Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.06.2020

Қызметтер

«Стандарттау – инновацияларды енгізу үшін қолайлы ортаны қалыптастырудың кепілі»

«Стандарттау – инновацияларды енгізу үшін қолайлы ортаны қалыптастырудың кепілі»18.10.2017ж. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мамандары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Бүкіләлемдік стандарттау күніне арналған «Стандарттау – инновацияларды енгізу үшін қолайлы ортаны қалыптастырудың кепілі» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Аталған шарада Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салтанат Камешева қатысушыларды Бүкіләлемдік стандарттау күнімен құттықтап, 1925 жылы КСРО (ГОСТ) мемлекеттік стандартын енгізу басталып, 1940 жылы (ГОСТ) мемлекеттік стандарттарының тізімі қабылданып, 1946 жылы 14 қазанда Лондонда КСРО-ны қоса алғанда, 25 мемлекеттің стандарттау бойынша ұлттық ұйымдардың конференциясы ашылғаны туралы ақпарат берді.

Олардың жұмысының нәтижесі стандарттау бойынша Халықаралық ұйымды InternationalOrganizationStandardization (ISO) құру туралы шешімді қабылдау болып табылды.

1970 жылы ISO президенті Фарук Сунтер (Түркия) 14 қазанда бірыңғай стандарттарды құрумен байланысты халықаралық күн Бүкіләлемдік стандарттау күнін атап өтуді ұсынды.

Сонымен қатар, техникалық реттеу және метрология сұрақтары бойынша өзара серіктестік туралы меморандумға сәйкес, университет студенттері Департаментте оқу тәжірибесінен өтеді, ЕЭО бойынша жаңа ережелермен танысады.

Шара соңында дөңгелек үстел ұйымдастырушылары Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, «Қазақстан стандарттау институты» РМК Атырау филиалы, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Атырау филиалының басшыларына алғыстарын білдірді.

 «Стандарттау – инновацияларды енгізу үшін қолайлы ортаны қалыптастырудың кепілі»


Мақаланың шыққан күні: 24.10.2017 06:17

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 15:04

Қаралым саны: 1055