Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.06.2020

Қызметтер

«Стандарттар қалаларды ақылдырақ етеді»

««Стандарттар қалаларды ақылдырақ етеді»Ағымдағы жылдың 5 қазанында облыстық әкімдіктің 7 қабатында «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ мен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Атырау филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік стандарттау күніне арналған «Стандарттар қалаларды ақылдырақ етеді» ұранымен шара өткізілді.

Аталған шараны Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салтанат Камешева ашып, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Атырау филиалының директоры Надежда Дю «SMART CITY» саласындағы нормалау туралы, «Смарт Атырау» КММ басшысының міндетін атқарушы Лунара Рыспаева мемлекеттік жеке меншік серіктестігінің механизмі шеңберінде «ақылды қала» жобасын жүзеге асыру туралы қысқаша ақпарат ұсынды.

Шараға «АМӨЗ» ЖШС, «Полимер Продакшн» ЖШС, «АЖЭО» АҚ, «Атырауинжсрой» ЖШС, «АТОМЭК» ЖШС, «Қоршаған ортаны бойынша талдау зертханасы» ЖШС, «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС, «Сенин А.И.» ЖК, «Шеврон Мунайгаз Инк» Атырау құбыр арматура зауыты, Атырау облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Смарт Атырау» РМК, «Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті», «Атырау Жарық» АҚ, «ECOS Компаниясы» ЖШС, «Даулетов» ЖК, «Амангелді» өндірістік кооперативі, «Newthech System Group» ЖШС, «АтырауБетонСнаб» ЖШС, «Ұлттық срапатау және сертификаттау орталығы» АҚ Атырау филиалы, «Болат Жол» ЖШС, «Батыс Эко Проджект» ЖШС, «РТИ-АНПЗ» ЖШС сияқты мекемелерден барлығы 40-тан астам өкіл қатысты. Шара соңында гүл шоқтары мен алғыс хаттар, мақтау қағаздары табыс етілді.

««Стандарттар қалаларды ақылдырақ етеді»


Мақаланың шыққан күні: 10.10.2017 05:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 15:12

Қаралым саны: 1374