Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.12.2017

Қызметтер

Байда ауылдық округі бойынша 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және алдын алуға байланысты атқарылған жұмыстар туралы хабарлама

Байда ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2016 жылға арналған жұмыс жоспары жасақталып төмендегіше жұмыстар атқарылды.

Байда ауылдық округі бойынша облыс әкімінің веб-сайтында аудан әкімінің блогы жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатында округ көлеміндегі барлық мемлекеттік мекемелер жөнінде мәліметтер, атап айтқанда: мемлекеттік мекеменің орналасқан мекен-жайы, бірінші басшыларының, қызметкерлері жөнінде мәліметтері, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері, сені телефондары жөнінде мәліметтер 2016 жылдың 11 ақпанында №08-22-07/105 шығыс хатымен аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жолданған болатын.

2016 жылдың 11 наурыз күні аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен өткен семинар кездесуге округ әкімі және жауапты мамандар толықтай қатысты.

Мемлекеттік сатып алу аясындағы заңнамалармен танысып, білімдерін жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасында 2016 жылғы мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесі» тақырыбында қазақстандық кәсіптік оқыту орталығы «Astana-Gold» ЖШС-ның ұйымдастыруымен 2016 жылдың 4-5 ақпан аралығында өткен семинар оқуға округ әкімі қатысты.

Байда ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жемқорлық салдарын, жемқорлыққа жол беретін жағдайлар мен себептерді жою жөнінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филлиалы, қоғамдық ұйымдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіру және насихаттау бойынша ағымдағы жылдың 20 шілде айында кездесу өткізілді.

Байда ауылдық округінің әкімі Э.Азатов


Мақаланың шыққан күні:: 22.11.2016 10:49
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 22.11.2016 10:49