Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесібойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау анықтамасы

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндесыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Мекеменің заңгері Г.Бағытова 2019 жылғасыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Орталық өз құзыретіндегі функцияларын жеке-дара қолданатын «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңына және орталықтың ішкі ережесіне сәйкес атқарады.Қызметкерлержұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ.

Аталған нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.

2019 жылы орталықта қызметкерлердің (кадрлардың) негізсіз жұмыстан шығып кетуі, ауысуы, лауазымнан төмендетілуі сияқты фактілер болған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу жүргізу жұмыстары бойыншада, сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жататын фактілер анықталмады.

2019 жылдың 2 жартыжылдығында орталықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы «Адалдық сабағы» жиналысы өткізілді.Жиналысқа қатысушылар сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту мақсатында орталықтың көрнекі жерінде арыз-шағымдар қабылдау жәшігі және суреттер орналастырылған.

 

«№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

орталығы» КММ-нің заңгері: Г.Бағытова


Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 09:58

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2020 13:50

Қаралым саны: 106