Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

2019 жылдың қорытындысы бойынша Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округ әкімінің аппараты ММ, ауданның веб-сайтына орналастыру үшін төмендегідей мәлімет жолдайды.

2019 жылғабарлығы мемлекеттік қызмет көрсетілді:

1)Мемлекеттік орган арқылы қағаз түрінде көрсетілген қызметтер туралы ақпарат.

Қағаз түрінде көрсетілген қызметтер болған жоқ.

2)Мемлекеттік орган арқылы электронды түрде көрсетілген қызметтер туралы ақпарат.

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны:

- "Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама беру "- 28

-"Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу"- 105

- "Мекенжай анықтамасын беру"- 242 -"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру"- 40

- «Белгіленген күнге тіркелген заңды тұлға туралы анықтама»- 23 - «Балабақшаға кезек нөмірін қарау»- 85

-«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй бойынша кезегінен әрбір азаматтың өз жеке номерін қарау»- 58

-«Жеке тұлғаның жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру»- 22

«ЭЦҚ кілт »-120

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу"

1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

-Мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар округ әкімі аппараты ғимаратының көрнекі жеріне орнатылды.

Сведения о государственных услугах за 2019 год Сведения о государственных услугах за 2019 год Сведения о государственных услугах за 2019 год
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

- Құрманғазыауылдық округ әкімінің аппаратыменэлектронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында округ тұрғындарына және округ аумағында орналасқан мекемелердің қызметкерлеріне «Электронды

үкімет» веб- порталы арқылы жұмыс жасау дағдылары туралы үйретуші семинар- жиындар ұйымдастарылып, 800 адам оқудан өткізілді.

Сведения о государственных услугах за 2019 год Сведения о государственных услугах за 2019 год Сведения о государственных услугах за 2019 год
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
- Электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында аудындық «Серпер» газетіне және округ әкімі аппаратының парақшасына мақалалар орналастырылды.

- Тұрғындар арасында екі рет акция өткізілді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

- Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесінде тұрғындар Құрманғазы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы,округ әкімі аппараты арқылы және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш беріп келеді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру. -Округ әкімі аппаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес орындалады.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

-Округ әкімі аппараты арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге, қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. 2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

-Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижесімен кемшіліктер анықталған жоқ. 3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

- Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органдарымен тексерістер жүргізілген жоқ. 4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

-Округ әкімі аппараты арқылы көрсетілген қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері-қанағаттанарлық.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

-Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігін арттыру мақсатында округ әкімі аппаратының қабылдау бөлмесінде тұрғындар үшін өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды.


Мақаланың шыққан күні: 12.02.2020 14:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.02.2020 14:47

Қаралым саны: 83