Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде: 1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап: көрсетілетін қызметті берушіде немесе Орталықта - 1 (бір) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - күнтізбелік 15 (он бес) күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты: көрсетілетін қызметті берушіге – 20 (жиырма) минут; Орталықта – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты: көрсетілетін қызметті берушіде – 20 (жиырма) минут; орталықта – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі қайтыс болу туралы куәлік (анықтама), енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама). Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет ақылы/тегін жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. 1) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі. 2) қайтыс болу туралы актіге өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілуіне байланысты куәлікті бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес, белгіленген мөлшерде есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттар берілген орны бойынша есепке алынады. Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі. 2) Орталықта – Еңбек заңнамасына сәйкес және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық» кезек тәртібімен, ата-анасының біреуінің тұрғылықты жері бойынша немесе баланың туған жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші (бұдан әрі - өтініш); 2) медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі;

3) қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын куәлігі; 4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат; 5) қайтыс болу туралы акт жазбаның тіркелмегені туралы қайтыс болған адамның қайтыс болған жері мен тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органның анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін қайтыс болған адамдарды қоспағанда). Қайтыс болу туралы акт жазбасына, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш; 2) қайтыс болу туралы куәлік, куәліктің түпнұсқасы жоғалып қалған жағдайда – қайтыс болғанын тіркеу туралы анықтама; 3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар; 4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат; 5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған кезде нотариатта куәландырылған сенімхат. Құжаттарды қабылдау кезінде Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері немесе Орталықтың қызметкері құжаттардың көшірмелерін тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге түпнұсқасын қайтарады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер жөнінде мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші және Орталық қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды табыстау кезінде, өтініштің қабылданғанын растайтын: 1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінде қағаз түрінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі; 2) Орталықта: сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттарды беру күні, уақыты және орны, құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Орталықта дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Орталық нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, содан соң көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен соң өтініш жасаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Орталықтың сұрауы бойынша бір жұмыс күн ішінде дайын құжаттарды Орталыққа көрсетілетін қызметті алушыға табыс ету үшін жолдайды. 10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда Орталық қызметкері өтінішті қабылдап алудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) басшыларының атына немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне (бұдан әрі –ҚР Әділетмині) беріледі. Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетiледі. Шағымдар жұмыс кестесі бойынша пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың немесе ҚР Әділетминінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ҚР Әділетминінің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға ауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Орталықтың атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады. Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

13. Заңнамамен белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап кұту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мұмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету «1414» мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жүгінгенде көрсетілетін қызметті беруші немесе Орталық қызметкері құжаттарды қабылдау үшін тұрғылықты жеріне шыға отырып жүргізеді. 14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттік қызмет берушінің және www.con.gov.kz Орталықтың интернет-ресурстарында орналастырылған. 15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі «1414» Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

Нысан ______________________________________ ______________________________________ (тіркеуші органның атауы) ______________________________________ (өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі) мекенжайы: ______________________________________ ______________________________________ Тел №. _______________________________

 

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

 

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуіңізді сұраймын _____________________ _____________________________________________________________________ (қайтыс болған адамның аты, әкесінің аты (бар болғанда) тегі, _____________________________________________________________________ қайтыс болған адамның туылған күні, _____________________________________________________________________ қайтыс болған адамның соңғы орны, _____________________________________________________________________ қайтыс болған адамның отбасылық жағдайы, _____________________________________________________________________ қайтыс болған адамның қайтыс болу күні, _____________________________________________________________________ қайтыс болған адамның өлімінің себебі)

Өтінішке қосымша беріледі ___________________________________________

20___ жылғы «____»_____________ Қолы _____________________ «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұмат берген үшін әкімшілік жаза тағайындалаты туралы ескертілдім 20__ жылы «___» _____________ (қолы) Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20___жылғы «_____»_____________ _____________________ (қолы) --------------------------------------------------------------------- (қиып алу сызығы)

Қайтыс болуды тіркеу туралы куәлікті алу үшін: 20 ___ «____» __________келу керек.

Құжаттарды қабылдаған маманның Т.А.Ә (бар болса).: __________________

 

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша

Нысан ______________________________________ ______________________________________ (тіркеуші органның атауы) ______________________________________ (өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі) мекенжайы: ______________________________________ ______________________________________ Тел. № _______________________________

 

Өзгерістерді, қосымшаларды және түзетулерді енгізу туралы (керегінің астын сызу) Өтініш

 

__________________ туралы № ________ «___» ________ жылы акт жазбасына келесі өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді ____________ ______________________________________________ енгізуіңізді сұраймын. Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: 1 Аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі ____________________________ 2. Туылған күні _____________________________________________________ 3. Туылған жері______________________________________________________ 4. Ұлты______________________________________________________________ 5. Азаматтығы _______________________________________________________ 6. Отбасылық жағдайы ________________________________________________ 7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі және туылған жерлері ___________________________________________ 8. Жеке басын куәландыратын құжат ___________________________________ 9. Қайда және кім болып жұмыс істейді _______________________________ 10. Әскери міндетке қатысы: әскери борышты немесе әскери борышты емес (керегінің астын сызу) а) қайда тіркеуде тұр _______________________________________________ б) қызмет атқаратын әскери бөлімшенің атауы _________________________ _____________________________________________________________________ 11. Өмір сүрген жерлердің нақты атаулары және уақыты ________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 12. Тергеуде, сот қаралуында болу немесе өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіпте шешілмеген сотталуының болуы жағдайында, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы мемлекетітк органға тиісті сұрау салу жіберу үшін, ол туралы көрсету 13. Бұрын өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілді ме___________________________________________________________________

14. Өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді енгізу себебі_______________________________________________________________ _____________________________________________________________________

Өтінішке өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді енгізу қажеттілігін растайтын мынадай құжаттарды қосып баремін: 1) ______________________________ 4) ________________________________ 2) ______________________________ 5) ________________________________ 3) ______________________________ 6) ________________________________ «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұматтарды хабарлағаны үшін әкімшілік өндіріп алу салынатыны туралы ескертілдім 20__ жылғы «______» _______________________ Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін __________ «__» ____ __ 20 жыл (қолы) _____________________________________________________________________ (өтініш қабылдаушының лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

Журнал бойынша № ____ --------------------------------------------------------------------- (жыртып алу сызығы)

20____ жылғы «_____» ____________ қарауға қабылданған өтініш туу тіркеу туралы

Қарау нәтижелері 20____ жылғы «_____» _______________ хабарланатын болады Маман _________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша

Нысан __________________________________ (Т.А.Ә (бар болса). не көрсетілетін қызметті алушының атауы) ________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда: жоқ құжаттардың атаулары: 1) ________________________________________; 2) ________________________________________; 3) ________________________________________. ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа бір-біреуден. _____________________________________________________________________ (ХҚО қызметкерінің Т.А.Ә (бар болған жағдайда) қолы) Орындаушы: Т.А.Ә (бар болса)._____________ Телефоны __________ Алдым: Т.А.Ә (бар болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы______________________ 20__ жылғы «___» _________


Мақаланың шыққан күні: 23.01.2019 11:11

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2019 11:11

Қаралым саны: 617