Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әділет департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық);
      2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
      1) Орталыққа – көрсетілетін қызметті берушіге түскен уақыттан бастап 2 (екі) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) порталда – құжаттарға апостиль қою күнін, уақытын белгілеу туралы хабарлама алу – 1 (бір) жұмыс күн;
      3) көрсетілетін қызметті алушының Орталыққа құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға орталықта қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:
      Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес «апостиль» мөртабаны бар дайын құжаттарды қағаз жеткізгіште беру не мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап.
      Порталда көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетіне» қызметті көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижелері, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің берілу күні және жері көрсетіліп, хабарлама жолданады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
      «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсанындағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қою үшін әр құжатқа 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
      Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес, мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берілген орны бойынша есепке алынады.
      Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) Орталықта – Еңбек заңнамасына сәйкес және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық» кезек тәртібімен, ата-анасының біреуінің тұрғылықты жері бойынша немесе баланың туған жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
      2) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілі Орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы апостиль қою туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
      2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) апостиль қойылуға тиіс құжат;
      4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта куәландырылған сенімхат;
      6) басқа мемлекеттік органдар берген құжаттардың қолтаңба мен мөр таңбасының үлгісі.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер жөнінде мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші және Орталық қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Портал арқылы жүгінген кезде:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш;
      2) сканерленген көшірмесі түріндегі апостиль қойылуға жататын құжат электрондық сұрау салуға қоса беріледі.
      Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелер түрінде табысталады.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды табыстау кезінде, өтініштің қабылданғанын растайтын:
      1) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сұратылымның қабылданғаны туралы мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу тәртібі көрсетіледі;
      2) Орталықта сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттарды беру күні, уақыты және орны, құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Орталықта дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Орталық нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, содан соң көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен соң өтініш жасаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Орталықтың сұрауы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Орталыққа көрсетілетін қызметті алушыға табыс ету үшін жолдайды.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда Орталық қызметкері өтінішті қабылдап алудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) басшыларының атына немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне (бұдан әрі –ҚР Әділетмині) беріледі.
      Шағымдар жұмыс кестесі бойынша пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың немесе ҚР Әділетминінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында
      жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетiледі;
      заңды тұлғаның - оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетiледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ҚР Әділетминінің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Орталықтың атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде, ҚР Әділетмині қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін
қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Заңнамамен белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап кұту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мұмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету «1414» мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жүгінгенде көрсетілетін қызметті беруші немесе Орталық қызметкері құжаттарды қабылдау үшін тұрғылықты жеріне шыға отырып жүргізеді.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      көрсетілетін қызметті берушінің – www.adilet.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
      Орталықтың – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі «1414» Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

«Қазақстан Республикасының әділет
органдарынан және өзге мемлекеттік
органдарынан, сондай-ақ нотариустардан
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына          
1-қосымша           

Нысан

APOSTILLE
(Convention de la Науе du 5 octobre 1961)
1. Ел: Қазақстан Республикасы
Pays, Country
Осы ресми Құжатқа
Le present acte public, This public document
2. ________________________________________________ қол қойды
a ete signe par, has been signed by
3. ________________________________________________ ретiнде
agissant en qualite de, acting in the capacity of
4. ________________________________ мөрiмен/ мөртаңбасымен бекiтiлдi
est revetu du sceau/timbre de, bears the seal/stamp of
Куәландырылды, Atteste, Certified
5. ___________________________ 6. _________________________ күнi
a, at le, the
7. кiммен ________________________________________________________
8. sous № ___________________
9. Мөр/мөртаңба 10. Қолы ____________________
Sceau/timbre, Seal/stamp Signature

«Қазақстан Республикасының әділет
органдарынан және өзге мемлекеттік
органдарынан, сондай-ақ нотариустардан
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік көрсетілетінқызмет
стандартына          
2-қосымша          

Нысан

_____________________________ басшысы
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
Т.А.Ә (бар болған жағдайда)
мекенжайы бойынша тұратын
______________________________________
(тұрғылықты мекенжайын көрсету)
жеке басты куәландыратын құжат ________
______________________________________
(құжаттың атауы және №, кім және қашан берген)

Апостиль қою туралы
өтініш

_____________________________________________________________________
                          құжаттың атауы мен мазмұны)
_____________________________________________________________________
________________________________________ апостиль қоюды өтінемін
                 (қашан, кім берген)
____________________________________________________________берілген.
(нотариустың\құжатқа қол қолған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә (бар болған жағдайда)
Апостиль қойылған құжат______________________________________________
                           (құжат жіберілетін елдің атауы)
органдарына тапсыру үшін қажет _____________
20 ____ ж. «_____» _____________ (өтініш берушінің қолы)
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
«__» ____ __ 20 жылғы __________
                       (қолы)
_____________________________________________________________________
(апостиль мөртабаның қойған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
____________ журнал бойынша №

«Қазақстан Республикасының әділет
органдарынан және өзге 
мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ
нотариустардан шығатын   
ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына         
3-қосымша          

Нысан
________________________________
(Т.А.Ә (бар болса). не көрсетілетін
қызметті алушының атауы)
_________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атаулары:
      1) ________________________________________;
      2) ________________________________________;
      3) ________________________________________.
      ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа бір-біреуден.
_____________________________________________________________________
      (ХҚО қызметкерінің Т.А.Ә (бар болған жағдайда) қолы)
      Орындаушы: Т.А.Ә (бар болған жағдайда) _____________
      Телефоны __________
      Алдым: Т.А.Ә (бар болған жағдайда) / көрсетілетін қызметті алушының қолы______________________
      20__ жылғы «___» ____________

Базаның жай-күйі

  • Барлық құжат: 174140
  • Қазақ тілінде: 88140
  • Орыс тілінде: 85696
  • Ағылшын тілінде: 304
  • Жаңартылған күні: 14.10.2015
  • 08.10.2015 күннің жағдайына құжаттар

Қолдау қызметі

Құқықтық ақпараттық қызметі

  • Телефоны: 119 (Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан қоңырау шалу тегін)

Соңғы құжаттар

барлық соңғы құжаттар

Кеңінен таралған құжаттар

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК


Мақаланың шыққан күні: 23.01.2019 10:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2019 10:47

Қаралым саны: 625