Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

Жалпы орта білім беру

2019 жылғы 1 қазанға есептілік кезеңге

Облыста 196 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 176 орта, 8 негізгі, 12 бастауыш мектеп білім беру қызметін жүзеге асырады. Оның 69-ы - қала мектебі, 127-і - ауыл мектебі. 138-і - қазақ тілінде, 53-і - қазақ және орыс тілдерінде, 5-і орыс тілінде білім береді.

Оқушылар контингенті – 129888, өткен жылмен салыстырғанда 6825 балаға өсті. 99 491 (76,5%) оқушы - қазақ тілінде, 30397 (23,4%) оқушы орыс тілінде білім алады.

Бірінші сыныпқа 16318 бала қабылданды, өткен жылмен (16457) салыстырғанда 139 балаға аз. Облыста 5 жеке меншік мектепте 1078 оқушы білім алады.

Орта білім беруде жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жалғасуда. Өткен жылдары 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8-ші сыныптардың 89699 оқушысы (72,9%) жаңа оқу бағдарламасы мен оқулықтар негізінде білім алды. 2019 жылғы қыркүйектен бастап осы бағдарлама бойынша 4, 9, 10-шы сыныптар оқуда.

Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің республиканың пилоттық жобасы аясында облысымызда Исатай ауданы Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебі және Атырау қаласы №17 мектеп лицейінің 4 сыныбында аппробация табысты өтті, жоба нәтижелі қорытындыланды.

Атырау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы №1938 және №1939 қаулыларымен Атырау қаласында №39 және №40 жалпы орта білім беретін мектептер ашылды.

Білім саласын цифрландыру

Атырау облысында 196 мектептің 192-сі (98%) кең жолақты интернет желісіне қосылған. Облыстың қалған 4 мектебінің 2-уі - түзету мекемелері жанындағы мектептер, 2 мектепке Қызылқоға ауданының Кенбай және Тасқұдық бастауыш мектептеріне секундына 4 Мб және одан жоғары жылдамдыққа арттыру жұмыстары жүргізілуде.

«Күнделік» электронды журналдар ақпараттық жүйесіне 183 мектеп қосылған (94,8%), оның 62-сі - қалалық, 121-і ауылдық мектептер. Қазіргі уақытта жүйеде 13 918 педагог, 123 966 оқушы, 78 993 ата-ана тіркелген.

Облыстың 192 мектебі (98,9%) «Білім лэнд» инновациялық білім беру онлайн ресурсына қосылған (83,5% онлайн,16,5 % оффлайн). «Білім лэнд» инновациялық білім беру онлайн ресурсы арқылы 9669 рет мұғалімдер интерактивті сабақтарды қолданған.

Жалпы білім беретін мектептерде робототехника кабинеттерімен жабдықтау жұмысы 2016 жылы басталған болатын (Индер ауданы – 14, Құрманғазы ауданы –29, Қызылқоға ауданы - 4). Бүгінгі күні жалпы облыс бойынша 1220 оқушыны қамтыған 57 робототехника кабинеті жұмыс жасауда.

2018-2019 оқу жылында STEM академиясының ұйымдастыруымен информатика пәні мұғалімдері арасында өткен бағдарламалау олипиадасына облыс бойынша 90 мұғалім қатысып, олимпиада қорытындысы бойынша іріктеуден өткен 20 мұғалімнің тізімі STEM академиясының орталығына жолданып, бүгінгі күні осы мұғалімдер еңбек ететін мектептерге 20 STEM зертхана кабинеті беріліп, жасақталды. Бүгінгі күні 22 кабинет жұмыс жасайды. Сонымен қатар, Атырау қаласында 403 оқушыны қамтыған IT лицейі құрылды.

Облыс бойынша 25 колледждің 23-і кең жолақты интернет желісіне қосылған. «Platonus College» автоматтандырылған электронды жүйеге 13 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы қосылды.

Бүгінгі күні облыстағы 194 балабақшаның 178-і (91,7%) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру жүйесін автоматтандыру» жүйесіне қосылды.

Облыста «1 сыныпқа қабылдау процесін автоматтандыру» жүйесіне 196 мектептің 184-і (94,0%) қосылды.

Облыс мектептеріне үштілділікті енгізу

2017 жылғы қыркүйектен бастап 12 мектептің (Атырау қаласынан - 9, аудандардан - 3) 15 сыныбында жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде вариатив есебінен факультатив сабақтарда оқыту жүргізіліп келеді. Бұл пилоттық жобаға енгізу оқушылар мен олардың ата-аналарының келісімімен жүзеге асты.

Облыс бойынша 2019-2020 оқу жылында В1, В2, С1 деңгейін меңгерген 423 мұғалім ағылшын тілінде жаратылыстану-ғылыми бағыттары пәндері бойынша оқытуды бастады. Бұл жұмыс 150 мектепте 467 сыныпта (физика - 92, химия - 95, биология - 122, информатика - 114) жүзеге асуда

Бүгінгі күні «Ұстаз» Кәсіби оқыту орталығы арқылы Атырау қаласы және аудандар бойынша 177 мұғалімге сүйемелдеу көмегі ұйымдастырылған. Мұғалімдердің сабақтарына қатысу, әдістемелік көмек көрсету, бақылау, бағалау, меңгеру деңгейлерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ustaz.uplc.kz сайты ашылып, аталған сайтқа мұғалімдер тіркелген. Сайтта мұғалімдерге қажетті презентациялар, сабақ жоспарлары, өзге де материалдар жарияланған.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары

2018-2019 оқу жылында облыстағы жалпы білім беретін мектептерді бітіруші 5225 оқушының 73,2% немесе 3834-і ҰБТ-ге қатысты.

Дарынды оқушылармен жұмыс

2019 жылдың қаңтар айында ХV республикалық 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» конкурсына облыстан қатысқан 19 оқушының 18-і жүлделі орындарды иеленіп, 1-і - Грамотамен марапатталды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі 2019 жылы наурыз айында жаратылыстану-математика бағыты бойынша өткен Республикалық олимпиадаға облыстан 62 оқушы қатысып, 17-сі жүлделі орындарды иеленді.

Бұдан басқа оқу жылында өткізілген 10 түрлі байқауларға 82 оқушы қатысып, 36-сы жүлделі орындарды иеленді.

Халықаралық олимпиадаларға облыс бойынша қатысқан 31 оқушының 11-і жүлделі орындарға ие болды.

Облыстық дарынды балаларға арналған мектептердің 300 түлегінің 262-сі еліміздегі әр түрлі жоғары оқу орындарының грантына, 9-ы - ТМД елдерінің грантына және 24-і - шетелдік оқу орнының грантына ие болса, 5 түлек колледжге оқуға түсті.

Атырау облысы жалпы орта білім беретін мектептердің анықтамалық мәліметтері (XLS 59 Kb)

 

 


 

Облыста 194 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 174 орта,  8 негізгі, 12 бастауыш мектеп білім беру қызметін жүзеге асырады. Оның 65-і қала мектебі, 129-ы ауыл мектебі. 136-ы қазақ тілінде, 53-і аралас  тілдерде, 5-і  орыс тілінде білім береді.

Оқушылар контингенті – 123063, 116644 (94,8%) оқушы - қазақ тілінде, 6419 (5,2%) оқушы орыс тілінде білім алады. Бірінші сыныпқа 16457 бала қабылданды. Облыста 4 жеке меншік мектепте 729 оқушы білім алады.

2018 жылы 2 мектеп құрылысы аяқталды (Қызылқоға ауданы Сағыз селосында 424 орындық орта мектеп, Құрманғазы ауданы Приморье селосында 300 орындық орта мектеп).

 2018 жылғы облыс бойынша апаттық жағдайдағы 5 мектептің мәселесін шешу мақсатында:

-  Құрманғазы ауданы Жалғызапан ауылында 80 орындық Лабай мектебінің құрылысы аяқталу үстінде,

- Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы 300 орындық №5 орта мектептің құрылысы жүргізілуде,

- Атырау қаласы Жұмыскер ауылындағы 300 орындық Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын,

- Атырау қаласындағы 160 орындық М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда,

- Индер ауданындағы 320 орындық Қ.Есқалиев атындағы орта мектебі құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

Жаңартылған білім беру мазмұны жобасын апробациядан өткізу сынағы бойынша - облыстың 2 мектебі: Атырау қаласының №17 мектеп-лицейі, Исатай ауданының Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебі. 

Білім сапасын көтеру

 Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба сайысының облыстық кезеңіне 186 оқушы қатысып, олардың 31-і республикалық ғылыми жобалардың республикалық кезеңіне қатысып, 13-і жүлделі орындарды иеленді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 3 кезеңіне - 694, республикалық кезеңіне 81 оқушы қатысты, жүлделі орындарға 29 оқушы ие болды.

Халықаралық ғылыми жобалар конкурстарына, олимпиадаларға 32 оқушы қатысып, 17-сі жүлделі орындарды иеленіп, ел намысын халықаралық деңгейде қорғады.

Оқушыларымыз «Зерде» республикалық байқауында 11 оқушының 9-ы жүлделі орындарды иеленді.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Бөбек» ҰҒПББСО-нда өткізілген Республикалық олимпиадада облыстық команда 3-ші орын иеленді.

Жалпы білім беретін 192 мектепте 292 педагог-психолог және 132 әлеуметтік педагог қызмет атқарады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары

2017-2018 оқу жылы облыстағы жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің ҰБТ-ге қатысы 74% (3847 оқушы) болып, тестілеуге қатысу көрсеткіші соңғы екі жылда 4%-ға  артты (2016 ж.-70%, 2017 ж.-72%).

Атырау облысы ҰБТ нәтижесі бойынша орташа ұпай 74 балды құрап, өткен оқу жылымен салыстырғанда +2 ұпайға артқан. 

Облыс мектептерінде үштілділікті оқыту барысы туралы

Атырау облысы бойынша 135 мектептің 434 сыныбында «Физика», «Химия», «Биология» және  «Информатика»  пәндерін  ағылшын тілінде оқыту элементтерін енгізілді.

2016-2018 жылдар аралығында «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндері бойынша 496 мұғалім біліктілікті арттыру тілдік курстардан өтті. Олардың 120-сы (24,2) ағылшын тілін - А2 деңгейінде, 376 мұғалім В1, В2, С1 деңгейлерінде меңгерді.

БІЛІМ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ

Облыста білім беруді цифрландыруды жүзеге асыру үшін Жол картасы жасақталып, жұмыстар атқарылуда.

Облыс бойынша 194 мектептің 192-сі – интернет желісіне, 188-і (96,9%) кең жолақты интернет желісіне қосылған.

Бүгінгі күні облыстағы 194 балабақшаның 178-і (91,7%) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру жүйесін автоматтандыру» жүйесіне қосылды.

Облыста «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру және 1 сыныпқа қабылдау процесін автоматтандыру» жүйесіне 194  мектептің 184-і (94,8%) қосылды.

«Күнделік» электронды журналдар ақпараттық жүйесіне 182 мектеп қосылған (92,0%), оның  62-сі - қалалық, 120-сы - ауылдық мектептер. Қазіргі уақытта жүйеде 12 856 педагог, 110 989 оқушы, 75 088 ата-ана тіркелген.

Облыстың 191 мектебі (99,5%) «Bilimland.kz» инновациялық білім беру онлайн ресурсына қосылған (83,5% онлайн, 16,5% офлайн қосылған).

2018 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университетінде IT орталық және Атырау қаласы мен аудандар орталықтарында 700 оқушыны қамтыған 10 IT сыныптары ашылып, жұмыс жасауда.


28.02.2017

Облыста 192 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 169 орта, 10 негізгі, 13 бастауыш мектеп білім беру қызметін жүзеге асырады. Оның 57-сі қала мектебі, 135-і – ауыл мектебі; 132-і – қазақ тілінде, 55-сі - қазақ және орыс тілдерінде, 5-уі орыс тілінде білім береді.

Оқушылар контингенті – 109392, оның ішінде 85067 (77,8%) оқушы - қазақ тілінде, 24325 (22,2%) оқушы орыс тілінде білім алады.

Бірінші сыныпқа 14319 бала қабылданды.

Облыста 2 жекеменшік мектепте 329 оқушы білім алады.

Жаңартылған білім беру мазмұны жобасын апробациядан өткізу сынағына Атырау облысы бойынша 2 мектеп: Атырау қаласының №17 мектеп-лицейі, Исатай ауданының Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебі бекітілген.

Ұлттық бірыңғай тестілеу

2015-2016 оқу жылы облыстағы жалпы білім беретін мектептерді бітірушілерді ҰБТ-ға қатысы 67,1% (3109 оқушы).

«Алтын белгі» иегері – 39, «Үздік аттестат» иегері – 6.

Облыстың ҰБТ нәтижесіндегі орташа ұпайы 70 балды құрады.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға облысымыздың 61 оқушы қатысып, 11 жүлделі орындарды иеленді. Бұдан басқа оқу жылында өткізілген 7 түрлі байқаулардан 66 оқушы жүлделі орындарды иеленді.

Оқушыларымыз «Зерде» республикалық байқауында 14 оқушының 9-ы жүлделі орындарды иеленді.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша олимипаданың облыстық кезеңінің жеңімпаз 4 оқушысы «Бөбек» ҰҒПББСО-нда өткізілген Республикалық олимпиадада 2-ші орын иеленді.

Облыстың білім беру ұйымдарында 299 педагог-психолог қызмет атқарады.

Жаңа модификациялық кабинетпен қамтылу пайызы - 88,2%, облыс мектептерінде - 169 физика кабинеті, 163 химия кабинеті, 162 биология кабинеті бар.

Бір компьютерге 7 оқушыдан келеді.

Облыста 189 мектеп (98,4%) – интернетке, оның 167-сі - кең жолақты интернетке, 54 оқу орны «Е-learning» электронды оқыту жүйесіне, 131 мектеп «Күнделік.KZ» электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесіне қосылған.

Атырау облысы жалпы орта білім беретін мектептердің анықтамалық мәліметтері, (телефон анықтамалығы) – (Exсel нұсқасында) – 7 бет (XLS 57 Kb)

 


 

Облыста 192 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 166 орта (оның 5-уі – дарынды балаларға арналған облыстық мектеп), 15 негізгі, 11 бастауыш мектеп білім беру қызметін жүзеге асырады. Оның 57-сі қала мектебі, 135-і – ауыл мектебі; 135-і – қазақ тілінде, 52-сі - қазақ және орыс тілдерінде, 5-уі орыс тілінде білім береді.
Оқушылар контингенті – 103917, оның ішінде 81340 (78,3%) оқушы - қазақ тілінде, 22577 (21,7%) оқушы орыс тілінде білім алады.

Облыста 1 жекеменшік мектепте 180 оқушы білім алады.

Бірінші сыныпқа 13378 бала қабылданды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу

2014-2015 оқу жылында 4828 оқушы мектеп бітірді. Оқу жылының ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысында білім сапасының орташа балы 61,1 болды, бұл алдыңғы оқу жылындағы көрсеткіштен 1,1-ге төмен. Облыста 25 түлек - «Алтын белгі», 8 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды. «Алтын белгіге» үміткер 5 бітіруші бір пәннен бір балл жетпей, «Алтын белгіге» тиісті балл жинай алмады. Нұсқау бойынша олар «Үздік аттестат» алды.

Дарынды оқушылармен жұмыс

Халықаралық, республикалық ғылыми жобалар жарысы мен олимпиадаларға облысымыздың 143 оқушысы қатысып, 81 оқушы жеңімпаз атанды.

Оқушыларымыз Көкшетау қаласында өткен «Зерде» республикалық байқауында - командалық I орын, Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар конкурсында - II орын, республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 1 орынға ие болды.

Атырау қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында VІ Республикалық Махамбет оқуларына еліміздің 14 облысы, Астана, Алматы қалаларының, үш республикалық мектептерінен қатысқан оқушылар қатарынан Бас жүлдені Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жаңашаруа орта мектебінің оқушысы Жоламан Әділхан жеңіп алды. Тағы екі оқушымыз - екінші орын жеңімпазы атанып, бір оқушымыз - арнайы сыйлыққа ие болды.

Бразилия елінің Ново-Амбургу қаласында өткен Халықаралық «MOSTRATEC» ғылыми жобалар сайысында облыс намысын қорғаған Атырау облыстық қазақ-түрік лицейінің 11 сыныптың 2 оқушысы жеңімпаз атанып, үлкен жеңіспен оралды: Мұратов Нұрсұлтан - күміс медаль иегері, Тажимбетов Эльнур қола медальға ие болды. Екеуі де математика секциясы бойынша ғылыми жобаларын әзірлеп, ағылшын тілінде қорғады. Бұл білім додасына 22 елден 875 оқушы, оның ішінде Қазақстаннан 50-ден астам оқушы қатысты.

Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының вокал сыныбының оқушылары қыркүйекте Түркияда өткен - «Грация Турции» Халықаралық байқауына, қазан айында «Алтын күн» байқауына ұлт аспаптар кафедрасы және хореография бөлімінің оқушылары қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Сонымен бірге ұлт аспаптарының кафедрасының оқушылары Астана қаласында БҰҰ-мен ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына орай өткен байқауға көркемдік графика бөлімінің оқушылары қатысып, жүлделі орындармен оралды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның тәжірибесін тарату Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін таратушы база ретінде Атырау қаласының Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейі және №31 мектеп-гимназия белгіленіп, оларға 20 магниттік мектеп бекітілді.

Сонымен бірге, 12 жылдық білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізетін 2 мектеп (Атырау қаласының №17 мектеп-лицейі мен Исатай ауданының Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебі), 9 сыныпқа арналған "Зайырлық және дінтану негіздері" курсының оқулықтарын сынақтан өткізетін 2 мектеп (№25, №33 мектептер) бар.

Облыстың 192 жалпы орта білім беретін мектебінің 107-де инклюзивті білім беру ұйымдастырылған.

Жаңа модификациялық кабинетпен қамтылу пайызы - 83,8%, облыс мектептерінде - 164 физика кабинеті, 161 химия кабинеті, 162 биология кабинеті бар. Бір компьютерге 7 оқушыдан келеді.

Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесіне «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын тереңірек кіріктіру (интеграциялау) жұмыстары қолға алына бастады.

«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығымен өткізілген «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиадада облыстың оқушылары командалық 2-ші орын жеңімпазы атанды.

Облыстың білім беру ұйымдарында 299 педагог-психолог қызмет атқарады. Олардың 28-і - жоғары білімді; 66-сы - жоғарғы және бірінші санатты, барлығы да курстан өткен.

Білім беру ұйымдарында діни ахуалды жақсартуға бағытталған алдын алу жұмысын іске асыру мақсатында Басқармада 27-07-10 нөмірлі «Сенім телефоны» жұмыс жасайды.

Атырау облысының жалпы білім беретін мектептері туралы анықтамалық мәліметтер (zip 78.4 Кб)


Мақаланың шыққан күні: 22.06.2016 15:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.03.2020 12:18

Қаралым саны: 1725