Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.12.2017

Қызметтер

Атырау облысы Ветеринария басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы 18.11.2016

Атырау облысы Ветеринария басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

Атырау облысы Ветеринария басқармасы Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №41 «Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру, құру және қайта атау туралы» қаулысымен құрылып, Атырау облыстық Әділет басқармасында Заңды тұлға ретінде 2014 жылдың 22 тамызында тіркелген мемлекетті мекеме.

Басқарма өз құзіретіндегі функцияларын жеке-дара қолданатын Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі №214 «Атырау облысы Ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес атқарады.

Аталған нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ;

Басқармада персоналды басқару қызметі бойынша атап айтқанда 2016 жылдың I жартыжылдығы ішінде мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен бірігуі, (кадрлардың) қызметкерлердің негізсіз жұмыстан шығуы, ауысуы, лауазымынан төмендетілуі, ерлі-зайыпты, жақын туысқандық қарым-қатынасы бар қызметкерлердің бірге жұмыс жасауы сияқты фактілер болған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу жүргізу жұмыстары бойынша да, сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жататын фактілер анықталмады.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша - басқарма тарапынан 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

- «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»

- «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру». (рұқсат беру функциялары)

Аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету процестері Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы №354 қаулысымен бекітілген «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда №3465 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету функциясына ішкі талдау жүргізу барысында - қызметті алушыдан стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету, қызметті берушімен қызметті алушының өзара тікелей байланыста болуы, ақпараттық жүйелер пайдалану, қызметтің көрсетілу мерзімдерін бұзу, мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту сияқты т.б. фактілер анықталған жоқ.

Басқармада мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бақылау-қадағалау функциялары көрсетілмейді, ал ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ;

Қорытынды: Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмыс тобы жоғарыда көрсетілген мәліметтер нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жүргізіп, басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ екенін анықтады.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша өзгеше ұсынымдар қабылдамады.


Мақаланың шыққан күні:: 18.11.2016 18:44
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 18.11.2016 18:44