Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Тауманова Каламкас Даулеткалиевна

Тауманова Каламкас Даулеткалиевна

Аты-жөні, тегі: Тауманова Қаламкас Даулеткалиевна

Қызмет ететін мекеме атауы: «Райхан» мектепке дейінгі бөбекжайы

Номинациясы: «Өндірістің үздік тәлімгері»

Қысқаша мінездеме: Тауманова Қаламқас Даулетқалиқызы көп жылдан берi «Райхан» балабақшасында жұмыс iстеп келедi. Орта арнаулы бiлiмдi маман.

Тауманова Қаламқас Даулетқалиқызы педагогтармен, балалармен, ата- аналармен де қарым – қатынасы жақсы, тез тiл табысады. Ол өз iсiне жетiк, ұжым арасында көзге түсіп жүрген, теориялық білімі мен методикалық шеберлігі жеткілікті, шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс істейтін педагог.

Маманның білім беру мен тәрбие саласындағы алдына қойған мақсаты – білімді, дүние танымы терең, жеке тұлғаны қалыптастыру. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, жаңа инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге жете көңіл бөледі. Маман тәрбие жұмысын өзінің кәсіби шеберлігіне, іздемпаздығына, іскерлігіне қарай топтағы балалардың жеке басының қасиеттерін ескере отырып ұйымдастыра алады.

Тауманова Қаламқас Даулетқалиқызы балалармен, ата-аналармен де жақсы тіл табыса біледі. Бөбекжайда Каламкас Даулеткалиеваның ұйымдастыруымен «Сиқырлы әлем» балалар театры жұмыс жасайды. Үйірме жұмысында балаларға театр өнерінің әдістері мен тәсілдерін үйренуге арналған игілікті істер атқарып келеді.Үйірме жұмысы балабақша ішінде ғана емес аудандық, облыстық шараларда жүлделі орындар иеленіп, ілтипатқа бөленіп жүр. Атап айтсақ, 2011- 2017 жылдар аралығында жыл сайын аудандық, облыстық «Айгөлек» балалар шығармашылығы фестивалінде театр номинациясы бойынша жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иеленді. Осы жұмыстар нәтижесі бойынша облыстағы үздік үш театр қатарына енді.

Ізденіспен жұмыс жасайтын Қаламқас Даулетқалиқызы аудандық семинарларда ашық сабақтар көрсетіп, жұмыстары оң нәтиже беріп жүр. Маман өз ісіне жауапкершілікпен қарап балалардың ойлау қабілетімен қатар, олардың тұлға ретінде қалыптасуына жете көңіл бөледі. Сонымен қатар, тәлімгерлік жұмысты абыроймен атқарып, жас мамандармен жұмысын жолға қоюда. Музыка жетекшісі жас маман Рза Нұрмағанбетованың тәлімгері бола отырып, оның жетістіктерге жетуіне ықпалын тигіуде. Өзінің және балабақшаның жұмыс тәжірибесін Қаламқас Даулетқалиқызы ғаламторда «Ашық сабақ», «45 минут KZ» WEB-сайттарында жариялап, сертификаттарға ие болып жүр.

Мекен-жайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Тайсойған көшесі, 3 үй; тел: 8712 34 20270;

 


Мақаланың шыққан күні:: 04.08.2017 08:37
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 07.08.2017 06:39