Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.08.2017

Қызметтер

Кедендік одақ

Қазақстан, Беларус және Ресей Кедендік одақтың жұмысының басталуымен үш мемлекеттің сауда-экономикалық ынтымақтастығының сапалы жоғары деңгейде дамуына және одан әрі тереңдетуге барлық алғышарттары бар, сондай-ақ тауарлар мен қызмет көрсетудің еркін ауысуы.

Облыстық департамент статистика мәліметтеріне сәйкес, Атырау облысында ресей капиталының қатысуымен тіркелген  компаниялар саны 45-ке жетті. Оның ішінде мұнай-газ, құрлыс, құрал-жабдықтар жеткізу, ақпараттық технологиялар салаларымен, тамақ өнімдерінің көмерме және автокөлік, жүк тасымалдау және т.б. бөлшек сауда кәсіпорындар іске асыруда.

Атырау нарығына, импорттық өнімдерін жеткізетін беларус капиталының қатысуымен 2 кәсіпорын тіркелген. Беларус капиталы тамақ өнімдері мен жиһаз, тракторлары мен ауылшаруашылық құрал-жабдықтарын, тұрмыстық техника (тоңазытқыштар) сату саласында қызмет етеді.

Ресей капиталымен бірлесе іске асырылып жатқан ірі жобалардың бірі 2011 жылдың маусымда басталған Теңіз-Новороссийск (Каспий Құбырлар Концорциуымы) экспорттық мұнай құбырын Ұлғайту жобасы.

Аймақаралық ынтымақтастықтың маңызды аспектісі болып  Астрахан қаласының кемеқұрылысы верфтерінде қазақстандық тапсырыстарды орналастыру болып табылады. Осылай, 2011 жылда «Астрахандық №2 кеме құрлысы зауыты» АҚҰ-да 4 сүйретпе (2-теңізге және 2 – өзенге арналған), сондай-ақ балық аулауға арналған 10 шағын кеме, оның ішінде, 6 өзенге және 4 теңізге арналған сүйреткіштің құрылысы аяқталды.

Сонымен, ЕурАзЭЫ кеңестігінде интеграциялық процестердің табысты дамуының айқын айғағы ретінде кедендік одақты айтуға болады. Экономикалық интеграцияның тереңдеуі күту нәтижесі болып табылады.

Статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылы Атырау облысының Кеден одағы елдерімен өзара сауда 323941,5 мың АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт- 42128,8 АҚШ долларын, импорт –281812,7 мың АҚШ долларын құрады. 2011 жылда Ресей Федерациясына экспорт 41642,9 мың АҚШ долларын, импорт- 275165,5  мың АҚШ долларын құрады. 2011 жылда Беларус Республикасына экспорт 485,9 мың АҚШ долларын, импорт - 6647,2 мың АҚШ долларын құрады.

2012 жылдың қаңтар-қазанда Атырау облысының Кеден одағы елдерімен өзара сауда 290171мың АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт- 25617,3 АҚШ долларын, импорт –264554,2 мың АҚШ долларын құрады. 2012 жылдың қаңтар-қазанда Ресей Федерациясына экспорт 23435,8 мың АҚШ долларын, импорт- 258112,0  мың АҚШ долларын құрады. 2012 жылдың қаңтар-қазанда Беларус Республикасына экспорт 2181,5 мың АҚШ долларын, импорт – 6442,2 мың АҚШ долларын құрады.


Мақаланың шыққан күні:: 24.06.2016 10:01
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.10.2016 17:25