Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.12.2017

Қызметтер

Халықтың көші-қон мәселелері бойынша мәлімет

2017 жылғы 10 айында Атырау өңіріне 163 адамнан тұратын 97 отбасы көшіп келіп, оралман мәртебесін беру туралы өтініш берді. Көшіп келген оралмандардың ішінен Өзбекстан Республикасынан 137 адам, Ресей Федерациясынан 7 адам, Қытай Халық Республикасынан 16 адам, Түркменстан Республикасынан 2 адам, Молдова Республикасынан 1 адам көшіп келіп, оралман мәртебесін алды.

 

Шетелдік жұмыс күшін тарту

2017 жылы Атырау облысына 10272 шетелдік маманды жұмысқа тартуға квота бөлінді. 2017 жылдың 10 айында 8229 шетелдік маманды Атырау облысы аумағына жұмысқа тартуға рұқсат берілді. Оның ішінде 103 адам 1-санатты мамандар, 1538 адам 2-санатты мамандар, 3986 адам 3-санатты мамандар, 1967 адам 4-санатты шетелдік мамандар, маусымдық жұмысқа тартылған шетелдік қызметкерлер саны – 608 адам.

 


 

2017 жылғы 9 айында Атырау өңіріне 143 адамнан тұратын 82 отбасы көшіп келіп, оралман мәртебесін беру туралы өтініш берді. Көшіп келген оралмандардың ішінен Өзбекстан Республикасынан 124 адамнан тұратын 69 отбасы, Ресей Федерациясынан 6 адамнан тұратын 3 отбасы, Қытай Халық Республикасынан 11 адамнан тұратын 8 отбасы, Түркменстан Республикасынан 2 отбасы 2 адам көшіп келіп, оралман мәртебесін алды.

 

 Шетелдік жұмыс күшін тарту

2017 жылы Атырау облысына 10272 шетелдік маманды жұмысқа тартуға квота бөлінді. Жыл басынан бері 7232 шетелдік маманды Атырау облысы аумағына жұмысқа тартуға рұқсат берілді. Оның ішінде 87 адам 1-санатты мамандар, 1362 адам 2-санатты мамандар, 3459 адам 3-санатты мамандар, 695 адам 4-санатты шетелдік мамандар, Корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар – 21, маусымдық жұмысқа тартылған шетелдік қызметкерлер саны – 608 адам.

 


 

«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы арқылы және жергілікті атқарушы орган- облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы да қызмет көрсетіледі.

Жұмыс уақыты: сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 12:30-дан 14:00-ге дейін.

Консультация алу үшін мына байланыс телефон арқылы 8(7122)32-22-28 Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қабылдау бөлімі, «Халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімі» тел: 32-32-29 хабарласуыңызға болады.

 


 

2017 жылғы 1 жартыжылдықта Атырау өңіріне 99 адамнан тұратын 59 отбасы көшіп келіп, оралман мәртебесін беру туралы өтініш берді. Көшіп келген оралмандардың ішінен Өзбекстан Республикасынан 85 адамнан тұратын 48 отбасы, Ресей Федерациясынан 1 отбасы, 1 адам, Қытай Халық Республикасынан 11 адамнан тұратын 8 отбасы, Түркменстан Республикасынан 2 отбасы 2 адам көшіп келіп, оралман мәртебесін алды. Көшіп келген оралмандардың құрамында еңбекке қабілетті жастағы 62 адам, 30 адам 18 жасқа дейінгі балалар, 7 зейнеткер бар.

 

Шетелдік жұмыс күшін тарту

 2017 жылы Атырау облысына 8090 шетелдік маманды жұмысқа тартуға квота бөлінді. Жыл басынан бері 5084 шетелдік маманды Атырау облысы аумағына жұмысқа тартуға рұқсат берілді. Оның ішінде 54 адам 1-санатты мамандар, 816 адам 2-санатты мамандар, 2357 адам 3-санатты мамандар, 1251 адам 4-санатты шетелдік мамандар. Маусымдық жұмысқа тартылған шетелдік қызметкерлер саны - 600 адам.

 


Мақаланың шыққан күні:: 11.04.2017 18:01
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.11.2017 17:39