ғапаровтың «Қиямет қайым - Киота», Ф.Бөлековтың «Күйеу іздеген қыздар», И.Сапарбевтың «Сыған серенадасы», С.Сматаев пен Т.Теменовтың «Көгілдір такси», Р.Отарбаевтың «Нұр жауған ғұмыр» атты және т.б. қойылымдарымен толықты.

 

Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония

Атырау облыстық филармониясы Қазақ КСР министрлер Кеңесінің 1966 жылғы 15 сәуірдегі № 256 арнайы қаулысына сәйкес ашылды. Облыстық филармония 1966 жылғы маусым айында өзінің жұмысын бастады. Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония қырық жылдан астам уақыт халыққа қызмет көрсетіп келеді. Гастрольдік сапарлармен Қазақстан Республикасының барлық облыстарында, Ресейде, Монғолияда, Өзбекстанда, Түркіменстанда  болып  мыңдаған көрермендерге  өнер  көрсетті.

2001 жыл сәуір айынан бастап Атырау  облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония жанынан құрылған 5-12 жас аралығындағы музыкаға қабілеті бар ер балалар қабылданды.

«Дарын» ер балалар хоры өзінің тұсау кесер концертін 2001 жылдың қыркүйек айында және «Бөбек» қорының 10 жылдығына орай қайрымдылық концертін 2002 жылдың  сәуір  айында  қойды.

2003 жылы Ақтөбе қаласында өткен аймақтық фестифальға қатысып, мамыр айының 18-ші мен 25-ші жұлдыз аралығында Түркияда (Анталия қаласында) өткен Халықаралық фестивальға қатысып, «Дарын» ер балалар хоры лауреат атағына ие болды.

2006 жылы Қалалық білім бөлімі ұйымдастырған «Атадан туған аруақты ер» атты қалалық білім сайысында «Дарын» ер балалар хоры  өз өнерлерін көрсетті.  Осы жылдың маусым айында «Аджип ККО» біріккен кәсіпорынның демеушілік көмегі негізінде «Дарын» ер балалар хоры Греция Мемлекеті Крит аралында  өткен  «Бегущая по волном» фестиваліне қатысып, жүлдемен оралды.

 

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі.

Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ халық аспаптар оркестрі – бұл Қазақстан Республикасы бойынша үлкен оркестрлердің бірі болып саналады.

Оркестр 1990 жылы Облыстық халық депутаттары советінің №175 26.06.1990 ж. шешімімен халқымыздың ұлттық музыка дәстүрін жалғастырып, Қазақстан Республикасының халқын концертпен қамтитын және оркестрдің орындау шеберлігін одан әрі дамытып тек Республика көлемінде халықтық шығармалармен айналысып қана қоймай, бүкіл жер жүзі музыка әлеміндегі ең озық классиктердің таңдаулы шығармаларын орындайтындай дәрежеге жеткізі мақсатында құрылған үлкен ұжым.

Оркестр халқымыздың ХІХ ғасырдағы көрнекті ұлы күйші – композиторы Дина Нұрпейісова есімімен аталады.

Оркестрдің саз ұжымын тәрбиелеуде және музыкалық репертуарды таңдап оркестрдің орындау шеберлігін жоғары деңгейге көтеруде ең басты роль атқаратын осы оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор «Парасатң орденінің иегері – Рыспай Хисметұлы Ғабдиевтің еңбегі зор.

Музыкалық аспаптар дер кезінде жөндеуден өткізіліп қадағаланып, күйге түсіріліп жарамды күйінде сақталады.

Оркестрдің құрамында: домбыра, қобыз, саз-сырнай, прима-шертер, сыбызғы тағы да басқа әртүрлі саз музыкалық аспаптары бар.

Оркестрдің облыс аралық концертпен қамту жұмысында да үлкен жетістіктер бар, орындау шеберліктерін тыңдаған ұжым көрермендер алдында үлкен ілтипат пен құрметке бөленуде.

Оркестр өзінің репертуарын жиі-жиі өзгертіп жаңартып отырады, үлкен ізденіс үстінде тынбай жұмыс жасайды. Соның арқасында халық композиторлары Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Қазанғап, Түркеш т.б. күйлері және Қазақстан композиторлары: М.Төлебаев, Е.Бруссиловский, К.Күмісбеков, С.Мұхамеджанов, М.Қойшыбаев, А.Жұбанов, Н.Тілендиев, А.Жайымов т.б. белгілі композиторларымыздың музыкалық шығармалары оркестрдің репертуарына енгізіліп үлкен шеберлікпен орындалуда.

Оркестрдің репертуарында П.Чайковский, Огинский, Глиэр, В.Моцарт, И.Штраус, И.Брамс, Ж.Бизе сияқты ірі орыс және шетел классик композиторларының шығармалары да бар.

Оркестр құрылғанына 17 жыл мерзім ішінде репертуарын үнемі жаңартып отырады. Соның арқасында оркестрдің репертуары қазір 350 шығармаға жетті.

Оркестрдің құрамында 70 адам жұмыс жасайды. Олар маман музыканттар: Алматы Мемлекеттік Консерваториясының түлектері және басқа да облыстарының шақырылып алынған жоғары білімді маман музыканттар.

Оркестр ұжымының халқымызды концертпен қамтуда өз ерекшеліктері бар. Оркестр ұжымы Атырау облысының қашық жатқан аудандарын түгел аралап, ауыл шаруашылық еңбекшілері мен бірге мұнайшыларына да концертпен жиі барып көрермендердің алғысын алып жүр. Оркестр ұжымының концертін Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының және көршілес Астрахань облысының тұрғындары да әлденеше рет көріп тамашалады. Оркестр ұжымы бірнеше рет Тенгиз мұнай газ шаруашылығында болып шетел қонақтарының алдында концерт қойып, халқымыздың ұлттық музыка аспаптарының құдіретін танытты. Өте риза болған тыңдаушылардың атынан, орындау шеберліктері мен ерекше көзге түскен оркестр ұжымын әлденеше рет облыстық ақпарат құралдарыда жария етті.

Дина Нұрпейісова атындағы оркестр атағына сай болу мақсатында халқымыздың ұлттық музыка дәстүрін жоғары ұстауға күш салады. Бұл репертуарды жаңартып отыру, концерттік жаңа бағдарламамен жиі-жиі гастрольге шығу және елеулі, аталуға тиісті мерекелік күндерге байланысты концерттік жаңа бағдарлама дайындап облыс еңбекшілерінің алдында теледидардан көріну, таспаға жазып архивке қалдыру жұмыстары да тыс қалмайды. Оркестр ұжымы өзінің тынбай ізденісімен еңбектенуінің арқасында осы өткен 17 жыл ішінде шыңдалған жоғары сауатты оркестр болып көрінуіне жол ашты. Бұған дәлел Алматыда Мұхтар Әуезов драма театрында өткен есеп беру шығармашылық концерті және Исатай Тайманұлының 200-жылдық салтанатты мерей тойына қойылған концерттік бағдарлама Мемлекет қайраткерлері мен астана көрермендерінің зор ықыласына , ілтипатына бөленді.

Оркестрдің өміріндегі ерекше бір елеулі кезеңі бұл Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігінің ұйғарымымен 1994 жылы оркестр ұжымының Түркияда өткен «Средиземноморские грезың фестиваліне қатынасып Гран-При бас жүлдесін жеңіп алуы есте қалатын қуаныш болды.

1995 жылы Республикамызға белгілі композитор І.Жақановтың басқаруымен Қазақстан телевидения шығармашылық бірлестігі оркестр ұжымының толық концерттік бағдарламасын бейне таспаға түсіріп, Қазақстан Республикасының Алтын қорына тапсырды. Оркестр ұжымының үлкен шығармашылық шабыт берген кезкң: бұл оркестрдің Ресей елінде Астрахань қаласында болуы, 1995 жылы Дина Нұрпейісованың 130-жылдығы, 1995 жыл Абай Құнанбаевтың 150-жылдығы, 1996 жыл Құрманғазы кесенесінің ашылуы, 1995 жылы оркестр ұжымының концерттік бағдарламасы таспаға жазылды, 2000 жыл «Жолдастықң қазақ ұлттық мәдени қоғамына 10 жыл, осы аталған салтанатты кезеңдерде оркестр ұжымы ерекше көзге түсіп үлкен табыспен оралды.

Атырау облыстық Мәдениет Басқармасының атына Астрахань облысы Мәдениет Департаментінің бастығы Н.С.Терещенко мырзаның атынан оркестр ұжымына, ризашылық білдірген Алғыс хат жіберілген.

1998 жылы оркестр ұжымы Республикамыздың орталығы Астана қаласының презентациясына қатынасып концерт қойды. 2000 жылы Дина Нұрпейісова оркестріне «Академиялықң деген құрметті атақ берілді.

Оркестр концерттік бағдарламамен шығып қана қойған жоқ, ол осы 17 жыл ішнде көптеген облыстық, республикалық мереке, мерей тойлармен шараларға, конференцияларға жолдама алды.


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 13:02
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.01.2017 17:25