Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.07.2017

Қызметтер

Атырау облысы Ветеринария басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

Атырау облысы Ветеринария басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – 2016 жылғы 17 маусымдағы жағдай бойынша кадр ауысушылығы болған жоқ;

2) мүдделер қақтығысы - 2016 жылғы 17 маусымдағы жағдай бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3) басқарма бойынша 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

- «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»

- «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру».

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру-«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2 заңды тұлғалардан өтініш түсті, мемлекеттік қызмет уақытында көрсетілді;

«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 36 заңды тұлғалардан өтініш түсті, мемлекеттік қызмет уақытында көрсетілді;

5) бақылау функцияларын іске асыру - басқармада бақылау функциялары іске асырылмайды;

6) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ.

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

- Басқарма облыс әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі №214 «Атырау облысы Ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысымен және облыс әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №127 «Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі №214 «Атырау облысы Ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы қаулысымен функциялар атқарады.

- Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы №354 қаулысымен бекітілген «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысы Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда №3465 болып тіркелген;

2) Басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері - басқармаға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы мемлекеттік мекемесінің 2016 жылғы 24 мамырдағы №31 Аудиторлық іс-шараны (тексеру) жүргізу тапсырмасына сәйкес бақылау жүргізілді. Бақылау түрі: Сәйкестік, бюджет қаржысының жұмсалуының сәйкестігіне, оның ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша заңнамалардың сақталуына аудиторлық іс-шара (тексеру) жүргізу. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністері анықталмаған.

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - басқарма бойынша облыс әкімдігінің «Облыстық басқармалардың халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды қабылдау өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, басқарма басшылығының азаматтарды қабылдау өткізу уақыты 2016 жылғы 20 сәуірдегі №31 «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттеріне жарияланды. Басқарма басшысының қабылдауында болған азаматтар жоқ.

4) Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша-басқармаға 2016 жылдың I-жартыжылдығы бойынша 2 өтініш келіп түсті барлығына уақытында жауап берілді. Мерзімін бұзу фактілері орын алмады.

Сонымен қатар, басқарма ғимаратында жеке және заңды тұрғалардан келіп түскен өтініштерді қабылдау жәшігі орналасқан. Ай сайын аталған жәшік ашылып, бұл жөнінде тиісті акт жасалады.

5) прокурорлық қадағалау актiлерi жоқ;

6) сот актілері -басқарма бойынша сот актілері түскен жоқ.


Мақаланың шыққан күні:: 01.09.2016 11:12
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 01.09.2016 11:12