Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде: 1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық); 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал): www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап: көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа – күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті

алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; 2) порталда – атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнін тағайындау туралы хабарламаны алу – 1 (бір) жұмыс күні. 3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты: көрсетілетін қызметті берушіге – 20 (жиырма) минут; Орталықта – 15 (он бес) минут; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты: көрсетілетін қызметті берушіге – 20 (жиырма) минут; орталықта – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен және түзетулермен атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қайталама куәлік. Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» қызметті көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында электронды өтініштің қабылданғаны туралы және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнінің тағайындалғаны туралы хабарлама жолданады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу үшін 2 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 АЕК мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-қимылдар жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады. Орталықта мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.

8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі. 2) Орталықта – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады. 3) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш); 2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін); 3) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі (егер акт жазба Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды); 4) некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (егер акт жазба Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды); 5) егер көрсетілетін қызметті алушының кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (егер акт жазба Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды); 6) бала асырап алуды немесе әке болуды анықтау туралы куәліктің көшірмесі, егер олар тіркеуші органда тіркелсе (егер акт жазба Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды); 7) егер көрсетілетін қызметті алушы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік(егер акт жазба Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды); 8) көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см. мөлшердегі екі фотосуреті;

9) ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат. 10) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтініп отырған себептерді растайтын қосымша құжаттарды талап етеді. Порталға жүгінген кезде (некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған кезде, некеге дейінгі тегін қайтару үшін көрсетілетін қызметті алушы арызданған кезде): 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш; 2) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық құжат (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген құжаттар ұсынылмайды). Порталда электрондық өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Ұсынылған құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, құжаттардың электронды көшірмелер түрінде табысталады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер жөнінде мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін); 3) азаматтық хал актісіне өзгеріс, толықтыру мен түзету енгізуге байланысты айырбасталуға жататын азаматтық хал актісін тіркеу мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама; 4) азаматтық хал актісіне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіздеменің болуын растайтын құжат; 5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат. Құжаттарды қабылдау кезінде Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері немесе Орталықтың қызметкері құжаттардың көшірмелерін тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқасын қайтарады. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды беру кезінде, өтініштің қабылданғанын растайтын: 1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінде қағаз түрінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі; 2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сұрату салудың қабылданғаны туралы мәртебесі және

атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнін тағайындау туралы. 3) Орталықта: сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттарды беру күні, уақыты және орны, құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат беріледі. Орталықта дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырылады. Орталық нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, содан соң оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен соң өтініш жасаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Орталықтың сұрауы бойынша бір жұмыс күн ішінде дайын құжаттарды Орталыққа көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды. 10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда Орталық қызметкері өтінішті қабылдап алудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) басшыларының атына немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне (бұдан әрі – ҚР Әділетмині) беріледі. Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетiледі. Шағымдар жұмыс кестесі бойынша пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың немесе ҚР Әділетминінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ҚР Әділетминінің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Орталықтың атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі

Бірыңғай байланыс-орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады. Шағым көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету Орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

13. Заңнамамен белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап кұту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мұмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету «1414» мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жүгінгенде көрсетілетін қызметті беруші немесе Орталық қызметкері құжаттарды қабылдау үшін тұрғылықты жеріне шыға отырып жүргізеді. 14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызмет берушінің және www.con.gov.kz Орталықтың интернет-ресурстарында орналастырылған. 15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. 16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі «1414» Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер,толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

Нысан

________________________________________ ________________________________________ (тіркеуші органның атауы) ________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі) мекенжайы: ________________________________________ ________________________________________ Тел. № _________________________________

 

Тегін, атын, әкесінің атын (бар болғанда) өзгертуді мемлекеттік тіркеу туралы (керегінің астын сызу) Өтініш

Менің _______________________________________________________________ (қандай өзгертулер енгізу керектігін көрсету) ___________________________________________________________байланысты (таңдалған аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі) (аты, әкесінің аты (бар болғанда), ____________________________________________ өзгертуіңізді сұраймын. тегі өзгеру себебі) Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: 1. Аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі ___________________________ 2. Туылған күні _____________________________________________________ 3. Туылған жері______________________________________________________ 4. Ұлты _____________________________________________________________ 5. Азаматтығы _______________________________________________________ 6. Отбасылық жағдайы ________________________________________________ 7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі және туылған жерлері____________________________________________ _____________________________________________________________________ 8. Жеке басын куәландыратын құжат ___________________________________ 9. Жұмысы туралы деректер ___________________________________________ 10. Әскери міндетке қатысы: әскери міндетті немесе әскери міндетті жоқ (керек астын сызып қою) а) қайда тіркеуде тұр _______________________________________________ б) қызмет атқаратын әскери бөлімшенің атауы _________________________ _____________________________________________________________________ 11. Тергеуде, сот қаралуында болу немесе өтелмеген немесе белгіленген тәртіпте шешілмеген сотталуының болуы жағдайында, аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі өзгерту туралы өтініш қабылданғаны жөнінде сәйкес сұранысты жолдау үшін, көрсету 12. Бұрын тегін, атын, әкесінің (бар болғанда) атын ауыстырған ба

_____________________________________________________________________ 13. Тегін, атын, әкесінің (болғанда) атын ауыстыру себебі ___________ _____________________________________________________________________ Өтінішке қосып беремін: 1) ______________________________4) _________________________________ 2) ______________________________5) _________________________________ 3) ______________________________6) _________________________________ «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұматтарды хабарлағаны үшін әкімшілік өндіріп алу салынатыны туралы ескертілдім 20__ жылғы «______» _______________________ (қолы) Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін __________ «__» ____ __ 20 жыл (қолы) _____________________________________________________________________ (өтініш қабылдаушының лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

Журнал бойынша № ____

--------------------------------------------------------------------- (жыртып алу сызығы) 20____жылғы «___» ________ қарауға тегін, атын, әкесінің атын (бар болғанда), өзгерту туралы өтініш қабылданды.

Қарау нәтижелері 20____жылғы «___» __________________ хабарланатын болады Маман ___________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша

Нысан

______________________________________ ______________________________________ (тіркеуші органның атауы) ______________________________________ (өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі) мекенжайы: ______________________________________ ______________________________________ Тел. № _______________________________

 

Өзгерістерді, қосымшаларды және түзетулерді енгізу туралы (керегінің астын сызу) Өтініш

 

__________________ туралы № ________ «___» ________ жылы акт жазбасына келесі өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді ____________ ______________________________________________ енгізуіңізді сұраймын. Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: 1 Аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі ____________________________ 2. Туылған күні _____________________________________________________ 3. Туылған жері______________________________________________________ 4. Ұлты______________________________________________________________ 5. Азаматтығы _______________________________________________________ 6. Отбасылық жағдайы ________________________________________________ 7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі және туылған жерлері ___________________________________________ 8. Жеке басын куәландыратын құжат ___________________________________ 9. Қайда және кім болып жұмыс істейді _______________________________ 10. Әскери міндетке қатысы: әскери борышты немесе әскери борышты емес (керегінің астын сызу) а) қайда тіркеуде тұр _______________________________________________ б) қызмет атқаратын әскери бөлімшенің атауы _________________________ _____________________________________________________________________ 11. Өмір сүрген жерлердің нақты атаулары және уақыты ________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 12. Тергеуде, сот қаралуында болу немесе өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіпте шешілмеген сотталуының болуы жағдайында, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы мемлекетітк органға тиісті сұрау салу жіберу үшін, ол туралы көрсету 13. Бұрын өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілді ме_________________

14. Өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді енгізу себебі_______________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Өтінішке өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді енгізу қажеттілігін растайтын мынадай құжаттарды қосып баремін: 1) ______________________________ 4) ________________________________ 2) ______________________________ 5) ________________________________ 3) ______________________________ 6) ________________________________ «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұматтарды хабарлағаны үшін әкімшілік өндіріп алу салынатыны туралы ескертілдім 20__ жылғы «______» _______________________ Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін __________ «__» ____ __ 20 жыл (қолы) _____________________________________________________________________ (өтініш қабылдаушының лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

Журнал бойынша № ____ --------------------------------------------------------------------- (жыртып алу сызығы) 20____ жылғы «_____» ____________ қарауға қабылданған өтініш туу тіркеу туралы

Қарау нәтижелері 20____ жылғы «_____» _______________ хабарланатын болады Маман _________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі

«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша

Нысан __________________________________ (Т.А.Ә (бар болса). не көрсетілетін қызметті алушының атауы) _________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда: жоқ құжаттардың атаулары: 1) ________________________________________; 2) ________________________________________; 3) ________________________________________. ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа бір-біреуден. _____________________________________________________________________

(ХҚО қызметкерінің Т.А.Ә(бар болған жағдайда) қолы)

Орындаушы: Т.А.Ә(бар болса)._____________ Телефоны __________

Алдым: Т.А.Ә(бар болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы____________________

20__ жылғы «___» _________


Мақаланың шыққан күні: 23.01.2019 11:31

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2019 11:31

Қаралым саны: 766