Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

Бөлімнің мекен жайы: Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманазы ауылы, Көшекбаев көшесі, 25 үй, инд. 060400 Тел.факс. 8(71233)2-00-45; 2-14-34, электрондық пошта: kur_arhitektor@mail.ru

Бірінші басшы: Азатов Эдуарт Лубекович.

Қызметкерлер: Бас маман Акинов Мейрамбек Жасумирович.

Бас маман Махмутов Ерсин Жумабаевич.

2.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны;

- "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру"

- "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну"

- "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру"

Стандарт: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекітілген

Регламент: Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 207 қаулысымен бекітлген.

- «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»

Стандарт: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген.

Регламент: Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі №138 қаулысымен бекітлген.

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-4.

- тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-4

- қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-4. - бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер саны-4.

2018 жылдың шілде айында (өсу есебімен) барлығы 910 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

1. "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру":-567 соның ішінде:

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы-567

- жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал)арқылы-0

2. "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну":- 187 соның ішінде:

- көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы-0 - «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы-0 - www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы- 187

3. "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру": -3 соның ішінде:

- көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы-0 - «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы-3.

4. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»: 153 сонын ішінде:

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)-153

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік қызметі.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

-Мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар бөлімнің орналасқан ғимаратын көрнекі жеріне орналасқан.

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

* Бөліммен көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау бағытында 2018 жылы Ақкөл, Еңбекші ауылдық округінде өткен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты жарменкісіне қатысып, сонымен қатар адандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаменті Құрманғазы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілген «Ашық есік» акциясына қатыстық.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

* Бөліммен көрсетілетінкөрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаменті Құрманғазы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығымен ұймдастырылған семинарларға үнемі қатысып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

* Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесінде тұрғындар Құрманғазы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш беріп келеді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

-Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытында Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта дарлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығымен өткізілген арнайы семенарлардан өтті.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру. -Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты стандартармен регламентерге Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрілігі мен Атырау облысы әкімдігімен үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстарын жүргізіп, қолданысқа беріп отырады.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

-Бөліммен көрсетілген мемлекеттік қызметтерге, қызметті алушылардың шағымдар түскен жоқ. 2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

-Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижесімен кемшіліктер анықталған жоқ. 3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

- Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органдарымен тексерістер жүргізілген жоқ. 4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

-Бөліммен көрсетілген қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері-қанағаттандырылық. 5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.


Мақаланың шыққан күні: 13.08.2018 06:09

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.08.2018 06:09

Қаралым саны: 1342